Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Доктор Генри Линк

Адам мен наным-сенім арасында өте тығыз байланыс бар. Доктор Генри Линк "Дінге оралу" кітабында АҚШ Психологиялық зерттеу мекемесінің басшысы ретінде 15 321 әйел мен ер адамдарға жүргізген зерттеуін әрі 73 226 психологиялық тестің нөтижесін былай деп түйіңдейді: "Кісілік пен мінез дінге аса құлықсыз әрі ғибадат үйлеріне бас сұқпайтындарға қарағанда, бір дінге сенетіндер мен ғибадат үйлеріне үзбей барып түратын жандарда әлдеқайда орнықты әрі анағұрлым жоғары. Гарвард университетінің философия профессоры Уиллиям Джеймс "Уайым-қайғыны емдейтін бірден-бір дәрі, ол — діни сенім",- дейді.
Доктор А.А.Брилл шын діндар адамның психикалық ауруларға ұшырамайтыңдығын айтуда.
Психология мамандары тарапынан мықты наным-сеніммен қоса дұға арқылы адамның уайым, күйзеліс, үрейленуден арылатындығы анықталған. Ал бұл үшеуі (уайым, күйзеліс, үрейлену) көптеген ауруларды тудыратыны белгілі.
Буддадан кейінгі үнділердің ең үлкен лидері Махатма Ганди: "Дұғалардың көмегі болмағанда, аз уақытта-ақ жынданып кетер едім",- деген.
Дұға — жердің тартылыс күші секілді шынайы құдірет. Ешбір ем қонбаған кездері дұға арқылы небір кісілердің ауру-сырқау мен мұңды күйден қүлан таза айыққанын көрдім",- деп жазған. Психиатрлар жүйкеміз жүқарып, жан-дүниеміз аласапыран күй кешіп қатты қиналған сәтте, ішкі қайғы-мүңды біреуте ақтарудың емдік рөлі бар екенін айтуда. Тірі жанға тіс жарып айтпайтын ішкі сырларымызды, қайғы-реніш мұңымызды бәрін көріп-білуші, бәріне құдірет күші жететін Аллаһ Тағалаға ғана ақтарып, сонымен ғана бөлісіп, содан ғана көмек тілей аламыз.
Дж. Доминиан "Ажырасу" атты кітабында діни салт-жорамен өткен некелесу салтанаты нәтижесінде ажырасулардың анағұрлым аз кездесетіндігін атап өткен. Аталмыш еңбекте өзіндік наным-сенімнен мүлдем ада жандарда, керісінше ажырасулардың тым көп кездесетіндігі статистикалық мәліметтер негізінде дәлелденген.
Наным-сенім жұтаңдығы нәтижесінде адамның өмір сүруге деген қызығушылығы жоғалып, өз-өзіне қол жүмсау әрекеттері де жиілей түседі. Материалдық тұрғыдан рахатка кенелуді барша проблеманың шешімі деп білетіндер статистикалық мәліметтерге кез жүгіртер болса, ол ойларынан еріксіз айнитыны сөзсіз. Айталық, АҚШ-та жыл сайын 100 дәрігер өз-өзіне қол жұмсайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ньң мәліметіне сүйенсек, 1955 жылы Жапонияда 22 477 адамның өз өмірін өзі қию оқиғасы тіркелген. 1978 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Швецияда 20 мың адам өзін өзі өлімге қиғаны өкінішті. Осы тұста материалдық санадан аса алмай экономикалық өрлеуді ғана мақсат деп ұғатындар мықтап ойланғаны жөн. Өйткені аталмыш елдердің дамыған, ғылым-білім, мәдениет деңгейі де жоғары екені даусыз. Фрейд пен Адлер тұжырымдарының қате екені де айдан анық. Өйткені адам рахатына барынша көңіл бөлінген бұл елдерде жыныстық мәселеде еркіндік берілгеніне қарамастан осыншама өз-өзін өлімге қиюдың кездесетіндігі неліктен?
Ал керісінше нәпсіқұмарлыққа шектеу қойылған, олардың көзқарасы бойынша консерватившіл болып табылатын Мысыр елінде өзін өзі өлімге қию оқиғасы жоқтың қасы, он миллионда беске тең. Жапонияда болса он мыңда бес. 1962 жылы Мысырда өзін-өзі өлімге қиюдың 14 оқиғасы кездескен. Түркияда ресми статистика бойынша, 1962 жылы 100 000-да 0,6, өзіне қол жүмсау саны - 197. Байқап қарасаңыз, халықтың бақытты болуына материалдық жағынан барынша қамтамасыз етілу жеткіліксіз. Ал мынау діннен алыстап, руханияттан қол үзу нәтижесінде шіріген ағаш кейпін құшып, жығылуға бейім мөдениеттің жай-күйі: Америкада маңызды қылмыс саны 1960-1970 жылдары 144 пайызға артқан. 1955-1965 жылы жеке мүлікке қарсы жасалған қылмыс саны Франция, Англия, Италия мен Норвегияда 100 пайызға, ал АҚШ-та 200 пайызға өскен. Әр 1000 кісі -басына шаққандағы ауыр қылмыс саны -Швецияда 78,5; Данияда 64,5; Германияда 44,2: АҚШ-та 41,2; Францияда 34,6. 1974 жылы бір ғана Францияда жасалған қылмыс саны — 1 827 373. Ұрлық-қарлық, алаяқтық, жалған ақша жасау қылмыстары 1973 жылы 6,57 лайызға, 1974 жылы 12,07 пайызға көбейген. 1972 жылы күн сайын тіркелген 2700 ұрлық іс, 1973 жылы 3081-ге жеткен.
Ислам діні болса ата-ананы құрметтеуге, оларға ізетті болуға тіпті "түһ" деп те кейіс білдірмеуге тәрбиелеуде. Бұл жайында Құранның "Исра" сүресінің 23-24 аятгарында былай дейді: "Раббың, кесімді түрде мынаны бұйырды: Тек қана Аллаһқа ғибадат етіңдер! Әке-шешеге жақсылық жасандар! Егер олардың біреуі немесе екеуі де сенің жаныңда қартайса, оларға "уф" деп кейіс біддіруші болма! Оларға зекіме! Екеуіне де жылы сөйле. Оларға кішіпейілділік танытып қамқор құшағыңды жайып: "Уа, Раббым! Олар мені кішкене кезімде қалай мәпелеп, тәрбиелеп өсірсе, сен де оларды мейіріміңе бөлей гөр!" - де".
Адамды жаман қылықтардан арылтуда діннің ықпалы зор екені анық, Мәселен, АҚШ-та ішімдікке заң жүзінде тыйым салынған 1930-1933 жылдар аралығында-ақ үкімет екі миллион каржы жүмсады 9 милиард беттік еңбек жарық, көріп, кең көлемді үгіт-насихат, жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса 500 кісі түрмеге жабылып, 200 кісінң өмірі қиылды. Бірақ бәрібір арақты түбегейлі жойып, халықты ішімдіктен аластата алмады.
Ішімдікті қойдыру жөнінде психикалық таддау мамандары да нақты ешқандай шешім айта алмауда. Бүгінгі таңда психиатрия саласында ғана ішімдікті тастату төңірегінде профессорлардың жүмыс жасап жатқаны мәлім. Алайда емделіп шыққан маскүнем екі ай өтер-өтпестен баяғы әдетіне қайта басуда.
Ал осыдан 1400 жыл бұрын хазіреті Мүхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар болса, ізінен ерген мүсылман жамағатының иманын нықтап, сенімін барынша күшейту арқылы езіне түскен Құран аяттарымен бар-жоғы үш кезеңде-ақ ішімдік, арақ атаулыны түп тамырымен жойған еді.
Профессор Айхан "Көкнәр (мак) мәселесі Түркияда" атты кітабындаАҚШ-тағы, өткір героиннен зардап шегушілердің өсімі мынадай статистикалық мәліметтерді алға тартады:
1971 жылы - 600 мың адам
жьшы ~ 612 478 мың адам
жылы – 650 мың адам. Героинте тәуелділер миллион болса, тағы басқа синтетикалық есірткі қолданушылар саны 55 мың адамды құраған. Тұрмыстағы қыжалаттың не екенінбілмейтінхалқының бұл келеңсіздік ненің көрінісі?!

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]