Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Экология және денсаулық

Тақырыбы: Экология және денсаулық










































Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.
Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол ситяқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.
Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар.Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.
Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықтарынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды. Адамдардың жұтқаны қорғасын, топырағы пистицид, жегені желім өңірде бұрын соңды кездеспеген аурулар көбейіп барады. Адамдар ракпен, жүрек талмасынан, анемиямен ауруда.Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптасқан.
Экология дегеніміз не? «Экология» гректің oikoss – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос – ғңылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «Организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірінің байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып үйретіп немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуымен қайтуының энергиясы, космостық шың, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын – шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылытын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл(қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа шараларына арналған шикі заттар), жер асты сулары, құрылыс материалдары( мрамор, құм, гранит және т.б), энергия сақтағыш көздері( мұнай, газ, көмір, жаңғыш сланец, жер тезек) жатады. Бұл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойына түзілген.Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі.
Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендейтін болса, олардың қоры азайатыны сөзсіз.Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюмини рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі 150 жылға, мырыштікі 200-300 жылға жетеді екен.
Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта түщы су, оттегі және т.б қосылады. Соңғы 400 жыл ішінде жер бетіне құстар мен сүтқоректілір жануарлардың 130 түрі жойылып кеткен.қазірдің өзінде жойылуға жақындаған өсімдіктер, омыртқалы жануарлармен, кейбір құрт- құмырсқалар түрлерінің саны он мыңнан астам.
Жылдан жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда. Ауылшаруашылық дақылдарын егуге жер дайындау үшін Африкадағы тропиктік ормандардың 70%, Азиядағы ормандардың 50%, Америкадағы тропиктік ормандардың 35% жойылған. Орман алқаптарының қысқаруы көптеген елдерде, сонымен қатар Ресейде, Қазақстанда (Қызылордада, Жамбылда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сексеуілді кесумен солтүстік пен шығыс облыстарындағы өрттер) қарқынды жүруде. Соңғы жылдары орман экожүйесіне атмосфералық ауаның ластануы, әсіресе қышқылдануы, қолайсыз әсерін тигізуде.
Ғалымдарды медицина қызметкерлерін және экологтарды мазасыздандырып отыр, ол су, тамақ, ауа арқылы адам организмне ауыр металдардың құрамаларының – сынап, қорғасын, кадмий, фосфат, нитраттар және нириттер – түсуі.
Жылдан-жылға табиғат қатты қалдықтармен ластанып келеді.
Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды.
Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]