Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Табиғат анаға жанашырлық танытайық.

Табиғат анаға жанашырлық танытайық.
Осындай ұран тастаған бастамшыл топ бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай вело шеру өткізді. Радиорубрика көлігінен шыққан жалынды сөздер мен қала жұртшылығын тазалыққа шақырар үнпарақтар көпшіліктің назарын аударды. "Біз таза қала үшін" бастамашыл тобы мен «Жасыл ел» жастар ұйымының қатарына сейсенбі күні Түрксіб ауданының тұрғындары да қосылды. Сейфуллин саябағына шығып, өсірген гүлдері мен қолөнерлерін ұсынған экология сақшылары аулаларды таза ұстауға үлес қосқандары үшін арнайы марапатқа ие болды.
Махамбет Бейдәлі, Түрксіб ауданының әкімі: «Мектептермен өндіріс орындарымен жұмыс істеліп жатыр. Тазалыққа адамдарды үйрету үлкен жұмыс. Біздің мақсатымыз үнемі таза ұстау.»
Дегенмен көшет егіп, қаланы көгалдандыру экология мәселесін түбегейлі шешпейтіні хақ. Каспийдегі итбалықтардың қырылуы, Балқаш көлінің тартылу қаупі мен Сорбұлақтың басынан арылмаған соры әлі де шешілмеген мәселелердің бірі болып тұр. Бүгінге дейін Үкімет тарапынан тиісті шаралар қолға алынбай отырғанын алға тартқан табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов өз жобаларының елімізде қолдау таппай жатқанын айтады.
Мэлс Елеусізов, эколог:«Пункт аштық. Жобамыздың болашағы бар деп ойлаймыз.»
Биыл Алматыдағы 11 өзен қалыпқа келтіріліп, 10 субұрқақ жөндеуден өткізіледі. Адам денсаулығына қажетті таза ауа мен су екенін ескерсек, болашақта дені сау ұрпақтың дүниеге келуі қоршаған ортаға тікелей байланысты. Сол себепті белсенді топ өкілдері тұрғындардың экология мәселесі бойынша сауатын арттыру үшін түрлі шаралар өткізуді қолға алмақ.
Алдағы 50 жылда ауа температурасы 4 градусқа жылыну салдарынан мұзды мұхиттар еріп, әлемді топан су басуы ықтимал.
Осындай болжам жасаған Экология және климатты ғылыми зерттеу институтының мамандары Альберт Гордың деректі фильмін ұсынды. АҚШ -тың экс-вице президентінің режиссерлік етуімен түсірілген туынды былтыр Оскар сыйлығын иеленген болатын. "Қолайсыз шындық " атты деректі фильм - адамдардың іс-әрекетінен экологияға төніп тұрған қауіп жайлы мәселе көтерген.
Пайызхан Қожахметов, Климаттық өзгеру орталығының директоры:«Климаттың өзгеруі болып жатыр. Қазір температура жоғарылап, Қазақстанда таудан мұздықтар еруі мүмкін, шөл аудандар көбеюі мүмкін. Жаз өте ыстық болуы мүмкін.»
Екі күн бұрын Астанада жауған қар қыс ортасында Алматыда шелектеп құйған жаңбыр мен найзағай жарқылы табиғат заңдылықтарының ауытқушылығы,- дейді мамандар. Ал, мұндай құбылыстар көбіне парникті газдардың мөлшерден көп асуынан болып отыр. Яғни ауаға тараған лас түтіндер мен қалдықтар нәзік ауа қабатын бітеп жатыр. Салдарынан халық зардап шегуде. Дегенмен экономикамыз өскен сайын экологиямыздың құлдырап бара жатқанын алға тартқан мамандар улы газдардың мөлшерін азайтуға байланысты киот хаттамасына қол қоймақ.
Пайызхан Қожахметов, Климаттық өзгеру орталығының директоры:«Европаны алып қарасақ, Солтүстік мұзды мұхиттардың еруі Европада тұратын халықтар басқа жаққа ауысуы мүмкін.»
Дегенмен табиғаттың тосын мінез көрсетуі жер бетінен жәндіктердің жойылуына да өз әсерін тигізбек. Сол себепті Еуропа мен Азия елдері апаттан қорғану үшін жайлы жерлерді паналауы ықтимал. Салдарынан құбылыстар адам психологиясына да әсер етіп, жер бетіндегі көптеген соғыстардың өршуіне негіз болмақ,-дейді ғалымдар.
Табиғат тонаушылық тыйылмай тұр
Өткен жылдың өзiнде Қызылорда облысында табиғат қорғау заңдылығын бұзудың 123, браконьерлiктiң 43 фактiсi тiркелiп, оларға 360 мың теңгедей айыппұл салынса да, биыл тағы да сирек аңдар ату фактiсi тiркеле бастады. Облыстық Орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы мамандарының айтуынша онсыз да экология зардабын шеккен табиғаттың сирек кездесетiн аң-құстарын атып, орман-тоғайын өртеп жiберу кейбiреулер үшiн түкке де тұрмайтын боп жүр. Мәселен, Қазалы ауданының екi бiрдей азаматы Қызыл кiтапқа енген, өте сирек кездесетiн үш бiрдей қарақұйрық атып алған жерлерiнен қолға түстi. Табиғатты тонаушыларға мол көлемде айыппұл салынды.
Таяуда Ақтөбе қаласынан 25 шақырымда орналасқан Бестамақ кентiнде «Көктас Ақтөбе» АҚ-ның «Ақ құс» құс фабрикасының бiрiншi кезегi таныстырылды. Құс етiн шығаруға арналған құс фабрикасының жобалық қуаты жылына 3,5 млн. бройлердi немесе 6,3 мың тонна еттi құрайды. Құс фабрикасында герман және голландиялық заманауи жабдықтар орнатылған. Құстарды инкубациялауға өсiру, асырау және сою процестерi, сондай-ақ құрамдастырылған жем шығару көзделген. Құстарға тамақ және су беру, бөлмелердi жылыту және желдету процестерi толығымен компьютерлендiрiлген және автоматтандырылған. Семiрткеннен кейiн бiр бройлердiң салмағы 1,8-2 келi таза ет болмақ. Облыс әкiмi Елеусiн Сағындықовтың айтуынша, болашақта «Аққұс» құс фабрикасының бройлерлерiнiң етi облыс орталығында сатылады, сонымен бiрге экспортқа шығарылады.
Испанияның Андалусия автономиялық облысына қарайтын Кадис провинциясында 755 ақ ләйлек қырылып қалды. Мамандардың айтуынша, мұншалықты құстың қырылуына «Clostridium» тектес инфекция себеп болған. Құстардың қырылу себептерi туралы мәлiмет Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң арнайы баяндамасында мәлiм етiлген. Осылайша, ләйлектердiң құс тұмауын жұқтыруы мүмкiн деген күдiк жоққа шығарылып отыр. Бұған дейiн Кадистiң су қоймалары мен көлдерiнде өлi құстар денелерiнiң табылуы, жергiлiктi жұртты, адам үшiн қауiптi iндет Испанияға да жеткенi ме деп пайымдатып, зәрелерiн ұшырған болатын.



Жақында Семейде Құстардың халықаралық күнiне арналған республикалық шара өттi. Бұл акцияны Қазақстанның биотүрлiлiгiн сақтау қауымдастығы мен «Бастау» қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырды. Акция үздiк суреттер конкурсы мен үздiк құс ұясы конкурстары түрiнде өттi. Сондай-ақ, фотоконкурс, көркемсөз шеберлерiнiң, шеберлердiң конкурстары өттi. Барлық шаралардың тақырыптары құстарға арналды. Конкурстарға мектеп оқушылары қатысып, жеңiмпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Мұндай шаралар балалардың айналадағы ортаға деген сүйiспеншiлiктерiн ояту үшiн қажет-ақ»,- дейдi ұйымдастырушылар.
Павлодардағы Былқылдақ көлі химиялық зауыттың заһарымен тұнып тұрса да, тұрғындар балық аулауды доғарар емес.
Химиялық зауыттың су қоймасында сынапқа бөккен балықтар қазір базарда толып тұр. Улы балықты адал астан айыру қиын. Заңсыз балық аулаушыларды тыю үшін экологтар мен арнайы инспекция мамандары көл күзетуге көшті. Толығырақ Жанар Байсемізова жалғастырады.
Павлодар химиялық зауытынан құйылған заһар халықтың денсаулығына қатер төндіруде. Бұған бас ауыртып, алаңдап жатқан ешкім жоқ. Былқылдақтағы сынапқа бөккен былқылдаған балықтар қала базарын жайлап алған. Ауруы қайсы, адалы қайсы ажырата алмайсың. Бұрындары сауда орындарынан құйрығы жоқ, үш көзді мақұлықты көрсең, Былқылдақтан екенін дәл айыратынсың, ал қазір мұны болжау қиын. Өйткені балықтар су қоймасындағы уға бейімделіп алған. Тыйым салынғанына қарамастан, тұрмысын күйттеген балықшылардың меселін қайтару мүмкін болмай тұр. Арзан болған соң, халық таласып алады. Былқылдақтан мал да ішеді. Сынапқа толы қойма бүкіл жұртты асырап отыр -деуге келеді. Зауыт жұмыс істеген 18 жылдың ішінде қойманың түбінде мың тоннадан астам сынап жиналған. Экологиялық апат зардабын шашқандықтан 90-жылдардың басында өндіріс орны жабылған. Ертіс өзеніне залалы тимеу үшін балшықтан қабырға соғылып, біраз шара атқарылған.
Бірақ, көлдің түбінде көлдей сынап әлі жатыр. Бес жылдан бері қаңтарылып тұрған зауыттың қожайыны жоқ болғандықтан, уытты көлдің мәселесі де ешкімді алаңдатпайды. Шырылдап жүрген балық инспекторлары мен экологтар ғана. Күн ұзақ көлді аңдығандар бір тәуліктің ішінде кемінде он балықшыдан қармаққа іледі. Алайда, айыппұл төлеп құтылғандар ертесінде Былқылдақты қайтадан торуылдауға көшеді
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2008-жылдан бастап республика аймақтары бойынша эмиссияға квота енгізеді
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2008-жылдан бастап республика аймақтары бойынша эмиссияға квота енгізеді.
"Бұл жұмыс рұқсатнама жүйесін жетілдіру аясында өткізіледі, Еуропалық Одақтың тәжірибесімен сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсат түрлері енгізіледі, оларға энергиялық ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі талаптар қамтылады",- деді ол.
Министр сонымен қатар "қазір Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 0,02% құрайтынын, ал бұл көрсеткіш ЕО-да 6%-ке тең екенін, Финляндияда - 25% екенін" атап өтті. "Біз баламалы қуат көздерінің үлесін қазіргі деңгеймен салыстырғанда 2009-жылы 40%-ке, 2012-жылы 150%- ке жеткізуді көздеп отырмыз",- деді.
Министр сонымен бірге "айыппұлдарды жинау мекеменің бақылау іс-қызметіндегі маңызды көрсеткіш болудан қалғанын" атап өтті. "Біз табиғат қорғау заңнамасын бұзған кәсіпорындардың іс-қызметін сот жүзінде уақытша тоқтату тәжірибесіне көштік",- деді Н.Ысқақов.
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың аяғынан бері 203 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. "Қатал шаралар нәтижесін беріп, былтыр әшкереленген табиғат қорғау заңнамас

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]