Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қайтқанда

Қайтқанда


Түс кезінде Бөжей, Байсалды, Байдалы бар он шақты кісі Кеңгірбай бейітіне әдейі бұрылып кеп, құран оқып, содан кейін күнбатысқа – Шұнайға қара сапар тартып кетіпті.
Атқосшыларының біреуімен Сатай тілдескен екен:
– Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы дуанға – Қарқаралыға кетіп барады – депті.
Жұмағұл мұны ести сала, өз шаруасын айтты. Құнанбай Абайды шақырта жіберіпті.
Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Абайды қасына ере жүрсін депті.
Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты.
Өзгелеремен алыстан ғана «қош-қош» десіп, Абай атына қарай жүре берді. Шешесі Жұмағұлдың қолынана құла жирен аттың тізгіінін алып, Абайды:
–Кел!– деп шақырып ап,– пісмілдә,– деп, өзі аттандырды. Абай осыны аңғарып, анасының жүзіне қарағанда, Ұлжан бұған біраз көз салып тұрып:
–Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі–күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!– деді.
Абай жүріп кетті. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған секілді. Қазірде бұның жаны ашыған тілеулесі– Бөжей.
Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды.
Құнамбай кішкене қаланың тап ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл татар саудагерінің үйі.
Бүл қалаға аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай пәтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың әркайсысында өзді-өз тобымен ошарылып орнап жатқан Майбасар, Жақып, Қаратай сияқты Құнанбайға тарапты кісілер бар. Майбасарғатиісті атшабар Қарабас, Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз жігіттері, өз атшабарлары – Қарабас та бар-ды
Жиыны отызға тартатын нөкерлер сегіз үйде жатады. Қарқаралының тап ортасы Тобықтының бір аулындай болды. Әке қасынан ергінше ермек тауып кететін.
Бүгін де таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасардың пәтеріне келе жтты.
Бұл уақытта бала сияқты емес. Жас босбалаша киінген. Қара мақпалмен тыстаған түлкі тымағы бар.
Абай Қарқаралыға келгелі, «мешіт» деген сөзді әкесінің аузынан да және басқа атқамінерлерден аузынан да көп-көп есітетін.
Құнанбай өткен жаздан бері бұл атыраптағы ең бірінші мешітті осы Қарқаралы қаласына өз әмір-құдіретімен салғызып жатқан. Сол мешіт бүгін әбден бітпек еді. Қала ішіндегі молда, қалпе атаулы, ел ішіндегі атқамінерлер қарт-қария атаулы мешіт салғаны үшін, Құнанбай ды шынымен көп дәріптейтін.
Өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді.
–Алшекең келеді… мырзаға қазір Алшекең келеді дейді. Соған сендерді шақырта жіберді…тез жүріңдер!– тез жүріңдер!– деп, Майбасар мен Жақыпқа қарады.
Майбасар сеңең ішігінің жеңін киіп, қақпаға қарай беттедй берді. Жақып та солай басты. Абай өзгелермен қалайын деп еді, Майбасар артына бұрылып:
– Абай, сен дежүр!… Атаң ғой, атаңа сәлем бер,– днп мысқыл еткендей сылқ– сылқ күлді.
Осыдан екі жыл бұрын Құнанбай мен Алшынбай достығы құдалыққа соғып, осы Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызын айттырысқан болатын. Алшынбай сонымен Абайға үлкен қайыната болушы еді. Қарқаралыға келгелі, Алшынбай Құнанбайға бірнеше рет келіп, қонақ боп кеткен.
Оның ата тегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деп атайды. Алшынбай– белгілі би Тіленшінің баласы, одан арғы атасы– Қазбек би. Осының бәрі қарағанда қызы тәрізденеді.
Майбасар, Жақыптардың Алшынбай аты аталғанда, аял қылмай жөнелетін себебі осы.
Алшынбай аты Абай бар жерде атаса, Майбасар ылғи ғана ұялтып:
– Қайынатаң осы!… Бұл атыраптың үлкені осы. Үстіне баса кірме!… Кірсең, тәжім ет,– деп тәлкек қыла беретін. Жаңағы мысқыл күлкісіні мәні де сол.
Қазір көше бойымен үшеу-төртеуі келе жатқанда, Майбасар Абайға бұрынғыдан гөрі салмақты түспен қарап, шынын айтқан кісі тәрізденіп:
–Мына мешіттің тойы өтіп, іс жеңілейсін. Кішкене қол босасын. Содан соңң саған айтатын бір үлкен сөзім бар… Ашуланба, баламысың? Өзің зіңгіттей азамат болдың… Алшынбай аулына малды текке беріп жатқан ғой деймісің жұрт,– деді. Абай күндегі дағдысы бойынша, томсарды да, үн қатпады. Іштей Майбасардың нені айтпаған сезеді.
«Осыны әкеммен ақылдасып айтып жүр-ау!…»–деп ойлады.– Онда қалжың емес. Шынының өзі болғаны.
Әйтеуір осы жайды айтса, кәдімгідей қатты мазасызданады… Сүйткен сайын Ділдәдан көңілімен алыстай түседі. Оның аты бұған бір алуан зорлық ноқтасы сияқтанады.
Осы кезде бұлар Құнанбай пәперіне де жетіп, қораның ішінен кіріп еді. Ыю-қию толып жүрген аттылар, жаяулар екен.
Бұл кең ауылдағы топтардың ру-руларын, киімдерімен басқа, тағы бір белгілері айқын білдіреді. Қарабас Абайға әр рудың атына басқан таңбасын да кеше күндіз айырып-айырып айтып беріп еді.
«Анау: «көз таңба» дейтін қос дөңгелек – Арғын, Бошан аттары. Мына біреу «ашамай» таңба– Керей. Ал ана біреу көк ат ше? Е, е, ол «шөміш» таңбалы– Нйман екен ғой. Бұл жақта Найман да бар екен– ау!…– деді. Екі жерде араптың «шын» әрпіне ұқсаған Төре таңбасын да таныды.
Жақып алдымен жүріп кеп, Құнанбай отыратын бөлменің есігін ашты. Үшеу- төртеуі тұтас кіріп, сәлем берісті.
Үйде топсалы үлкен устелдің жанында жуан-жуан ақ жастықтарға шынтақтап Алшынбай мен Құнамбай отыр екен. Мыналар даурыға сәлем бергенде, үйде отырған екеуі бергенде, үйде отырған екеуінің еріндері болымсыз ғана жыбыр-жыбыр етісіп, сараң сәлем алысты.
Келгендер Құнамбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды.
Сөйлеп отырған Алшынбай екен. Сөзін үзіп, мыналарға қарап, аз бөгеліп еді, Құнанбай: «айта беріңіз!» деп ишарат етті.
Соңғы жылдар бойында Алшынбай, Құнанбай достығы талай сыналған. Туыстан да «құдалық», «достық» тәтті болып, екеуі бірі арқылы біріне келген жеңіл-желпі ауыртпалықты есептеспейтін. Сондықтан алғашқы сөзін әлгімен тастап, Алшынбай Құнанбай күткен жауапқа көшті.
— Әуелі жауап сөзінің өзін айтайын, кейінгі шарасын ақылдасамыз ғой. Бөжей анау сөзінің, шапшып жауап беріпті. «Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз!…» депті.
Құнанбай қайсар жауапты есітті де, басын жоғары алып, терезеге жалғыз көзімен қадалып қарап, үндемей отырып қалды. Сұрғылт жүзі түнеріп, қатты ашумен қарайып бара жатқан тәрізді. Бетіде түк атаулысы бозылданып, біліне бастады.
Үй іші үнсіз еді. Бағана есік алдында, ауыз үйде қалған Қарабас есікті ақырын ашып, ептеп басып кеп.
– Майыр кепті, мырза. Сізге келді,– деді.
Құнанбай оған да қыбыр еткен жоқ. Аздан соң есік ашылып, еңгезердей қызыл сары Майыр кірді. Қасында қазақ тілмәш Қасқа бар. Сақалы шошайған, өзі қағылез келген арық сұр. Бұл тілмәш күндіз-түні осында келіп-кете беретін.
Майыр Құнанбай, Алшынбаймен қол алысып амандасып болды да, жерге отырмай, Құнанбай қарсысындағы жалғыз орындыққа отырды.
Бұл майыр Құнанбайдың дегеніне жүре бермейтін. Өз беті, өзжолы бар. Сондықтан жаман атты көрінетін.
Қарқаралы деген округтің әміршісі– Құнанбай мен осы Майыр. Қазақ округті «дуан» деп, мыналарды бірде «дуан басы» деп, кейде Құнанбайды «аға сұлтан» деді. Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы, Майыр орынбасары болатын. Үшінші адамы–кіші сұлтан аталушы еді. Ол қазірқалада жоқ. Майыр Құнанбайға Бөжей жұмысымен кеп еді . Құнанбайдың жаңағы ашу үстінде Майырды керек қып отырғаны да сол жұмыс болатын .
Құнанбай мұндайда ойдағы жұмысына күмілжімей, тұпа–тура кірісетін . Сол әдетімен тез сөз бастап:
–Майыр, сенің атаң аты Тобықты емес аді . Осы Қарқаралыға кеп, бауыр тапқаннан аманбысың? «Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста» деп ем. Сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?…–деді.
Тілмаш бөгеле отырса да, Құнанбай сөзін жеткізген еді. Майыр сасқан жоқ. Саңқылдаған зор даусымен қатты сөйлеп, шұбыртып кетті…І
−Әкімшілік өш кісіден кек алу үшін берілмейді бізге... Бөжей Ерлиновтан түскен қағаз көп, тексеру керек! Және ол үшін ренжитін кісілер де көп. Айдатпай тоқтай тұр!− деді.
Осыдан соң екі жағы да шапшаң жоқ сөйлесе жөнелді еді...
−Сөйтіп арналыстырып ұстамақсың ғой? Көздегенің сол ғой?
−Жалғыз мен емес... Бұрын аға сұлтан болған Құсбек, Жамантайлар да солай қарайды. Тіпті мына Алшынбай білетін Баймұрын да солай ойлайды...
– Олар кім? Бірен- саран!.. Олар аздар! Және күндестікпен сүйтеді.
КӨП ЕЛДІҢ КӨП АТҚАМІНЕРІ МЕНІҢ СӨЗІМДІ ҚҰПТАЙДЫ. Көрмей отырмысың соны?
Аз болса болсын. Бірақ закон-

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]