Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы

2.3.4 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы
Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп ИИ - гі 1 - ге, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады. Анықталған құрттардың ұзындықтары 60-70 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 4,7 - 5,0 мм аралығында болды. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 1 - ші микрофотосуретте қос жынысты (гермофрадит) бунағы көрсетілген. Онда жыныс тесігі бір жақты ашылатыны көрінеді. Жатыры түтік тәрізді және соңғы жағы біртіндеп кеңейіп одан көптеген өсінділер тарайды. Аталық бездерінің пішіндері домалақ, саны 100 - дей. Олар қос жынысты бунақтың өне бойына созыла, жатырды қоршай орналасқан.


Микрофотосурет 1 - Aporina delofondi таспа құртының қос жынысты бунағы

Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia sphenocephala. Ол Cuclophyllidae отрядына, Hymenolepididae тұқымдасына, Weinlandia тустасына жатады. Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған. Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9 - ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ - гі 13,4 % - ды құрайды. ИИ-гі бір көгершінде 2 - 7 паразитке тең болды. Құрттардың ұзындығы 70 - 80 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 1,7-2 мм аралығында. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 2 - ші микрофотосуретте қос жынысты бунағы көрсетілген. Жыныс тесігі бунағының бір жағынан ашылады. Жыныс тесігінің мойыны етті жиырылғышпен (ретрактор) жабдықталған және ол айқын көрінеді. Жатыр көптеген төмпешік-бұдырлар түрінде бүкіл бунақтың ішін толтырып жатыр. Аталық безі 3 - еу, ірі және бүйрек пішінді. Бірінің үстінде бірі ретсіз орналасқандықтан әртүрлі пішіндегі біртұтас орган түрінде көрінеді. Таспа құрттарды анықтағанда К.И. Скрябиннің сипаттамалары пайдаланылды. [11]


Микрофотосурет 2 - Weinlandia sphenocephala таспа құртының қос
жынысты бунағы

2.3.5 Көгершін аскаридиозы
Аскаридиоз - Қазақстанның шығысында көгершіндер арасында ең кең таралған гельминтоз екені анықталды. Инвазия қоздырушысы - Ascaridia columbae жұмыр құрты. Ол көгершінтектес құстардың көптеген түрлерінен, оның ішінде жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен анықталған. Европада (Франция, Германия, Италия, Испания, Россия), Солтүстік Америкада (Америка Құрама Штаттары), Оңтүстік Америкада (Бразилия), Азияда (Индия), Африкада (Дагомея) мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралған.
К.И. Скрябин 1905 - 1911 жылдары Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықтаған.
Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен бірінші рет анықталып отыр. Көгершіндердің ағзасынан бөліп алынған аскаридиалардың еркегінің ұзындықтары 15 - 30 мм, ұрғашысының ұзындығы 35 – 45 мм. Микроскоп астында қарағанда аузын қоршаған 3 ерні айқын көрінеді. Ол 3 - ші микрофотосуретте көрсетілген.



Микрофотосурет 3 – Көгершін аскаридиасының бас жағы

Аскаридианың еркегінің құйрық жағы үшкірленіп біткен, екі жағында қанат тәрізді тері өсіндісі байқалады. Артқы тесігі айналасында сақина тәрізді сорғыш жабыспағы бар. Құйрықтың екі жағын байлай 12 жұп жыныс бүртіктері орналасқан. Спикуласы екеу, ұзындықтары бірдей және 1,2 мм - ге тең. Ол 4 - ші микрофотосуретте көрсетілген.



Микрофотосурет 4 - Еркек аскаридианың құйрық жағы
Ұрғашы аскаридиалардың құйрығының бір жағы қиғаштала келіп, үшкірленіп біткен. Артқы тесігі құйрық ұшынан 1,2 мм қашықтықта, ал бәтегі (вульвасы) 5 – ші микрофотосуретте көрсетілгендей, денесінің ортасынан сәл бас жағына қарай орналасқан.



Микрофотосурет 5 – Ұрғашы аскаридианың бәтегі (вулвасы)

6 – шы микрофотосуретте көрсетілгендей көгершін аскаридиасының жұмыртқасы сопақтау, орташа ұзындығы – 0,089 мм, ені – 0,057 мм. Индекс формуласы –1,6. Қабығы қалың, екі қабатан тұрады. Сирек кішірек және домалақтау жұмыртқалар да ұшырасады. Олардың орташа ұзындығы – 0,058 мл-ге, ені – 0,042 мм тең. Индекс формуласы – 0,14.



Микрофотосурет 6 – Көгершін аскаридиасының жұмыртқасы
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықталған Ascaridia columbae құрылысы ғылыми әдебиеттердегі сипаттамаларға сәйкес келеді.
Көгершіндердің нәжіс сынамаларын овоскопиялық әдіспен зерттегенде олардың нәжісімен сыртқы ортаға ұрығы әлі дамымаған аскаридиа жұмыртқалары шашылатыны анықталды. Сыртқы ортада қолайлы жағдай болса, яғни жеткілікті ылғал мен сыртқы орта температурасы +10°C - тан жоғары болғанда жұмыртқа ішінде инвазиялық балаңқұрт дамиды. Инвазиялық сатыға дамыған балаңқұрты бар жұмыртқа көгершіндерге жем, су ақылы жұғады. Қазақстанның шығысында ауа райының ерекшелігіне байланысты көгершін аскаридиасының жұмыртқасының сыртқы ортада (көгершін қорада) инвазиялық сатыға дамуы сәуір айының ортасынан басталып, қазан айының ортасына дейін созылуына жағдай бар.
2 - ші кесте деректерінен көрінетіндей, ИЭ - гі мен ИИ - гі маусым, шілде, тамыз, яғни жаз айларында ең жоғары деңгейде боладыі. Үй көгершіндерінде ИЭ - гі 85±7,8 % - ға, ИИ - гі 6,4± 1,56 аскаридиа жұмыртқасына тең. Жабайы көгершіндерде бұл көрсеткіштер төмен, ИЭ - гі 41,8±6,2 % - ға, ИИ - гі 2,7±0,42 аскаридиа жұмыртқасынан аспайды. Кейбір аулаларда ұсталатын үй көгершіндерінде ИЭ - гі 100 % - ға, жекелеген үй көгершіндерінде ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 15 - 16 аскаридиа жұмыртқасына жетіп, аскаридиоз жіті өтеді және негізгі клиникалық белгілері байқалады. Жылдың бұл уағында көгершіндер жаппай балапан шығарып, саны артады және сыртқы орта температурасы аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт дамуының жылдам жүретін, +27-40°C аралығында болады. Аскаридиалармен залалданып өлген көгершіндердің өлекселерін сойып тексергенде аскаридиалар негізінен олардың аш ішегінің алғашқы бөлігін мекендейтіні анықталды.Тек жекелеген аскаридиалар аш ішектің ортаңғы бөлгінен анықталды. ИИ - гі үй көгершіндерінде 1 - 38 аскаридиа болса, жабайы көгершіндерде ИИ - гі 1 - 3 аскаридиадан аспады.
Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің ағзасында аскаридиалар жыл бойы паразиттік тіршілік етіп, жұмыртқа салатынын көрсетті. Аскаридиозға шалдыққан көгершіндер нәжісімен аскаридиа жұмыртқаларын сыртқы ортаға шашып, инвазия қоздырушысын таратады. ИЭ - гі мен ИИ - гі жыл маусымына, құс жасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл көрсеткіштер жабайы көк көгершіндермен салыстырғанда үй көгершіндерінде анағұрлым жоғары.
Көгершіндерді үйде ұстап өсіру олардың арасында аскаридиоздың таралуына қолайлы жағдай туғызатынын көрсетті. Үй көгершіндерінің қораларында аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт дамуына өте қолайлы жағдайлар бар. Қора көлеңке, тікелей күн сәулесі түспейді. Көгершін нәжісі уақытылы жиналмайтын, олар жиі және көп қонақтап отыратын орындарда олардың қиы 15 - 20 см - ге қалыңдап, ылғал жақсы сақталады. Ал, көбіне ашық жерлерге және жеке-жеке түсетін жабайы көгершіндердің саңғырығында аскаридиа жұмыртқалары инвазиялық сатысына дейін дамый алмай, көбіне жойылатыны белгілі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]