Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Баяндама

Баяндама
Қазіргі кезде “ақпараттандыру”, “білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдіс.
Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық курстарды” пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Диплом жұмыстың тақырыбы «Лаплас теңдеуін торлар әдісімен шешу» тақырыбына электрондық курс құру.
Диплом жұмысының мақсаты: Frontpage бағдарламасын қолдана отырып, “Лаплас теңдеуін торлар әдісімен шешу” тақырыбын жан-жақты ашып, сәйкес зертханалық жұмысты ұйымдастыру үшін қазақ тілінде электрондық курс құрып, оны оқытушыларға әдістемелік дидактикалық құрал ретінде ал студенттерге негізгі құрал ретінде ұсыну.
Диплом жұмысының өзектілігі: қазіргі кезде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қашықтан оқыту кезеңінде ана тіліміздегі оқулық құралдар, әдістемелік нұсқаулардың аздығы бәрімізге белгілі. Сондықтан, студенттер және оқытушылар үшін қазақ тілінде шығарылған әдістемелік құралдың маңызы зор. Ал қазақ тілінде құрылған электрондық курс, сабақтарды жүргізуді жан-жақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай құралдар оқушылармен студенттердің ынтасын көтеріп машықтандырады.
Электрондық курс: Автор туралы, теориялық бөлім, зертханалық жұмыс, тапсырма, тапсырма жауаптары батырмаларынан тұрады.
Сонымен қатар бұл электрондық курсты жасау үшін Frontpage, Ulead Cool 3d, Gif animation, бағдарламаларын мүмкіндігіне қарай талдап, әртүрлі мүмкіндіктерін пайдаландым.
Теориялық бөліміне тоқталсақ:
Дербес туындылы дифференциал теңдеу деп- ізделінді функция U( ) тәуелсіз айнымалылар және олар бойынша алынған дербес туындыларды байланыстыратын теңдеуді айтады.
(1)
(2-ші ретті дербес туындылы сызықтық дифференциал теңдеу)
түрінде берілсе, онда (1) теңдеуі сызықтық деп аталады.
Мұндағы А,В,С,а,в,с - коэффиценттері х,у-тен тәуелді болулары мүмкін. Егер бұл коэффиценттер x-пен y-тен тәуелді болмаса, онда (1) теңдеуі тұрақты коэффицентті дифференциалдық теңдеулер деп аталады.
(1) теңдеуін толықырақ қарастырайық.
теңдеудің дискриминант деп аталады. Теңдеулер дискриминантының таңбасына байланысты (1) теңдеуін төмендегідей типтердің бір класына жатуы мүмкін.
D>0 эллиптикалық тип
D=0 параболалық тип
D<0 гиперболалық тип
эллиптикалық тип теңдеуі ішінен 2 топқа бөлінеді: Лаплас теңдеуі, Пуассон теңдеуі
(1) теңдеуіндегі B=D=E=F=0 болса
Зертханалық жұмысқа келсек:
Торлар әдісін қолдана отырып Лаплас теңдеуі үшін төбелері болатын квадратында қадаммен Дирихле есебінің жуықтап шешімін табу қажет. Есепті шешу барысында Либманның орташаландыру итерациялық үрдісін дәлдікпен қолданамыз.
Сонымен қатар бұл тақырып бойынша 15 вариант тапсырма берілген. Келесі түймеше Тапсырма жауаптары. Бұл жауаптарды оқушылар мұғалімнің көмегісіз көре алмайды. Өйткені бұл жауаптарды көру үшін жасырын пароль енгізілген.
Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web-беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML-редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы – FrontPage бағдарламасы да Web-беттерді құру үшін құрылған.
Web-беттерді құрудың ең оңай жолы – бұл мастер мен шаблондарды қолдану болып саналады. Мастер бір немесе бірнеше экран беттерінен құрылған бірнеше сұрақ қою нәтижесінде, сіздің қажеттіктеріңізді анықтайтын және результат нәтижесінде қанағаттанған құжатты генерациялайтын (арттыратын) бағдарламалық модуль. Шаблондар дегеніміз – мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Frontpage электрондық мәтіндерді кәсіптік құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар HTML тілінің барлық мүмкіндіктерні білуді қажет етпейді. Соның арқасында кейбір маңызды мәселеге сүйеніп, электрондық курстың көркемделуіне, Web – беттердің дизайндық өңделуіне көп көңіл аударуға болады.
Frontpage тілінің екінші бір мүмкіндігі ол Microsogt Office файлының ішінен кез келген мәтінді қабылдап алуы. Мәтінді көшіріп немесе қиып алу үшін Word-тағы кез келегн мәтінді немесе мәтін үзіндіісін белгілеп алып, оны буферге көшіреміз. Келесі қадам осы мәтінді редактордың кез келегн жеріне қою арқылы аяқталады, ал Frontpage автоматты түрде оны HTML форматына ауыстырып жазады. Терілген немесе көшірілген мәтін броузерде сол қалтында өзгермей қалады.
Диплом жұмысын электрондық курс ретінде қолдану барысында студенттердің, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артатынына сенеміз.
Диплом жұмысының нәтижесін, қазіргі заман талаптарына сай қойылған шарттарды қанағаттандыратын, оқу үрдісінде қолдануға болатын, шағын электрондық курс деп санауға болады.
Жұмысты студенттер зертханалық жұмыстарды орындау барысында, сол сияқты өз бетімен жұмыс жасау үрдісінде әдістемелік нұсқау ретінде қолдануға болады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]