Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті


ӘОЖ 619:576.89;636 Қолжазба құқығында








АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары
және оларға қарсы шаралар


03.00.19 – паразитология

Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация





Ғылыми жетекші, биология ғылымдарының докторы,
профессор Жұмағали Мұрсалиұлы Исимбеков













Қазақстан Республикасы
Алматы, 2006

МАЗМҰНЫ бет.
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………..3
АНЫҚТАМАЛАР……………………………………………………………4
БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР…………………………………...6
КІРІСПЕ………………………………………………………………………7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ……………………………………………………11
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері………………………………………………………………...11
1.2 Көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы ………………………….12
1.2.1 Гельминттері…………………………………………………………...12
1.2.2 Эймериялары…………………………………………………………..19
1.2.3 Кенелері……………………………………………………………….20
1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері……………………………………….21
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР…………………………………………………23
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты……………………………………………….23
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ……………………………………23
2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………25
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа-райының ерекшеліктері……25
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері ……..26
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері……………….28
2.3.4 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы…………..30
2.3.5 Көгершін аскаридиозы………………………………………………..31
2.3.6 Көгершін капилляриозы …………………………………………...41
2.3.7 Көгершін эймериозы………………………………………………….48
2.3.8 Көгершіндердің сыртқы паразиті-Dermanyssus gallinae кенесі.........55
2.3.9 Көгершін маллофагозы………………………………………………..60
2.4 Көгершін паразитоздарына қарсы тиімді дәрілерді іздестіру ……….66
2.4.1 Аскаридиозға және капилляриозға қарсы 0,2 % универмді сынау...67
2.4.2 Эймериозға қарсы коккимедті сынау ..................................................69
2.4.3 Маллофагозға қарсы 5 % каратэні сынау...........................................71
2.4.4 Маллофагозға қарсы 10 % фьюриді сынау..........................................73
2.4.5 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 5 % каратэні сынау..................75
2.4.6 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 10 % фьюриді сынау ...............77
2.5 Зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау ............................................78
2.6 Көгершін паразитоздарына қарсы шаралар және оның тиімділігі…...82
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..86
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР………………………………………….88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………….89
Қосымшалар ……………………………………………………………….97
Қосымша А………………………………………………………………….98
Қосымша Ә…………………………………………………………………109
Қосымша Б………………………………………………………………...113


МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі стандарттарға сілтеме жасалынды:

МЕМСТ 3-150-64 Бинокульярлы үлкейткіш әйнек
МЕМСТ 4.318-85 Петри тостағаншасы
МЕМСТ 5-1472-72 Ертінді бүрккіш АО-2
ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга Опн-3
ТЖ 6-09-3829-77 Ксилол
МЕМСТ 44.51-86 Биологиялық стереоскопиялық микроскоп МБС-1
МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп Биолам Р6
ТЖ 64-1-860-76 Ертінді бүрккіш Дз-9
ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80
ТЖ 75-6963-79 Фотоапарат ЗОРКИЙ-К4
ТН 232/23.10.1996 10 % фьюри
МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5
МЕМСТ 1629-89 Жоғарғы сортты техникалық формалин
МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100,200,1000 мл шыны сауыттар (колба)
МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар
МЕМСТ 2290-76 Бальзам
МЕМСТ 5962-67 Ректификат этил спирті
МЕМСТ 7865-56 Бұрандалы микрометр МОВ-1
ТН 788321 5 % каратэ
ТЖ 9337-004-1726133-00 0,2 % универм
МЕМСТ 21241-77 Пинцеттер (қысқыштар)
МЕМСТ 23519-93 Таза фенол (карбол қышқылы)
МЕМСТ 423377 Хлорлы натрий (ас тұзы)
МЕМСТ 760105 Микрофотосуретке түсіретін қондырма






















АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертацияда келесі терминдер төмендегідей анықтамаларымен қолданылады:

Акарацид - кенені құртатын химиялық зат
Ассоциативтік инвазия - паразитоценоздан туындайтын инвазиялық аурулар бірлестігі
Биогельминт - аралық иесінің қатысуымен дамитын гельминт
Биометрия - биологиялық жиынтықтың сандық ара қатынасын зерттеген кезде қолданылатын матиматикалық статистика тәсілі ғылымы
Балаңқұрт - (личинка) метаморфозбен (түрленумен), яғни сыртқы түрі мен құрылымының ауысуымен өсіп-дамитын әртүрлі типтегі жан-жануарлардың постэмбрионалдық даму сатысы
Бульбус - кейбір жұмыр құрттардың өңешінің кеңейген тұсы
Бұлтық - (бурса) жұмыр құрттардың еркегінің құйрық жағындағы өсіндісі, тарамыс қынабы
Бәтек - (вульва) гельминттердің ұрғашысының сыртқы жыныс мүшесі
Гельминт - организмде тоғышарлық тіршілік ететін, әртұрлі даму сатысындағы паразит құрттар
Гельминтоовоскопия - гельминтозға диагноз қою мақсатында гельминт жұмыртқаларын нәжісте, несепте, тік ішек қатпарында, қанда, қарын жынында табу
Гематофаг - иесінің қанымен қоректенетін паразит
Геогельминт - өзінің дамуы үшін аралық иені қажет етпейтін, жұмыртқасы мен балаңқұрты сыртқы ортада (топырақта, қида,суда т.б.) дамитын гельминт
Инсектицид - зиянды насекомдарды құртуға қолданылатын дәрі
Имаго - кенелер мен жәндіктердің (насекомдардың) дамуындағы жыныстық жетілген сатысы
Инвазия интенсивтілігі - жануар немесе құстың ағзасындағы паразиттердің санының (микроскоптың бір көру алаңындағы гельминттердің жұмыртқасының немесе ооцисталар саны) көрсеткіші
Инвазия экстенсивтілігі - паразиттермен залалданған жануарлар мен құстардың пайыздық көрсеткіші
Интенстиімділік - организмнен дәрі әсері арқылы сыртқа шығарылған паразиттердің пайыздық көрсеткіші
Кутикула - (тері) жұмыр құрттар мен буынаяқтылардың денесінің сыртқы қаңқасы және қорғаныш қызметін атқарады
Микропиле - ооциста қабығының бір жағындағы тесік
Нимфа - кенелердің балаңқұрттан кейінгі өсіп даму сатысы
Ооциста - спора түзетін қарапайымдардың ұрықтанған жұмыртқа торшасының тығыз қабықпен қапталып, сыртқы ортаға бөлінетін даму сатысы
Өлтіретін доза - малды, құсты өлімге ұшырататын микроорганизмдер немесе патогенді заттар мөлшері
Паразит - белгілі бір организмнің сыртқы денесінде, ішкі ағзаларында тұрақты немесе уақытша тіршілік етіп, иесінің ұлпасымен, сөлімен не асқазан жынымен қоректенетін организм
Паразитоценоз - организімінді мекендеп, бір-бірімен тұрақты қарым-қатынаста болатын және иесінің организміне кешенді ықпал ететін, табиғаты инвазиялық, бактериалдық, саңырауқұлақ немесе вирусты организмдер жиынтығы
Паразитоздар - паразиттер туғызатын (инвазия) аурулар
Патентті кезең - ауру қоздырғышы-паразиттің өз ұрығын (жұмыртқасын, балаңқұртын, ооцистасын) сыртқы ортаға бөліп шығаратын кезең
Препатентті кезең - паразиттің негізгі иесінің организміне енген сәттен бастап оның ұрығының (жұмыртқасының, балаңқұртынның, ооцистасының) сыртқы ортаға шыққанға дейінгі кезеңі
Пальпа - кенелердің қармалауыш мүшесі
Перитрема - кенелер мен жәндіктердің тыныс алу тесіктерін қоршап тұратын, пішіндері әр түрлі хитинді пластинкалар
Рулек - жұмыр құрттардың шағылыс мүшесін (спикула) бағыттаушы қызметін атқаратын мүше
Синантропты құстар - жануарлар мен адамның қора-жайын мекендеп, көбіне солардаң айналасында азықтанатын құстар
Спикула - жұмыр құрттардың еркегінің шағылысу (жыныс) мүшесі
Сколекс - қадалуға бейімделген таспа құрт басы (тұмсығы, тікенегі, емізікшесі)
Скутум - кенелердің денесіндегі хитинделген көлемі әр түрлі қалқандары
Стигма - буынаяқтылардың тыныс алу тесігі
Спонтанды инвазия - табиғи жағдайда инвазиялық ауруға шалдығу
Спорозойт - спороциста ішінде екіге не төртке бөліну нәтижесіде пайда болған қарапайымдылардың сыртқы ортадағы ақырғы даму сатысы

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]