Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бекзат Саттарханов

Қазақ үшін туған Бекзатым-ай
20 жасында Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, көк байрағымызды Сидней аспанында желбіреткен Бекзат Саттарханов тірі болғанда, 4 сәуір күні 26 жасқа толар еді. Амал не, сұм ажал дарынды спортшыны арамыздан ерте алып кетті. Бір көңіл жұбатарлығы, Бекзат тым қысқа ғұмырында бойындағы ерен талантын туған елінің игілігіне жаратып үлгерді. Бағын шаршы алаңнан іздеген сан мыңдаған өскелең ұрпаққа үлгі болып қалды.
Қазақ боксының мақтанышын мәңгілік есте сақтау және өскелең ұрпаққа үлгі тұту үшін бокстан жастар мен жасөсіпірімдер арасында жыл сайын турнир ұйымдастырып келеді. Басында аталмыш турнир Бекзат туып-өскен Түркістан қаласында өткен. Соңғы екі жылда Шымкентте ұйымдастырылатын болды. Биылдан бастап турнирді жандандыру мақсатында оған «Халықаралық» статус берілді. Сонымен қатар, осы додада топ жарған боксшыларға «ҚР спорт шебері» деген атақ берілді.
Бес күнге созылған дәстүрлі турнирде Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей (Калининград облысы) және Қазақстанның барлық аймағының былғары қолғап шеберлері бақ сынады. «Спорт шебері» атағы берілетін болғандықтан, еліміздің намысын осы атақтан үмітті кілең талантты жас боксшылар қорғады. Ал шаршы алаң иелері Бекзат ағаларының аруағы риза болсын дегендей, тамаша өнер көрсетіп, 6 салмақ дәрежесі бойынша топ жарды. Бірақ турнир барысында сәл бұра тартулар кездесіп жатты.
Сонымен Б.Саттарханов атындағы халықаралық турнирде мына боксшылар жеңімпаз атанды: А.Албосынов (46 келі), А.Қабылханов (48 келі), Т.Мәдиев (51 келі), Т.Диханбаев (54 келі), А.Әлібеков (57 келі), Б.Бексейітов (60 келі), Н.Мұстафаев (64 келі), Ә.Түрметов (69 келі), Ж.Касабудский (75 келі), С.Халикулов (81 келі, Өзбекстан), А.Сидров (91 келі, Ресей), Т.Баймұхаметов (+91 келі).
Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама сапындағы балғын боксшыларымыздың біразы – осы Бекзат Саттарханов турнирінен бастау алған үздіктер. Кезінде Бекзаттың өзі де Алматыда өткен Ескендір Хасанов атындағы халықаралық турнирде шеберлігімен танылып, мамандар назарына ілікпеп пе еді? Олимп шыңын бағындырған қазақ ұлдарының саусақпен санарлықтай ғана екендігін ескерсек, Бекзат есімін мәңгілікке есте қалдыру үшін жасалып жатқан бұл шара тым аз. Жастарға үлгі-өнеге болу үшін Бекзаттың «өз елім, жұртым, қазағым үшін» деп шиленісті жекпе-жектерде жеңіп шықандығын әрқашан олардың санасына сіңіре білу керек. Бекзат жайлы жазылған жазбалар жоқтың қасы. Оның өмір жолын, жеңіске деген құштарлығын насихаттайтын кітаптар да бірді-екілі...

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]