Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қонақ үй / Тарих

Қонақ үй / Тарих

Көп қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, тек Алматы қаласының ғана емес, күллі еліміздің көз тартарлық архитектуралық ғимараты болып табылады. Осы 25 қабатты құрылыс бұрынғы КСРО аумағындағы жер сілкінісінің қаупі бар аймаққа салынған ең биік ғимарат болып саналады. Қолайлы жерге орналасқандықтан, қонақ үй әйнегінен Іле Алатауының ғажайып көріністерін тамашалауға болады. Қара жерден көкке қарай жүзметрден астам биіктікке шаншыла салынған қонақ үй, өн бойымен ғажайып архитектуралық ансамбльді құрайды. Бұл ғимаратсыз, Алматы қаласы мүлде басқаша болып көрінетініне ешбір шәк келтіре алмайсың.
Қонақ үйдің құрылысы кезінде, әлі күнге дейін жаңашылдық мәнін жоғалтпаған жаңа технология қолданылған еді. Шапшаң қимылмен аспанға қол созып жатқан бүгінгі қала мен жаңа құрылыстардың бой көрсетуі аясында, «Қазақстан» қонақ үйі жоғары көркемдік үлгісі мен біртуар архитектуралық шешімімен, әлі күнге дейін қала қонақтарының таңдайын еріксіз қақтырып келеді.
«Қазақстан» қонақ үйі өте ерте уақыттан бастап Алматы қаласының символына айналған еді. Керемет архитектуралық үлгісі, қайталанбас сұлулығы мен сызықтарының тұжырымдылығы, жалпы түрі – осының бәрі жинақтала келе, қаланың сыртқы көрінісі мен еліміздің дамуына көп ықпал етті. Қазіргі уақытта, қонақ үйдің суретін қаламыз бен еліміздің көптеген жарнамалық материалдарынан, ақша қағазынан, қатырма ашық хаттардан, картиналар мен миллиондаған азаматтардың жеке фотографияларынан кездестіруге болады.
Өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасы, жайлылық пен үйдің жылылық аясын қамтамасыз етуге ұмтылысы 2002 жылы «Еуропа Аркасы» наградасымен, ал 2003 жылы сапаға ұмтылу үшін берілетін Платина жұлдызымен марапатталған болатын.
Қонақ күту саласында үлкен тәжірибе жинақтасақ та, біздер біздің қонақтарымыздың қалауы әрқашан өзгеріп отыратынын жақсы білеміз. Бұған тез өзгеріп жатқан уақыт, менталитет пен басқа факторлар әсер етуде. Мұндай өзгерістерге дайын болу үшін біздер барлық уақытта жетілдіру үдерісін басымыздан өткізудеміз. Егер Сіз біздің қонақ үйімізге тоқтайтын болсаңыз, онда Сіз өз көзіңізбен демалу мен қызмет көрсетудегі Сіздің сұраныстарыңызды қанағаттандырып, жаңа тәсілдерді ендіру мен ашу жолындағы біздердің күш-жігерімізді сезініп, әділтұрғыда бағалайтын боласыз.
2006 жылғы 17 ақпанда өткен ашық аукционнан соң, «Қазақстан» қонақ үйі мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтті. Онсыз да жоғары деңгейде болған клиенттерге қызмет көрсету деңгейі, өзінің жаңа қарқынмен дамуы үшін қосымша күшке ие болып, бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.004 ]