Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қанның құрамы, қан жасушалары Эритроциттер.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі



№64. Ж. Аймауытов атындағы көп салалы мектеп- гимназиясы




Ашық сабақ








Тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары.
Эритроциттер.


Биология пәні мұғалімі: Елібаева Ш. А.











Шымкент - 2008ж.
Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ағзаның ішкі ортасын, оның
тұрақтылығын ( гомеостаз), қанның құрамын, қан жасушаларын эритроциттердің, олардың қызметтерін түсіндіру.
2.Олардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оларды саналы мінез-құлыққа, салауатты өмір
салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, интерактивті тақта көмегімен өткізу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дискеттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта,
электрондық оқулықтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу.
4.Үйге берген тапсырманы пысықтау. II.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Тақтадағы денені қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, қолдың екі басты және үш басты бұлшық еттеріне (суреттеріне) қарап отырып, үй тапсырмасын сұрау:
1.Бұлшық еттердің негізгі топтары.
2.Бас пен мойынның бұлшық етт
3.Тұлғаның бұлшық еттері.
4.Арқа бұлшық еттері.
5.Көкіректің бұлшық еттері.
6.Құрсақтың бұлшық еттері.
7.Қолдың бұлшық еттері.
8.Аяқтың бұлшық еттері.
9.Бұлшық еттердің қажуы.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағзаның ішкі ортасын – қан
- лимфа
- ұлпа сұйықтығы құрайды.
Ішкі ортаның тұрақтылығы ( гомеостаз) ағза ұлпаларының тіршілігі, дұрыс қызмет атқаруы үшін өте маңызды. Гомеостазды жүйке және эндокриндік жүйелер реттейді.

Қан – дәнекер ұлпаға жатады.
- қан айналым жүйесінде тамырлар бойымен қозғалып жүріп бірнеше
қызмет атқарады.
- оттегі мен көміртегіні тасмалдайды.
- қоректік заттарды, гормондарды тасмалдайды.
- зат алмасу барысында түзілген қажетсіз өнімдерді алып кетеді.
- жасушаларды бір-бірімен байланыстырады.
- иммундық жауаптарда қызмет етеді.
- жсушалардың қышқылдық және су деңгейін қалыпты ұста
- қанның ұю қасиеті бар.

Ересек адамның орташа қан көлемі 5-6 л.

Қан – плазма ( қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі)
- қан жасушалары – эритроцит
- лейкоцит
- тромбоцит

Егер ерітінді қосылған ұйымайтын қанды ыдысқа құйып тұндырса, 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты- плазма деп аталады.

Плазма – су - 90-92%
- глюкоза – 0,12%
- май – 0,7-0,8%
- тұз – 0,9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7-8% - альбуминдер (4,5% )
- глобулиндер (1,7-3,5%)
- фибриногендер (0,4%)
Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.
- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы (сыворотка) дейді.
Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04% -дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады.

Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары)

Эритроциттер. - ядросы жоқ. Олардың орташа d – 7,2-7,5мкм - құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар
Гемоглобин құрамында темір (гем ) және нәруыздық бөліктер (глобин ) кіреді. - қанның 1мм көлемінде 4,5-5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді . Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Нв + О2 = НвО2 (оксигемоглобин)
Нв + СО2 = НвСО2 (карбоминогемоглобин)

Қаназдық (анемия) ауруының пайда болу себептері:
1. Қандағы эритроццттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.

IV. Қорыту.
Жаңа сабақты жинақтай келе мына сөзжұмбақты шешеміз.
1 Б
2 И
3 О
4 Л
5 О
6 Г
7 И
8 Я


1. Қан пластинкалары.
2. Қанның қызыл түйіршіктері.
3. Оттекпен қосылған гемоглобин.
4. Қанның түссіз жасушасы.
5. Қанның қызыл түсті пигменті.
6. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы.
7. Ағзаның қорғаныштық қабілеті.
8. Эритроциттерде қандай органоид жоқ.


V. Оқушылардың білімін бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
(56-суретті салу).

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.006 ]