Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Корпорацияны қаржыландырудағы заемдық құралдары.

8 – ші бөлім.

Корпорацияны қаржыландырудағы заемдық құралдары.

8.1. Заемдық қор құрамы мен банктік кредитінің қатыстыру құнының бағасы.

Заемдық қор – кәсіпорын қорының қаржыландыруын заем көздері есебінен қалыптастыру.
Корпорацияның заем қоры құрамына:
1.Қысқа мерзімді несиелер мен займдар;
2.Ұзақ мерзімді несиелер мен займдар;
3.Несиелік қарыз(қаражаттарды тарту түрінде).
Қысқа мерзімді несиелер мен займдар. Айналымдағы активтерді жабу көздері ретінде қызмет етеді.
Шаруашылықта төлемсіздік себебімен алдыңғы төлем жеткізушілерге процентсіз несие ретінде қарастырылады. Батыс корпорациялары тауарлар мен қызмет көрсетуге төлемнің берілген түрін сирек қолданады.
Компанияның бережағы заем берушіге бухгалтерлік есепте алынған несиелер мен займдар қысқа және ұзақ мерзімге бөледі.
Қысқа мерзімді деп өтеу мерзімі келісімшарттағы шартқа байланысты 12 айдан асырмай алынған несиелер мен займдар қарызы.
Ұзақ мерзімді деп өтеу мерзімі келісімшарттағы шартқа сәйкес 12 айдан асатын алынған несиелер мен займдар қарызы.
Жедел деп өтеу мерзімі келісімшартта белгіленген тәртіпте ұзартылған түрде алынған несиелер мен займдар қарызы.
Өтелмеген деп келісімшарттық өтеу мерзіміндегі қарызы төленбеу.
Есеп саясатына келе,қарыз алушы ұзақ мерзімдегі қарызын қысқа мерзімдіге ауыстыруы мүмкін. Алынған несиелер мен займдар қарызын ұзақ мерзімнен қысқа мерзімге ауыстыру несие келісімшартына сәйкес қарыздың негізгі сомасын 1 жыл қалғанда қайтару қажет.Қарыз алушы өтеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты төлемін жеделден өтелмегенге ауыстыруы міндетті. Акционерлік компанияларға қарыз қаражаттарын тарту векселдер мен корпоративтік облигациялар шығару негізінде іске асырылады. Берілген займдар мен несиелер бойынша қарыз шетел валютасында алынса,қарыз алушы РК Ұлттық Банкінің несие операциясының аяқталу күніне сәйкес курсымен тенгеге санауы қажет.Қарыз алу және оны қолдануға байланысты шығыстарға банктік төлемге саналатын пайызды кіргізеді. Алынған несие шығыстарына сол кезеңде туындаған шығындарды қабылдайды.Қарыз алушы оны шығындар операциясында есептейді.
Қысқа мерзімді займдар мен несиелер қарыз алушының айналымдағы активтерін қалыптастыратын қысқа мерзімді міндеттемелерін бухгалтерлік балансында көрсетеді.
Алынған несиелер мен займдар қарыз сомасы пайыздар төлеудің есептік кезеңінің соңында саналатын есебін көрсетеді.
Ұзақ мерзімді тартылған қор(несиелер мен займдар түрінде)айналымнан тыс активтерді қаржыландыруға бағыттайды.
Айналымнан тыс активтерге негізгі құралдар обьектілері, үлкен шығындарды қажет ететін құрылыс пен сатып алу активтері кіреді.
Инвестициялық активтермен байланысты шығындар алдағы уақытта экономикалық тиімділік үшін кәсіпорындар мен акционерлік компаниялардың берілген активтің бастапқы құнын кірістіреді.
Инвестициялық активтерді тартумен байланысты алынған несиелер мен займдар шығындары уақытылы қолданған займ құралдарын қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық кірістері ретінде түсім көлемін қысқартады.
Кірістірілген займ құралдары тек шығындарды төмендету кезінде іске асырылады,ол инвестициялық активтерді қаржыландырумен байланысты, мысалы, құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдарының бағасы арзандаса.
Алынған несие мен займдар шығындарының инвестициялық активтердің бастапқы құнына қосылуы былай іске асырылады.
1. Осы активке байланысты сатып алу мен құрылыс шығындарының пайда болуы.
2. Инвестициялық активтерді құруға байланысты жұмыстың басталуы.
3. Займдар мен несиелерге кеткен нақты шығындар.

Инвестициялық активтер құрылысымен байланысты жұмыс уақытында тоқтатылса,алынған займдар мен несиелерге қосылған шығындар тоқтатылады.Берілген жағдайда займ шығындары кәсіпорынның операциялық шығындарына кіреді.
Инвестициялық активтердің бастапқы құнына қосылған несиелер мен займдар шығындары айдың бірінші күнінен тоқтатылады.
Ұзақ мерзімді займдар мен несиелер бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде есептік күннен кейінгі 12 айдан кейін өтеуін көрсетеді.Бухгалтерлік есептегі займдар мен несиелер есептік күннен кейінгі 12 айдың ішінде өтелуі тиісті болғанда, есепік кезеңнің соңында өтелмеген сома статья бойынша қысқа мерзімді міндеттемелерде көрсетіледі.
Баланста көрсетілген есептік жылда өтелуге тиіс ұзақ мерзімді міндеттемелер осы есептік жылдың басына қысқа мерзімді болуы мүмкін. Бұрын саналған міндеттемелер ұзақ мерзімді қысқа мерзімді ретінде болса, бухгалтерлік баланста анықталу керек.
Есептелінген сома пайыздары ерекшелеп санайды. Сонымен қатар,уақытылы өтелмеген несилер мен займдар да ерекшеленеді. Ұзақ мерзімді несиелер мен займдардың аналитикалық есебі олардың түрлері арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Заем қорлары дегеніміз не?
2. Қысқа мерзімді несиелер мен займдар қалай жүзеге асырылады?
3. Ұзақ мерзімді несиелер мен займдар қандай мерзімге сәйкес алынады?
4. Жедел несиелер мен өтелмеген несиелердің айырмашылығы?
5. Ұзақ мерзімді тартылған қор қайда бағытталады?
6. Инвестициялық активтерге не жатады?

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]