Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Айгерим

Адамның диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ-қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет!
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарын, екі аяқты!-
Адамдық хайуанға қанша қажет ?!

деген өлең шумақтарын ел ішіндегі бірлі-жарым зиялы азаматтар сөзге құлақ түрмейтіндіктен туған[10]

Демек, біз Ахметтің «Маса » өлеңдер жинағынан оның ел күін өзгертудің ағартушылық жолдан басқа бір арнасын іздеп сезіне бастағанын байқаймыз. Осы тұрғыдан келгенде С.Қирабаев Ахметтің ақындығын былай деп көрсетеді: «Ахметтің төл ақындық мұрасы негізінен «Масаман» шектеледі. Кейінгі өмірде біз Ахметтің поэзияға қайта оралмай, негізінен басқа салаларда еңбек еткенін тілейміз. Ендеше, ақындық қызметінің бір кітаппен шектеліп қалуының өзі оқырмандардан «неге?» деген сұраққа жауап іздетеді.Оған жауап та Ахметтің өз өлеңдерінде

Мен жазған кеңес,
Мақтаным емес,
Ат шығармақ ақындық.

Ер батқанда-жорғалық,
Молда жоқта-молдалық

Байқасақ жерде,
Бауыздар кезде
Үн шығу бар емес пе!
Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес пе?!-
дейді ол «Масаның» 1922 жылы қазанда басылған нұсқасына қосқан «Жауап хаттан» өлеңінде. Бұл сөзіне және жазуды кейін кәсіп етуіне қарағанда, Ахмет өзін ақын санамаған.Оның ақындығы мұқтаждықтан, қажеттікті өтеу парызынан жоқтың орнын толтыру талабынан туады.Қазақ қоғамының ХХ ғасырдың ббасындағы күрделі де қиын даму жағдайларын түсіне білетін, оны елге жаны ашырлықпен жеткізіп сол жағдайда ол ел дамуының , халық тағдырының қандай бағдар ұстауы керектігін көрсетеді. Ол елді ұйқыдан оятуға тырысты , халықты өнер-білімге үгіттей отырып, отаршылдыққа қарсы наразылық үшін тартты»[6]

Демек, А.Байтұрсыновтың «Масасы» талай елді оятты. Алдымен ой бар , ақылы бар жас таланттар оянды.

Ұлт-азатшыл бағыттың көрнекті өкілі, ұлтының ұлы ұстазы, рухани көсемі А.Байтұрсынов та ұлт-азатшыл бағыттың негізін қалап азаттықтың ақ жолын ұсында. Оның осынау күрес жолындағы ел санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар ең әсерлі қаруы-жалынды жырлары мен өткір де ойлы мақалалары болды

А.Байтұрсынов –шығармашылықтық еңбектің қай саласында болмасын мол мұра қалдырып қоғамдық өмірдегі ұлттық тарихымыздағы өз орнын айқындап кеткен ірі тұлға.Ол- тілші ғалым ағартушы ұстаз, тәржімадан төл туынды тудырған аудармашы, көшелі сөздің көшін бастаған көсем сөзші, өлеңіне азатшыл ойды арқау еткен ақын, елінің ескіден қалған сөзін терген ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, сөз өнерінің қисынын тауып қиюын ойған әдебиеттанушы ғалым.
А.Байтұрсынов поэзиясы азатшыл рухымен дараланады. Ол ақын ретінде қазақ поэзиясына күресшілдік сарын әкеліп, азаттық жырдың азық үлгісін шашты. Осының айғағы ретінде біз оның «Маса» атты өршіл де төңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар жинағын көреміз. Ол- Ахметтің ақындығын паш етіп, өз тұсындағы қазақ ақындарының алдынғы қатарына шығарған туынды.
А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы 1911 жылы Орынборда басылып шыққан. Ол өз өлеңдерінде өнер-білімнің шынайы құдіретіне табынуға, олардың қадір-қасиетін атақ пен шен, мансап пен байлық көзіне айналдырмауға үндеп, Абай тағылымын әры қарай жалғастырады. Қараңғылықтың құшағында мүлгіген халыққа: «Аш көзіңді оянып» деп қозғау салып, ұран көтереді

1967 жылы Америкадағы Колумбия университетінің профессорлары Эдвард Олуорд, Ян Муррей, Мэтли, Карл Х.Мэнгес өз шәкіртерімен бірлесіп Нью-Йоркте ағылшын тілінде «Орталық Азия орыс билеген ғасырда» деген кітап шығарыпты. Мұнда Орта Азия халықтары мен қазақ халқының өткен ғасырдың 60- жылдарынан бергі жердегі экономикаклық, саяси, мәдени даму жолдары сөз болады. Әсірес олардың ұлттық сезімінің оянуы, интеллектуалдық жағынан өсуі әдебиетінің дамуы жөнінде көп ойлар айтлған. Сол кезде өзіміз «Халық жауы» деп мансұқ етіп келген А.Байтұрсыновымыз туралы барлығы 16 бетте пікір білдірген. Оның саясат,әдебиет, мәдениет майданындағы үлкен істерін ерекше бағалаған.

Американдықтар А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектеріне де арнайы тоқталған. Ахметтің «Маса», «Қырық мысал» кітаптарының елді ағарту, жастарды тәрбиелеу ісіне маңызын жоғары бағалайды. «Анама хат» өлеңінен:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам ,-
деген екі жолын келтіріп мұның әке тағдырына байланысты жара екенін айтады. [12]
Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде ұлы Абай тапқан соқрпақ –орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.Бұрынғы ескі ерттегі, хикая үлгілері емес енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиялы-жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметік ойға ықпал ету мақсатымен жаңа жол ашты.Бұл үлгі кейін жарияланған өзінің төл өлеңдерінде өзгеше сарын ретінде жаңаша сипат алды.

А.Байтұрсынов атына әбден тәнті болып, оның өз қатарлы саналы қазақ зиялылырының көсемі деп таныған М. Әуезов болатын.
Сөйтіп, А.Байтұрсынов қазақ поэзисына күресшілдік, сарын әкеліп азаттық жырдың озық үлгісін әкелді.
Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың ұлт үшін еткен еңбегі ұшан- теңіз. Біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарын жазған ұлы ағартушы.
Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ алфавитін жасаушы ұлт ұстазы.
Үшіншіден, қазақ әдебиеті мен мәдениетін зертеуші тұңғыш филолог- ғалым.
Төртіншіден, қазақ халқына адал қызмет еткен күрескер, қоғам қайраткері.
Бесіншіден, үлкен ақын, шебер аудармашы, көсемсөздің көш бастаушысы.

Ахмет есімі екі ғасыр тоғысы тұсындағы алмағайып та туған елінің елдігін, туған ұлтының халықтығын сақтап қалу үшін қандықасап күрескерден тайсалмаған табандылығымен, далдығымен қымбат. Бұл есім-өткен дүниенің азапты ауыр шырғаланды шақтарын барынша айқын шынайы шындықпен суреттеу арқылы бүгінгіміз бен болашағымызға да парасатты ой көзімен үңіле білуімен қымбат. Баба тарихтың ұлы көшкеруені
істіндегі қазақ халқы барына қанағат, жоғына салауат айтар және жомарт, және нәмәрт қалпымен болашаққа бет алған жаңа ғасыр тоғысында ұлтының рухын көтерер ұлы ойларының өміршеңдігімен қымбат.

Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз төңкерісшіл-демократтық поэзияның қазақ әдебиетіндегі негізін қалап, қазақ өлеңіне азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін алып келді. Ендеше ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының «Рухани көсемі» (М.Әуезов)
өнер мен ғылымның сан саласын жете меңгерген, елінің ұлттық санасының оянуы мен азаттығы жолындағы күресте қатыгез тағдырға қайыспай қкрсы тұрған азаматтық нартұлға- А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасына бүгінгі ой сана биігінен қарауымыз керек.









































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ысмағұлов Ж. «А.Байтұрсынов» «жұлдыз » 1992 №1 138-152 беттер.

2. «Ақ жол» Өлеңдер мен тәржімелер , мақалалар және әдеби
зерттеу/құрастырғандар Р.Нұрғалиев. Алматы: «Жалын»1991 464 бет.
3. «Бес арыс» Естеліктер және зертеу мақалалары және эсселер.
Алматы. «Жалын» 1992 180-261 беттер.

4. « М.Әуезов және әлем әдебиеті» Алматы 1999 61-65 беттер.
5. С.Қирабаев «Ахметтің ақындығы»

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]