Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ұлы Отан соғысына 63-жыл.

Ұлы Отан соғысына 63-жыл.

Тулебаева А.«Отырар» колледжі
Ғылыми жетекші: Кенжебекова Ш. аға оқытушы.

Араға бірер күн салып адамзат өз тарихындағы қаһарлы соғыстағы Жеңістің 63 жылдық мерекесін тойламақ . Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі.
Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмытылмақ емес.
Демек енді сол күндердің қалай болғанын сонымен қатар, тарихқа көз жүгіртейік.
Ешкім де ұмытылмайды,
Ешнәрсе де ұмытылмайды.

1941жылы 22-маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Үкіметтің елге арналған үндеуі: «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз!» - деген сөздермен аяқталды. 1941жылы жаумен соғысу үшін Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және отты әскер дивизиясымен бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі, алуан әскер түрлерінің ондаған батальонндары құрылды. 1941-42 жылдары өзге республикалардан Қазақстанға 142 кәсіпорын көшірілді. Алматының бір өзінен 34 завод, фабрика мен цехтар жабдықтары орналастырылды. Шымкентке Воронеж машина жасау заводының жабдықтары әкелінді. 1942 жылы тамыз айында жаудың Сталинградқа жақындауына байланысты Гурьев және Батыс Қазақстан облысының батыс аудандарында соғыс жағдайы енгізілді. Екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі бет-бұрыс жасаған Сталинград шайқасы басталды. Осы шайқаста Шымкент облысы, Шаян ауданында туып өскен жауынгер Қ. Сыпатаев ерлікпен қаза тапты. 1943 жылдың 17 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы қазақ халқының ержүрек ұлыны Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
Осынау күн - бейбітшілік сүйгіш адамдар үшін асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан алмай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі - Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге деп айтқан болатын».
Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз - ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу. Бүгінгі таңда қалада 1425 соғыс ардагері мен мүгедектері, 1287 еңбек майданының ардагерлері, 294 қайтыс болған әскери қызметшілердің жесірлері, 15 Ленинград қоршауының тұрғындары тұрады. 9 сәуірде 9 мамырға дейін «Батырлар есімі- халық есінде» ұранымен қалалық айлық жарияланды. Барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, коммерсиялық құрылымдар жастарымыз жүрек жылуының мұқтаж материалдық және моральдық қолдауды қажет ететін жандарға күнделікті қамқорлық қамтуды танытуды өзінің ең басты парызы, ар мен намыстың ісі деп бағалауы керек. Кеше Астанада Ұлы Жеңістің 63- жыл мерей тойына арнаулы мерекелік шаралар басталып кетті. Жеңіс шеруне барлық облыстардан келген, кеуделері орден-медальға толы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің елорданың өзгеше салтанатқа бөлеп жіберді. Қаладағы ең жайлы қонақ үйлерді еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін толарсақтан қан кешкен майдангерлер мен жастайынан қабырғасы қайысып, жіліншігі майысып үлкендермен бірге еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің арнайы жеке бөлмелер жабдықталған. Әр облыстан келген ардагерлер делегациясының күтуге бекітілген министрліктер мен ведомстволардың әлеңкедей жаланған жігіттері білек сыбана қызмет етіп, барлық жағдайды жасап жатыр. Астананың көрікті жерлерін еліміздің жарқын символы «Бәйтеректі» көрсетуден бастап, «Отан-ана» кешені, «Астана-думан», океанариум, парк, мұражай, театрлар, Есілдің сол жағалауындағы алып, әсем құрылыстарды түгел аралатумен жалғастырып, кешегі қан төгіп кеткен жеңістің жемісі- бүгінгі қызықтарды армансыз тамашалатты. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін өз көздерімен көрген қариялардың жүректері жылып қуаныш пен мақтаныштан масайрааған жүздерінде бір сәт жастық нұрын ойнады.
Сондай-ақ елбасы мемлекет алдындағы еңбектері белсенді қоғамдық қызметтері үшін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60- жылдық мерейтойына байланысты бірқатар соғыс және еңбек ардагерлерінің, сол сияқты қазігі кезде Қарулы Күштер қатарында борыштарын атқарып жүрген бір топ әскери қызметшілерді Отанымыздың жоғары наградаларымен марапатталады.
Яғни, бұл марапаттау жыл сайынғы дәстүрге айналып, азамат ардагерлерімізге үлкен қамқорлық күтім керектігін ұмытпағандығымыз жөн болар.
Әрине, бұл жеңістің орнауына жасалған игі істерді моншақтай бір арнаға түсіріп жекелеп президент айтып өтті. Әлеуметтік жағдайларына тоқталар болсақ, зейнетақыларын еңбек табысымен салыстыра отырып көтеріп берді. Еліміз тек мереке кездерінде ғана емес, сонымен бірге былайғы уақыттарда да өздеріңізге көңіл бөліп қамқорлық жасап отырады.

Көптеген игі - шаралар барысында Қ. Бекхожиннің шығармасынан мына үзінді:

«Жеңістің үндері бар жырларымда»

Көз тіксем сонау селді өткеліме
Сұстанам от сұрапыл шеккенге,
Ерлермен майдан зілін сілкідім бір,
Масайрап сол күн Жеңіс көктемінде

Жеңістің өр даусы бар жырларымда,
Сол үн бар шаттық шақтың гүлінде
Жеңістің өрен дауысы жанғырықты,
Еңбектің дүбірінде, ырғағында,-

демекші, жеңіс көктемі нұр әкелсін.

Сол соғысқа көптеген мемлекеттер қатысты. Бірақ та бәрібір соғыстың негізгі ауыртпалығын кеңес халқы мен оның Қарулы Күштері көтерді.
Қазақстан біртұтас халықтар отбасында Ұлы Отан соғысына қатысты. Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде - көпұлтты Қазақстаннның жалпы тарихының бір бөлігі.
Қазхақстандықтар елімізді кеудесімен жауып, дүниені фашизмнен сақтап қалған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпайды. Сіздердің қаһармандықтарыңызға лайық болуға ұмтылып оған бас иеді.
Сол бір сұрапыл жылдарда жүзден астам ұлт пен ұлыстан тұратын біртұтас отбасының барша туысқан халықтары иық тірестіріп біртұтас Отанды қорғауға көтерілді, ерлікпен шайқасып, жанқиярлықпен еңбек етті.
Қазақстан сол кезде елдің мобилизациялық орталығына айналды. Біздің елімізде ондаған дивизиялар, бригадалар мен жекелеген бөлімдер құрылды. Олар барлық майдандарда соғысты.
Қазақстандық әр отбасы соғыс ауыртпалығын өз басынан өткерді. Егер соғыстың алдында Қазақстанда 6 млн 200 мың адам тұрса, соғыс жылдары майданға бүкіл халықтың төрттен бірі аттанды. Бұл дегеніміз -1 млн 700 мыңнан астпам қазақстандық. Олардың жартысынан астамы соғыстан оралмады.
Қазақстандық құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылғы қаһарлы шақта Мәскеу түбінен басталып, 1945 жылғы көктемде Берлинде аяқталды.
Соғыс жылдары республика майданға 12 атқыштар дивизиясының, 4 ұлттық атты әскер дивизиясын, 7 атқыштар бригадасын, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасын аттандырды.
Сонымен қатар Қазақстанда әр қилы әскер түрлерінің 50-ден астам полктары мен батальон жасақталды.
Қазақстандықтар ерлікпен шайқасты, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстандықтар тылда да жеңістің негізін қалады. Бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін беру құлшынысы барша халықты біріктірді.
Экономика жедел түдде соғыс жағдайына көшіруге және майдан тапсырыстарын орындацудағы табыстарға ерен күш-жігер мен жанқиярлық еңбектің арқасында қол жеткізілді.
Біз әрқашанда жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.
Отан қотрғау ісчіне ардагерлеріміздің үлгісімен әрқашанда дайын болып, намыс туын жоғары ұстауларыңызды тілеймін.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]