Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бағалы қағаздардың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері

1 бөлім. Бағалы қағаздардың теориялық мәні, олардың жіктелуі және түрлері
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері
Қазіргі нарықтык экономиканың қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндетгемелерінің кең түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әржақтарын сипаттайды. Солардың екеу-үшеуін қарап өтейік:
І.Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу қүқын дәлелдейтін қарыз алушының берген заңды қүжаты.
2. Қарыз міндеттемесі - карыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін қүжаты.
Сонымен, қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды түлғалардың, яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын қүжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оған одан әрі үстаушыға дейін қызмет ететін түлғаны эмитент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін үстаушының арасында үстаушының қүқын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан күжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржы жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етудің 3 түрлі жағдайы кездеседі;
1. Тепе-теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.
2. Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек, сақтаудағы
қоры мол, сондықтан бүл субъектінің басқаға несие беруге мүмкіндігі бар.
3. Қаржыға тапшылык жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда туындайды.
Демек, бүл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.
Кез келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де, қаржы тапшылығында отырғандар да бір үлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі шаруашылык субъектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне несиеге беріп, орнына қарыз міндеттемесін алады. Ке-рісінше, бүрынғы қарыз міндеттемесінің орнына қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз міндеттемесін борышқор несие берушіге жазып береді. Ол борышқор несиесін өтегенше несие берушіде сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену қүқынан оны орындату қүқы туындайды.
Қаржы міндетемелерін жеке түлғалар да, мемлекет те және Орталық (эмиссиялық) банк те шығаруы мүмкін. Қаржы міндеттемелерінің шаруашылық айналымында қолдануын есептеуді қаржы активтері деп атайды.
Қаржы активтері мен оны айналымға түсіретін үйымдық түрінің ор-ганикалық бірлігін елдің каржы жүйесі дейді. Үйымдық түрғыдан қаржы жүйесінің негізін ақша нарығы және капитал нарығы қүрайды. Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған қарыз міндеттемелерін біріктірсе, капитал нарығы бір жылдан көп уақытқа шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы, Бүл инвестициялық қорлардың нарығы.
Өз кезегінде каржы нарығы алғашқы және екінші (қосалкы) нарық болып та бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қаржы міндеттемелері орналастырылса, екінші нарықта оның бүрын шыққандары айналымда бола-ды. Демек, алғашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде сатып алынып, қайта сатылады.
Артық каржысы бар және тапшылық қаржы жағдайындағы шаруашылық субъектілері бірімен бірі 3 түрлі тәсілмен байланысты болуы мүмкін: тікелей, қаржы делдалдары арқылы және қаржы институттары арқылы.
1. Тікелей қаржыландыру тәсілі артық қаржысы бар субъект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, несие алушының міндеттеме қайтару портфелі үлғаяды.


2. Делдалдар арқылы қаржыландыру мүнда делдал ретінде брокерлер мен
дилерлер жүреді. Бүл тәсіл бойынша кор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не
дилер өзінін қарыз міндеттемелерін шығармайды. Олар кор биржасы атынан делдалдық
қызмет атқарады.
3. Қаржы институттары, яғни коммерциялық банктер, сақтандыру және
инвестициялык компаниялары, зейнетақы қорлары қаржы жағдайлары қарама-қарсы
субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады. Бүл үйымдар несие
алушының қарыз міндеттемелерін (алғашқы қарыз міндеттемелерін) өздері сатып
алып, оларды қаржы жағдайы артык субъектке сатады.
Осындай жанама түрде қаржыландырудың артықшылығы қаржы институттарының несие берушіні қызықтыратын қаржы міндеттемелерін шығаруы. Мысалы, банктік депозиттер (сактауға берілген бағалы қағаздар), өмірді сақтандыратын полистер, зейнетке шықканнан кейін берілетін қаржы туралы зейнетақы жоспарлары. Міне бүл міндеттемелер несие берушіні әрі сенімділігімен, әрі қайтарымдылығымен, әрі алуға оңайлылығымен және қолайлылығымен өзіне тартады. Бірақ бүл жағдайда қаржы институттары қарыз міндеттемелерінің қайтарылмау (өтелмеу) қаупін өздеріне алады.
Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады:
шығару уақыты;
айналым мезгілі немесе алғашқы нарықта сату;
өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу. Қарыз міндеттемесі
иемденушіге кіріс түсіреді.
Қарыз міндеттемесінің анықтамасы бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз байланыста. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің бағалы қағаздар сияқты арнаулы формасы (нысаны) болмайды. Олардың көбісі келісім қүжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлүмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Бағалы кағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты .
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі
негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар
немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігінен үлесін
көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал
бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың
эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және
тағы басқа заңды түлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және
қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
Қазыналык немесе үкімет атынан Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Бүл қағаздар ең бір сенімді кағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы камтамасыз етеді. Бүл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері - қазыналық вексельдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
- Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорындардың бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады. Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым қүжаты), чектер және бүлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сүраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ал ақша нарығы қаржы нарыгының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі
1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бүл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатылуға түседі. Оларды шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
Бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге, яғни

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]