Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

СУ ҚАДІРІН БІЛДІК ПЕ?

СУ ҚАДІРІН БІЛДІК ПЕ?

Республика тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеттердің бірі. Таза су мәселесі – жалғыз Қазақстанға ғана тән емес. Жаһандану дәуіріндегі жер шарындағы басты күрделіліктердің бірі – осы, тіпті таза суды былай қойғанда, су жетіспеушілігі де белең алуда. Соңғы онжылдықтардағы жер шарындағы су ресурстарының жағдайы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызуда. Мұның өзі және де негізсіз емес сияқты. Өйткені, адамдар саны, өндіріс орындары көбейген сайын суды пайдалануға деген сұраныс мөлшері де өсе түсуде. Дегенмен тұщы су қоры көлемі шектеліп, өзендер мен су кешендерінің тазалығы сақталмай, уақыт өткен сайын ластана түсуде. Соның салдарынан тіршілік нәрі – су өте қымбатқа түсіп, пайдалануға жарамсыз болып, қатер төндіруде.
Қазақстандағы жер үсті су қоры жылына орташа есеппен алғанда 539 текше километр, оның ішінде 190 текше километр өзендер мен көлдерде жинақталған. Орталық Азияның көптеген елдері сияқты Қазақстан үшін де су ресурстары әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын айқындайды. Жер асты суларына өте бай Қазақстан тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жағынан ТМД елдері арасында ең соңғы орында. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 39 пайызы ғана тұрақты түрде сапалы ауыз суды пайдаланады. Мұның өзі негізінен салынғанына 20-30 жыл өткен республикадағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауына байланысты. Сумен қамтамасыздандырудың орталықтандырылған жүйесімен республикадағы 86 қаланың, 176 кенттің арасында 81 қала және 139 кент қана қамтылған.
Мәселен, су құбырлары жүйесінің тозу көлемі Алматы облысында 80,5 пайызға жеткен. Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесімен облыстағы 10 қала мен 15 кенттің ішінде 9 қала мен 14 поселке қамтылған. Дегенмен су тазалау қондырғыларының ескіруінен Талғар, Лепсі, Үлкен сияқты елді мекендерде сапасы төмен су қолданылуда. Су құбырлары жүйесінің тым ұзақ уақыт қолданыста болуынан және мерзімді уақытында тазаланбауынан су құбырларының сапасы нашарлауда. Су құбырлары канализациялық шаруашылықтардың негізгі қорының 60-70 пайызы тозып біткен.
Жыл өткен сайын көркейіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан Алматы қаласының өзінде жағдай мәз емес. Таза ауыз су жөніндегі мәселелер оңтүстік астанада бірінші кезекте тұр. Су ресурстарын үнемді пайдалануда коммуналдық шаруашылықтар, өндіріс, энергетика және жерді суландырумен айналысатын мекемелер, өзге де ұйымдар бірқатар олқылықтарға жол беруде. Тұщы суды техникалық-өндірістік салаларда, тіпті көлік жууға, өзге де мақсаттарға пайдалану етек алуда. Суды жер үсті, жер асты қазбалары — мұнаймен, газбен салыстыруға мүлдем болмайды. Мұнайдың байлығы елде қанша жерден мол дегенмен, ғалымдар оның көлемі де шектеулі дегенді айтып ескертуде. Ал оған қарағанда тіршіліктің нәрі – суды көздің қарашығындай сақтау бағытындағы іс-шараларды жетілдіріп, ықпалдылығын арттырудың қажеттілігі ерекше.
Бұл мәселелер жөнінде Алматыда өткен Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің кезекті жиынында жан-жақты сөз болды. Балқаш-Алакөл бассейндік су шаруашылығы басқармасының бастығы, кеңес төрағасы Эдуард Мұхамедов, Алматы облысы әкімдігі басқармасы бөлімінің бастығы Жандос Тұрғанбаев және басқалар жиналғандарға су ресурстарын сақтау және оны тиімді пайдаланудың аймақтық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жөнінде баяндады. Кеңес мүшелері ҚР Су кодексінің кейбір баптарының жүзеге асырылуы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша су қорларын тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаның әзірлеу барысы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, су нысандарын қалпына келтіру және қорғау жөніндегі бассейндік келісімдерді қалпына келтіру, осы аймақтардағы экологиялық жобалар қызметін реттеуге де баса назар аударылды.
–Еліміздің барлық тұрғындарының сапалы ауыз суды жүйелі және тұрақты түрде пайдалануына қол жеткізу – уақыттың басты талабы. Мұндай ауқымды жұмысты жүзеге асыру үшін көпшіліктің жауапкершілігі мен іскерлігі қажет. Өйткені, суды ұқыпсыз пайдалану су нысандарын бүлдіру, оған деген теріс пиғыл, бейжайлық көзқарас су қорының тапшылығына емес, қоршаған ортаның ластануына, адамдар денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Су ресурстарын пайдалану жөніндегі көзқарасты өзгертпесе, оның соңы үлкен күрделіліктерге, дағдарысқа соқтыруы әбден мүмкін,– дейді Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің төрағасы Эдуард Мұхамедов.
Республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш-Алакөл гидрографикалық бассейніне Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар елді мекендері енеді. Бассейндік кеңес мүшелері, мекеме жетекшілерінің жер үсті және жер асты суларына қатаң бақылау орнату, жауапкершілікті жетілдіру жөніндегі пікірлері назар аударарлықтай. Қоршаған ортаны сақтау, экологияны жақсарту – осы мәселеге тікелей қатысты болса керек. Шын мәнісінде де Алматы, Талдықорған қалаларында көлік жуатын орындарда, өндірістік кәсіпорындарда ауыз судың техникалық қажеттілікке пайдаланылуы қынжыларлық жағдай. Сумен қамтамасыз етудің айналым жүйесі болғанымен ол мүлдем қолданылмайды, оған басты себеп – электр қуаты бағасының қымбат, ал су құнының арзан болуы.
Сондықтан да республиканың қай аймағында болсын, ең алдымен тұщы су ысырабына жол бермеуге, оның сапасын жақсартуға, қорын молайтуға ұмтылу басты шарт. Су – тіршіліктің нәрі болумен бірге, қоршаған орта тазалығына ықпал ететін қозғаушы күш. Өзге де салалар сияқты ауыз су төңірегінде де алда атқарылар іс көп.
Су ресурстарын сақтау және оңтайлы пайдалану, жануарлар әлемін және 2010 жылға дейін аса қорғалатын аумақтарды дамыту, жөніндегі бағдарлама

Бұл жалпы ұлттық жоспар қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы бірден–бір негізгі мәселе ретінде су ресурстарын, жануарлар әлемін, аса қорғалатын табиғи аумақтарды тұрақты және оңтайлы пайдалану үшін жағдайлар жасау керектігін алға тартады. Көрсетілген жоспар шеңберінде халықтың өмір сүру сапасын әлеуметтік,экономикалық,және экологиялық баланстар аспектісінің негізінде тұрақты дамуға өту үшін жағдайлар жасау жолымен Табиғи ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану жөнінде бағдарлама әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты: Су ресурстарын, жануарлар дүниесін, аса қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Іске асыру мерзімдері 2008-2010 жылдар
Іске асырудан күтілетін нәтижелер Суарылатын жерлердегі судың үлес шығынын 7 % төмендету;
су тартатын ғимараттардың 5% су есептейтін құрылғылармен жабдықтау; қолдан жасалған және табиғи жағдайларда балық өсіруді жетілдіру;
Қазақстан Республикасының 2 балық шаруашылығы су тоғанында мелиоративтік жұмыстар жүргізу;
Алматы облысының Іле және Қаратал өзендерінде мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңтету ) жүргізу, Жайық-Каспий бассейніне жылына 20 млн. бекіре тұқымдас шабақтарды жіберу үшін жаңа балық шаруашылығы зауытын, селекциялық-тұқымдық жұмыстар жүргізу,тұқы тұқымдас балықтар генофондын сақтау, балық шаруашылығы биотехникасын жасау; сирек және құрып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен ақ бөкендерді қорғайтын аумақтарды кеңейту;
тоғай бұғысының, жайраң, тау ешкілер, құландар санын тұрақтандыру, оларды тарихи арелдары бойынша тұрақты дамып таралуын қалпына келтіру және ақбөкендердің санын жыл сайын 10 % жоғарылату; ҚР аса қорғалатын аумақтарын 1258,7 га көбейту( аса қорғалатын аумақтардың ҚР бойынша аумақтық көрсеткіші 8,5%);
сирек және құрып бара жатқан ірі сүтқоректілердің (ақбөкен, құлан) және құстардың ( дуадақ, сұңқар, жыртқыш және батпақты құстар) сақталуы мен қалпына келуі үшін мекен ретінде өте маңызды рөл атқаратын мемлекеттің ландшафтын және биологиялық әртүрлілігін, батпақты-сулы жерлерін, далалы және жартылай шөлейтті аймақтарын қорғауды күшейту;
сирек кездесетін жануарлар ( барс, арқар, тянь-шань қоңыр аюы, Орта Азия (түркістан) сілеусіні, орта азия құндызы, манул, тас сусары) түрлерінің қорғау аумағын, албырт тектес балық түрлері мекендейтін және көбейетін орындарды кеңейту;
Өсімдіктер дүниесінің эндемикалық және сирек кездесетін түрлерін, бірегей субальпілік өсімдіктерді (Сиверс алмасы, майқарағай, ледебуров бадамы, алтай түйежапырағы, ақшыл сепкігүл, үшкір көкек, алтай қасқыр жидегі, алтай стеллеропсисі, Попов дембеті, қызғылт семіз от, марал түбірі) тарихтың археологиялық ескерткіштерін: бағзы заман тұрақтары мен молаларын, палеонтологиялық олжаларды қорғауды қамтамасыз ету; басыңқы өңірлерде биологиялық сан алуандылықты және қоршаған орта жағдайларының тұрақтылығын ұзақ мерзім сақтауға кепілдік беретін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру.
Қаржыландыру көздері Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің, ішкі қарыздар мен гранттардың қаражаттары көзделген:
су ресурстары бойынша:
2008 жылға
республикалық бюджет - 1542,100 млн. теңге;
жергілікті бюджет - 596,2 млн. теңге;
гр

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.008 ]