Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есептің әдіс-тәсілдері және оған түсінік.
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.
Құжат дегеніміз – ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі.
Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық құбылыстың жасбаша куалігі және оның заңдылық құқысы болады. Сондықтанда құжаттауда бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады.
Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшклігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады.
Құжат көрсеткіштерін реквизит – деп атайды. Шаруашылық операциялардың мазмұнына және атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с.
Қорыта келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді.
Келесі бухгалтерлік есеп әдісінің бір түрі кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын шығару. Шаруашылық процесі мейлінше жан-жақты, әр-түрлі. Олар құжатта бірнеше түрлі көрсеткіштермен, өлшемдермен жазылады. Ал бухгалтерлік есептің ерекшелігісол, ол барлық көрсеткіштерді, бір өлшеммен ақша өлшемінде көрсетеді. Сол үшін еңбек көрсеткіштерін, заттай өлшемдегі көрсеткіштерді ақша өлшеміне аударып, кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын анықтайды.
Кәсіпорын жұмысын басқару үшін, сол шаруашылықтағы процестердің барысын бақылап, ондағы шығынның нақты көлемін мүлтіксіз дәл анықтап біліп отыру керек. Бізге белгілі, өндіріс процесіне үш түрлі элемент қатысады, ол адам еңбегі, шикізаттар мен материалдар және негізгі қордың амортизациясы. Әрине, өндіріс процесінде көптеген қосалқы шығындар болады. Бухгалтерлік есеп сол шығындарды жеке-жеке есептеп қана қоймай, олардың қортынды есебін шығарады да, онымен қатар өндіріс өнімінің құнын немесе өзіндік бағасын анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілді калькуляция деп атайды.
Халык шаруашылығы есеп-қисабының мақсаты туралы айтылғанда, оның ерекше орындайтын міндетінің бірікәсіпорын мүлкінің түгелдігін қамтамасыз ету дегенбіз. Бұл үшін бухгалтерлік есепте инвентаризация немесе түгелдеу тәсілі қолданылады.
Кәсіпорын шаруашылығында әрбір өндіріс қоры, еңбек қоры, қаржыландыру қоры түгелдей қатысады да, ал негізінде әрбір шаруашылық процесі нәтижесінде олардың әрқайсында өзгеріс болады. Осы орайда олар өзара өте тығыз байланысты. Онымен қоса кәсіпорын шаруашылығына басшылық ету жұмысын ұйымдастыру үшін, кәсіпорын мүлкінің қай уақытта қаншасы бар екенін, қанша кіріс немесе қанша шығыс болғанын білу өте қажет. Осындай құбылысты түгелдей бір жүйедегі есеп-қисапқа алу үшін, кәсіпорын мүлкін жеке-жеке, түр-түрімен бөлек еесптеу керек.
Қорыта келгенде, кәсіпорын мүлкінің және қаржыландыру қорларының шаруашылық құбылысындағы өзгерісін, тағы басқа шаруашылық операцияларды топтап, бір жүйеге келтіріп, есептеу үшін қолданылатын тәсілді счеттар жүйесі немесе бухгартерлік счет дейді.
Шаруашылық процестерді счеттар жүйесіне тіркеу үшін қолданылатын бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілді « екі жақты жазу» дейді. Бұл әдістің негізі сол, шаруашылық процестерді өзара байланысты екі бухгалтерлік счетқа тіркеу арқылы есепке алады.
Бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілдің бірі-бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс дегеніміз, кәсіпорын мүлкін және оның қаржыландыру қорын өзара қарама-қарсы байланыстыра отырып, бір жүйеге келтіріп, қорытындылап, нақты бір күнге қандай қалыпта екенін, қандай мөлшерде екенін экономикалық топтау нұсқауында көрсететін әдістәсіл.
Отчет. Бұл тәсіл кәсіпорын шаруашылығын өткен бір мерзіміндегі қорытындасын
( нәтижесін ) көрсететін әдістәсіл. Негізінде кәсіпорын жұмысының қорытындысы әрбір ай сайын шығарылады. Мысалы, айлық пайда жоспарының орындалуы, тағы басқа көрсеткіштер туралы отчет жасалады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]