Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сілтеу жаттығулары.

Сілтеу жаттығулары.
Жүру, жүгіру, көптеген үй шаруашылығының, еңбек және спорт қимылдарын жасаған кезде адам қолдарымен, аяқтарымен және барлық денесімен сілтеу жаттығуларын жасайды. Гимнастикада гимнастикалық снарядтармен жасалатын сілтеу жаттығулары қызықты. Бұл жаттығулар күш жаттығуларына қарағанда күштің қызметін кеңінен жан- жақты қолданады және дененің инерция бойынша қозғалуын немесе жекелеген буындарын қозғалысқа келтіреді.
Сілтну жаттығуларында инерция мен тартылыс күшін ұтымды қолдану үшін, оларды гимнаст күшімен қарастырып қолдану қажет. Бұны М. А. Алекперов схемасына қарап жасауға болады. Мұнда гимнаст I тұрған жерінен II жнрге орын аустырады. Бастапқы тұрған жерінде ОЦМ оның денесі С нүктесінде тұр. Бұл уақытта дене салмағы екі құрылымдық бөлшекке бөлінеді: тенгенциалды Р1 және радиалды Р2.
Тангенсионалды компонент О бекітілу нүктесіне қарағанда айналу сәтін құрайды.
Оның көлемі Р бұрыш қатынасына және R радиусына тең болады. Р1 = Р * sin W, мұнда W тік жайдың дене ауу дјрежесі болса, Мр - Р дене салмақ туындысы және бұрыш үлкендігі, бұлар дененің тік жақтан аууын білдіреді. Бұрыш аз болған сайын сандық көлемі де аз болады:
Мр = P * R.




Гимнасттың ОЦМ қозғалу схемасы, айналу осін өзгертумен бекітілген ості айналу.

I - дененің бастапқы тұрған жері, II – дененің орын аустырған жері, Р – ауырлық күш, Р1 - тангенстік ауырлық күш, Р2 - радиалдық ауырлық күш, W – дененің тіктік бұрыштан аууы, W1 - дененің көлденең бұрыштан аууы, R - бастапқы орындағы дененің айналу осіне дейінгі қашықтық, 4/5 R - орын аустырған дененің айналу осіне дейінгі қашықтық , h - бастапқы орындағы биіктік , h1 - орын аустырғандағы биіктік.


Айналу қашықтығы дененің айгалу радиусына және бұрыш үлкендігіне байланысты өзгереді. Ол маңызды мағынасына дененің көлденең тұрғанында ие болады - sin = 900 ,
Дене тігінен тұрғанда 00 ке ие болады.
Екінші бөлімде дене тігінен тұрған кезде, күштің бағыты өзгереді, ол сағат тілі бойынша жүреді белгісі теріс болады. Дене снарядқа байланысты тігінен келгенде, оның мөлшері нольге дейін төмендеп, кейін колденеңге жақындай келе максималды өсе бастайды және белгісі оң болады, сағат тіліне қарсы жүреді.
Р2 радиалдық ауырлық күш әрдайым радиус бойынша жүреді және денені тірекке тартады. Бұл күш мөлшері дененің тіктен орын өзгертуіне байланысты: орын ауыстыру бұрышы аз болған сайын, күш көп болады.Тігінен тұрғанда көбірек, ал көлденең тұрғанда азырақ мағынаға ие болады. Көлденеңнен төмен тұрған секторында ол аиналым осінен, ал жоғары тұрған секторында айналым осіне қарай бағытталған. Снарядтың астында тігінен тұрған кезде Р2 қозғалысы бағытына қарай ауырлық күш бағытымен теңеседі. Бұл сілтеу жаттығулары болғасын бұл күштерге центрлік тепніш күш қосылады. Оның көлемі дене салмағына, дененің ұзындық жылдамдығының квадратіне пропорционалды болады және радиустеріне кері пропорционалды болады:
F = mv2/R.
Тік қалпындағы гимнасттың денесіне бағытталатыны күш әсері оның салмағынан 2-5 есе үлкен болуы мүмкін, әсіресе аяқпен сілку қозғалыстары жасалғанда аталған жағдай орындалады. Тіреу қозғалтқыш аппаратына жүктелетін мұндай ауыр жүк асса тиімді қорғанышты және снарядқа жақсы бекінуді қажет етеді. Снаряттан ауытқып құлау басына құлаумен аяқталуы мүмкін. Оның нәтижесінде көптеген травмалық нәтижелері болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған заңдылықтарды және қозғалыс мезеттері саның теңдігі заңын пайдалану аса қиын сілтеу жаттығуларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған заңдылықтарды пайдалана отырып, гимнасттың қозғалу іс-әрекетін жеңілдетуге мүмкін болады. Бұл жағдай үшін ОЦМ жаттығуының бірінші бөлігінде дене тіректен максималды алшақтанады, ал сілтеу кезінде – қозғалыс санының ең жоғары мезеті пайда болады. Жаттығудың екінші бөлігінде (тігінен кейінгі) дененің ОЦМ-і айналу осіне жақындауы жанбас бөксесі арқылы жүзеге асады. Осы жағдайда R2 радиусының азаюы w2 бұрыштық жылдамдығының өсуіне және ОЦМ денені бірінші сілтеу қозғалысын асып өтетін екі биіктікке көтеру.
Көптеген сілтеу жаттығуларын жасау барысында ең тиімді нітижеге қол жеткізу және гимнаст іс-әрекетін жеңілдету үшін дене мен аяқ өозғалысының мезеттерінің санын қайтадан тарату керек.
Сондай қарапайым секіру, дененің жоғарғы жылдамдығын көбейту, ал аяқтардың қозғалысын жайлату секілді әрекеттерді жасау керек. Жаттығудың екінші бөлімінде тігінен өтуден кейін керісінше дененің арқасында аяқтың бұрыштық жылдамдығын көбейтеміз.
Қайтадан тарату принципінде дененің буындарының арасындағы қозғалыстардың мөлшері көптеген сілтеу жаттығуларын жасауда техниканың негізгі құрамына кіреді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]