Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

“АГРОВЕТОРТАЛЫҚ” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ

Құрылтайшы
2005 ж. “18” қарашада
БЕКІТКЕН
Алматы қ.

“АГРОВЕТОРТАЛЫҚ”
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ
ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Бұдан әрі “Серіктестік” деп аталатын “Агроветорталық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Агроветорталық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (01.06.2005 ж. берілген куәлігі № 145-1907-09-ЖШС) Құрылтайшының 2004 ж. 16-қарашадағы Шешімі негізінде қайта құру жолымен құрылды. Қайта құру Серіктестік Құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты жүзеге асырылып отыр. Осы негізде құрылтайшылық құжаттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының “Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы” Заңы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңшылығы талаптарына сәйкес әзірленді.
1.2. Бұдан әрі “Серіктестік” деп аталатын “Агроветорталық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға болып табылады.
1.3. Серіктестіктің толық атауы:
Қазақ тілінде: “Агроветорталық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью “Агроветцентр”.
1.4. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 041600, Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Попов көшесі, 20-үй.

2. ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР ТУРАЛЫ МәЛІМЕТТЕР
2.1. “Алфарма” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (“Алфарма” ЖШС) Құрылтайшы болып табылады, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 041600, Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев даңғылы, 258г-үй, банкілік белгілері: Алматы қаласы, “ЦентрКредитБанкі” ААҚ АҚФ, е/ш 200467284, МФО 190501719, СТН 600900122523.

3. ҚЫЗМЕТ НЫСАНЫ
3.1. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты таза пайда алу болып табылады.
3.2. Қызметінің негізгі бағыттары:
• фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді өндіру, көтермелеп және бөлшектеп сату, соның ішінде арнаулы қоймалар, дүкендер және сауда орындары арқылы сату (әр түрлі медициналық орталықтарды, дәріханаларды ұйымдастыру), соған байланысты дәрі-дәрмектерді, медикаменттерді орау, жартылай өңдеу;
• медициналық құрал-жабдықтарды, медициналық техниканы, медициналық мақсатты өнімдерді өндіру және сату;
• дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен дәрі-дәрмектерін жасау, өндіру, қайта өңдеу, көтермелеп және бөлшектеп сату, сонымен қатар оларды қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтер;
• ветеринариялық мақсатта қолданылатын дәрі-дәрмектерді, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдарды және зооветеринарияда қолданылатын заттарды өндіру, көтермелеп және бөлшектеп сату;
• медициналық, ветеринариялық және дәрігерлік қызметтерді атқару;
• вакциналарды, иммуноглобулиндерді көтермелеп және бөлшектеп сату;
• тыңайтқыш, пестицид, гербицид, инсектицидтерді сату;
• ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, көтермелеп және бөлшектеп сату;
• сауда-делдалдық қызмет;
• дүкен, сауда үйлері, супермаркеттер, дәріханалар және т.б. жүйесін ұйымдастыру;
• қоғамдық тамақтану орындарын – мейрамхана, кафе, кафетерий, бар, жазғы алаңдарды және т.б. ұйымдастыру, жарнама-ақпараттық және баспагерлік қызмет;
• көлік-экспедициялық қызмет көрсету және жүк тасымалдау;
• техникалық қызмет көрсету станцияларын, автокөлік тұрақтарын және т.б. ұйымдастыру;
• жалпы техникалық мақсатты өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды өндіру және оларды сату, консалтингтік, маркетингтік қызмет, сыртқы экономикалық қызмет;
• ҚР заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
3.3. Серіктестіктің рұқсат етілген қызмет саласындағы заң қабілеттілігі сәйкес рұқсат қағазды (лицензияны) алған сәттен бастап пайда болады да, оны қайтарып алған, әрекет мерзімі аяқталған немесе заң кесімдерінде белгіленген тәртіппен заңсыз деп қабылдаған сәттен бастап тоқтайды.

4. ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
4.1. Серіктестіктің мәртебесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады, азаматтық құқықтарға ие және оған өз қызметіне байланысты Қазақстан Республикасы заң шығарушылығында тыйым салынбаған кез келген қызметті жүзеге асыруға қажетті міндеттер жүктеледі.
4.3. Жауапкершілігі. Серіктестік өз қарыз-борыштары, шығындарын өтеу және міндеттемелері бойынша өзінде бар мүлік шегінде ғана жауап береді. Серіктестік қатысушылары оның қарыз-борыштары, шығындарын өтеу және міндеттемелері бойынша жауап бермейді әрі Серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері салған үлес мөлшерінде ғана көтереді.
4.4. Серіктестік құқықтары. Қолданыстағы заңдарға сәйкес Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында Серіктестіктің қызметін жүзеге асыруға қажетті кез келген қызметті атқаруға, сонымен қатар заңда көзделген және қолданыстағы заңдарда тыйым салынбаған заңды тұлға құқықтарын пайдалануға құқылы.
4.5. Мөрі, тауар белгісі. Серіктестіктің мөрі, фирмалық бланкісі және тауар белгісі бар.
4.6. Серіктестіктің өмір сүру мерзімі оны тіркеу сәтінен басталады және осы Жарғыға сәйкес Серіктестік жойылмаған, мерзімінен бұрын қайта құрылмаған жағдайда шексіз болып табылады.
4.7. Серіктестік филиалдарын құруға және өкілдіктерін ашуға құқылы.
4.8. Серіктестік ортажылдық жұмыскерлер саны 250 астам немесе жылдық активтерінің жалпы құны айлық есептік көрсеткіштен үш жүз жиырма бес мың есе артық ірі бизнес субъектісі болып табылады.

5. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ
5.1. Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін, Қатысушы салымы есебінен 6 800 000 (алты миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшеріндегі Жарғылық капитал құрылады. Серіктестіктің Жарғылық капиталы ақшалай және заттай толықтырылып отырады.
5.2. Серіктестіктің Жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту арқылы қолданыстағы заңдарға сәйкес Жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға болады. Оны ұлғайтуды Серіктестік таза табысы, қатысушының немесе қосымша қатысушалырдың қосымша салымы есебінен іске асыруға болады. Жалғыз Қатысушыдан тұратын Серіктестік Жарғылық капиталды бөлу, оған салым салу немесе оны ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықтырылған жағдайда, олар Құрылтайшылық құжаттарға қол қоюы тиіс.
5.3. Серіктестікте резервтік капитал құрылады. Резервтік капиталды қалыптастыру Құрылтайшының шешімі бойынша жыл сайынғы төлем жасау жолымен жүзеге асырылады.

6. МҮЛКІ
6.1. Серіктестік мүлкі негізгі және айналымдағы қорлардан, сонымен қатар бағасы Серіктестіктің дербес балансында көрсетіліп отыратын өзге де құндылықтардан құралады.
6.2. Серіктестік өз мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады.
6.3. Мүлікті қалыптастыру көздері болып табылатындар:
• ақша және материалдық салымдар;
• интеллектіалдық меншікке, өнеркәсіптің кейбір салаларындағы тәжірибелер мен білімге, басқаруға, ерекше пайдалануға берілген немесе қатысушылар келісім негізінде бағалаған серіктестік пайдаланатын қызмет түрлеріне деген құқықтар;
• өнімді, қызметтер мен жұмыстарды сатудан, сонымен қатар өзге де шаруашылық қызметтен түскен табыстар;
• құнды қағаздардан түскен табыстар, банк несиелері;
• Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер.
6.4. Қызмет барысында пайда болуы ықтимал шығындар резервтік капитал есебінен өтеледі.
6.5. Серіктестік табысын бөлу Қатысушы шешімімен жүзеге асырылады. Серіктестіктің салықтарды төлегеннен кейін қалған таза табысы Қатысушы меншігінде қалады.

7. ЖОҒАРЫ БАСҚАРУ ОРГАНЫ
7.1. Жоғары басқару органы – Серіктестіктің жалғыз иеленушісі болып табылатын Құрылтайшы.
7.2. Келесі мәселелер Құрылтайшының ерекше құзырында:
• осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Серіктестіктің орналасқан жерін, фирмалық атауын өзгерту немесе Серіктестік Жарғысының жаңа редакциясын бекіту;
• жыл сайынғы қаржылық есепті және таза табысты бөлу процедурасын бекіту;
• Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға тапсырып беру туралы шешім қабылдау және ондай тапсырудың шарттарын белгілеу;
• қызмет бағыттарын өзгерту;
• жарғылық капитал мөлшерін өзгерту;
• Серіктестіктің тексеру комиссиясын сайлау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар Серіктестіктің тексеру комиссиясының (ревизорының) есептері мен қорытындыларын бекіту;
• Серіктестікті қайта құру немесе жою; жою комиссиясын тағайындау; жою жоспары мен аралық және соңғы жою балансын бекіту;
• атқарушы органдарды, соның ішінде Директорды, сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
• Серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға тапсырып беру туралы шешім қабылдау және ондай тапсырудың шарттарын белгілеу;
• ішкі ережелерді, оларды қабылдау процедураларын және басқа да құжаттарды бекіту;
• Серік

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]