Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Құрылыстардағы есеп берулердің аудиті

3.2 Құрылыстардағы есеп берулердің аудиті

Аудитор мекемеге келу барысында құрылыс ұйымының есеп саясатымен және келіп түскен негізгі қорлардың есебін ұйымдастыру, құрылыс пен реконструкциялары және т.б. толық танысып шығуы керек.
Жаңа ғимараттар мен құрылыстар, берілетін жабдықтарды, жаңа жабдықтарды сатып алу мен орнату, аукционда сатып алу, жарғылық капитал құрылтайшыларының объектілерге қаржылық салымдары мен т.б. негізгі құралдар кәсіпорынға келіп түседі. Сәйкес құжаттардың негізінде барлық объектілердегі негізгі құралдар толығымен және уақытылы кіріске алынуы тиіс.
Күрделі құрылысқа кеткен шығындардың үйлесімділігін аудитор міндетті түрде тексеру мен күрделі салымдардың өзіндік құнын анықтауы керек. Күрделі салымдарды тексеру мен өзіндік құнын есептеу үшін № 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты пайдаланылады.
Бұл шотта барлық шығындар: ғимараттар мен құрылыстарды соғу, жабдықтарды монтаждау және сметада қамтылған басқа да шығыстар, құрылыстың қандай әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан күрделі құрылысқа қаржылық-сметалық есеп айырысулары есепке алынады.
Құрылыстық-монтаждық жұмыстарға аталып өткен шығындар объектінің құрылысы мен реконструкцияларының басынан соңына дейінгі жалпы жиынтықтардың өсу жолымен есептелінеді. Ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстарын проектік пен басқа да ұйымдарымен орындалған жұмыстарға төлеген сомаларында белгілейді. Негізгі қорлардың құнын өсірмейтін шығындарға құрылыстың құрама сметалық есеп айырысу құнымен қамтылған құрылып жатқан мекемелердің негізгі қызметіне кадрларды дайындау шығындарды жатқызады.
Құрылыстық – монтаждық жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Аудитор құрылыстық – монтаждық жұмыстарды орындаудағы жұмсалған шығындар есебінің корреспонденциялық шоттарының дұрыстығын тексеруі керек. Сондай-ақ алғашқы құжаттардың көрсеткіштерін есеп регистрлері, журнал-ордерлер мен құрылыстық-монтаждық жұмыстардың шығындарын талдап қорыту бойынша құрама құжаттарымен салыстыру қажет. Әсіресе, объектінің бастапқы құнының қалыптасуының дұрыстығына көңіл бөлу керек.
Жалға алынған негізгі құралдарға күрделі салымдары мен күрделі жөндеу шығындарының есебінің дұрыстығын тексеруге аудитор ерекше көңіл бөлуі керек. Жалға алынған объектідегі негізгі құралдарға күрделі салымдардың шығындары жалдау бойынша келісім-шартымен қарастырылады. Олар арендатордың қаражат есебінен, жал төлемін төмендету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егер келісім-шартта жалға алынған объектілерге салымдарды арендатордың есебінен жүзеге асырылады деп қарастырылған болса, онда жал мерзімінің аяқталуымен қатар арендаторға өтеусіз беріледі.
Инвестиция – күрделі құрылыстағы сәйкес шаруашылығына ұзақ мерзімді қаржылық салымы жатқызылады. Аудитор инвестицияны тексеру барысында тексеру програмасын өңдейді, онда ерекше көңіл келесілерге қойылады:
- ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың баланста дұрыс бейнеленуін тексеру;
- бухгалтерлік жазбаларды (алынуы мен пайдалануы бойынша корреспонденциясын жасау) дұрыс жасауды тексеру;
- ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың синтетикалық шоттағы ақапараттарының аналитикалық шоттағысымен сәйкестігін тексеру.
Тексеру құжаттарына: баланс көрсеткіштері, Бас кітап, журнал-ордер №10,12 мен алғашқы құжаттары жатады.

Мекемеге аудит қызметін ұйымдастыру үшін келесі кәсіпорын құрылымын ұсынамыз, онда ішкі аудит ұйымды тексерудің негізгі рычагы болып табылады.

«Батсу-Строй» ЖШС-ң құрылымы

Кәсіпорын директоры


Ішкі аудиттің қызметі


Бухгалтерия
Кадрлар бөлімі



Аймақтар
Өндірістік бөлім




Аудитті жоспарлау мен ұйымдастыруда әрбір нақты өндірістік, жабдықтаушылық және қаржы-өткізушілік іс-қызметінің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Тексерілудің көлемі, бағдарламасы, әдістемесі мен техникасы өндірістің, жабдықтаудың, өткізудің, қаржының, есептің, ішкі шаруашылық бақылаудың, нарық жағдайы, активтер, міндеттеме мен капиталды басқарудың тиімділігіне ықпал ететін факторлардың шын мәнісіндегі жағдайына байланысты өзгеруі мен толықтырылуы ықтимал.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]