Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Айналым капиталының жіктелуі.

Айналым капиталының жіктелуі.
Айналым капиталын жоспарлау,есептеу және анализ тәжірибелерінде келесі белгілері бойынша жіктейді:
1.Өндіріс процесіндегі функцияларды рөліне байланысты –айналмалы өндірістік қорлар және айналыс қоры.
2.Жоспарлау,басқару,бақылау тәжірибелеріне байланысты –нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары.
3.Айналым капиталын қалыптастыру көздеріне байланысты-жеке меншік айналым капиталы және қарызданған айналым капиталы.
4.Ликвидтілігіне байланысты ,яғни ақшаға айналу жылдамдығына байланысты – тез өткізілетін айналым құралдары, баяу өткізілетін айналым құралдары.
5.Капитал салымдарының тәуекел салымдарына байланысты- минималды тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,азайтылған тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,орташа тәуекелділікті салымдар айналым капиталы,жоғары тәуекелділікті салымдар айналым капиталы.
6.Материалдық-заттық мазмұнына байланысты-еңбек құралдары (шикізат,материалдар,жанармай,аяқталмаған өндіріс және т.б.) дайын өнім мен тауарлар;ақша қаражаттары және де есепшоттағы қаражаттар.

1)
Айналым құралдарының топтары. Құрамына кіретін құралдар.
1.Айналмалы өндірістік қорлар (өндіріс сферасындағы немесе өндіріс процесіндегі қорлар) 1.1. Өндірістік қорлар (запастар)
-шикізат
-Негізгі материалдар
-сатып алынған жартылай фабрикаттар
-жанар май
-қосымша материалдар
-арзан бағалы тез тозатын құралдар
1.2.Өндіріс процесіндегі құралдар
-аяқталмаған өндіріс
өзі өндірген жартылай фабрикаттар
-болашақтағы шығындар.
2. Айналыс қорлары(айналыстағы айналым құралдары) 2.1.Өткізілмеген өнім:
-кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім
-тиелген бірақ ақысы төленбеген өнім
- қайта сатуға алынған тауарлар
2.2.Ақша қаражаттары
-касса
-есепшот
-валюталық шот
-бағалы қағаздар
-Басқа кәсіпорындармен, мекемелермен есепайырысулар.

2. Басқару деңгейіне байланысты нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын құралдарға айналмалы өндірістік қордың барлық құрамы және айналыс қорының қоймадағы өткізілмеген дайын өнім түріндегі құрамы жатады.
Нормаланбайтын құралдарға айналыс құралдарының қалған элементтері жатады, яғни, тұтынушыларға жөнелтілген, бірақ бірақ әлі ақысы төленбеген құралдар және есеп айырысулар мен ақша қаражаттарының барлық түрлері жатады. Нормаланатын айналым құралдары кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрініс табады, ал нормаланбайтын айналым құралдары жоспарлаудың объектісі болып табылмайды.
3. Айналым құралдарының жеке меншік және қарызданатын болып бөлінуі кәсіпорынға ұсынылатын айналыс құралдарының шығу көздері мен түрлерін көрсетеді, яғни айналым құралдарының қолданылу мерзімі уақытша әлде тұрақты екенін көрсетеді
Жеке меншік айналым капиталы кәсіпрорынның меншік капиталы ( жарғылық , резервтік капитал) негізінде қалыптасады, бұл құралдар тұрақты қолданыс режимінде және жоспарлау объектісі болып, қаржылық жоспарда көрініс табады.
Қарызданған айналым құралдары банктік және банктік емес несиелерден, облигациялық займдардан, кредиторлық және т.б. берешектерден қалыптасады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Бұл құралдарға қажеттілікте жоспарлау объектісі болып қаржылық жоспарда көрініс табады. Әр түрлі елдерде жеке меншік айналым құралдары мен қарызданған айналым құралдарының арасындағы әр түрлі қатынастарды пайдаланады. Ресей- 50/40, АҚШ- 60/40, Жапония – 30/70.
4.

1 Толық ликвидтелетін активтер 1.1. Ақша қаражаттары
- касса
- есепшот
- валюталық шот
- басқа ақша қаражаттары
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
2 Тез өткізілетін активтер 2.1. Жөнелтілген тауарлар
2.2. Дебиторлық берешектер:
- тауар, жұмыс, қызмет үшін
- вексельдер есепшоты
- бюджетпен
- қызметкерлермен т.б.
3 Баяу өткізілетін активтер 3.1. Болашақтағы шығындарды алып тастағандағы қорлар және сатып алынған құндылықтар бойынша ҚҚС

5.

1 Минимальды тәуекелділікті салымдар айналым құралдары 1.1. Ақша қаражаттары
- касса
- есепшот
- валюталық шот
- басқа ақша қаражаттары
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
2 2.1. Дебиторлық берешек
2.2. Өндірістік қорлар
2.3. дайын өнім мен тауарлар қалдықтары
3 3.1. Арзан бағалы, тез тозатын бағалар
3.2. аяқталмаған өндіріс
3.3. Болашақтағы шығындар
4 4.1. Күманды дебиторлық берешек
4.2. Тұрып қалған өндірістік қорлар
4.3. Жоғары нормативті аяқталмаған өндіріс
4.4. Сұранысқа ие емес дайын өнім мен тауарлар т.б.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]