Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

“Мүсін” жаттығуы

“Мүсін” жаттығуы
Топ жұп-жұпқа бөлінеді. Психолог жаттығудың өту шартын түсіндіреді. Сіздер бір-біріңізді сезінсін, түсінсін деген ниетпен мүсін ойыны ойналады. Сіз өз серігіңізді “ Саз балшық ” деп ойлаңыз, одан өз образыңызды беретін мүсін жасаңыз. Сол мүсін арқылы сіз өзіңізді топқа таныстыра аласыз. Сіз серігіңіздің денесі мен бет пішіні арқылы жұмыстана аласыз, бірақ ол не істеу керектігін оған айтпайсыз, тек ыммен түсіндіресіз.
Топтың ойыншылары өз серіктерін “ Материал ” ретінде пайдаланып, өз мүсіндерін жасап болған соң пікірталас туады. Психолог келесі сұрақтарға жауап іздейді.
- Сізге көрсетілген образдарды сіз түсіне алдыңыз ба?
- Өз “ мүсініңіздің “ көмегімен қандай ой айтасыз, қандай сезімдесіз? ( авторға қойылар сұрақ )
- Сізден жасаған образды сіз түсіндіңіз бе? ( Мүсін жасауға арналған адамға қойылар сұрақ )
Топтың мүшелері өз сұрақтарын авторларға және олар серіктеріне қоя алады. Жалпы пікірталас болған соң психолог ойыншылардан рольдерін ауыстыруды сұрайды: “ Мүсінші ” “ Материал ” болады, ал мүсінді жасауға “ Материал ” болған адам “ Мүсінші ” болады. Жаттығу пікірталас арқылы өрби түседі.

“ Тап ( шеш ) ” ойыны
Ойынның мақсаты: Топтың жасырған адамын табу, шешу. Ойынға қатысушылардың барлығы дөңгелене отырады және олардың арасынан бір жүргізуші шығуы қажет. Жүргізуші бөлмеден шығып кеткен кезде топ бөлмеде қалған ойыншылардан бір адамды сайлайды. Әрбір ойыешы сол адамның гүлге, талға, ауа-райына және т.б. заттарға байланысты суреттейді делік. Содан соң бөлмеден шығып кеткен жүргізуші шақырылады. Топтағы әрбір ойыншы, тіпті мінездеме өзіне құрастырылған ойыншы да құрастырылған мінездемені айта бастайды.
Бірінші ойыншы: “ Бұл әйел жаздың мамыржай күніне ұқсас. Бірақ, кей мезеттерде аздап жел есуі мүмкін, тіпті жаңбырдың жаууы да ғажап емес ” дейд. Осындай тәртіппен дөңгелене отырған әр ойыншы мінездеме айтып шығады.
Жүргізуші топтың жасырған адамын табуы тиіс. Барлық ойыншы мінездемені айтып болған соң, жүргізуші топтың жасырған адамын көрсету қажет. Ол өз ойын мынадай мысалдармен дәлелдегені жөн. Мен бұл адамды Н деп ойлаймын, себебі, топтың көпшілігі сырт көзге өте сабырлы кейіп танытқан мен өте қызу қанды адам деп көрсетті десе жеткілікті. Егер жүргізушінің шешімі дұрыс болып шықса, онда жүргізуші өзгереді. Ал жасырылған адамға басқа теңеулерді келтіру керек, мысалы үй іші тұрмысында ұсталатын заттар мен байланыстыруға болады. Осындай тәртіппен ойын 3-4 рет қайталанады.
Егер жүргізуші қателессе, мұндай жағдайда ол неге дұрыс шешім қабылдай алмағандығын арнайы талқалау қажет.

“ Шериф және кісі өлтіруші ” ойыны

Бұл ойын үшін әр ойыншыға сәйкесінше билеттер дайындалуы қажет. Барлық билеттер таза болады. Тек екеуінде ғана “ шериф ” пен “ кісі өлтіруші ” деп жазылады. Билеттегі жазу көрінбейтін етіп оралады да жабық пакетке салынады. Әрбір оқушы тек бір ғана билеттен алады, бірақ билетін басқа ойыншыларға көрсетпеуі қажет. Осындай жолмен ойыншылардың басым бөлігі таза билетті суырады, тек қана екі ойыншыға “ шериф ” пен “ кісі өлтіруші ” ролі түседі. Ойыншылардың ешқайсысы ауызша сөйлеспеуі қажет. Олар бір-бірімен көзбе-көз тілдеседі. Барлық оқушылар көзқарастары арқылы “ кісі өлтірушіні ” сезіну керек. Егер бір ойыншы кісі өлтірушіні көзқарасы бойынша тапса қолдарын кеудесіне айқастыру арқылы топқаөзінің “ өлгенін ” білдіреді. Ал егер “ Кісі өлтірушіні ” “ шериф ” рөліндегі ойыншы сезсе, ол “ кісі өлтірушіні ” барлық жұрт алдында жария етеді. “ кісі өлтірушінің ” негізгі мақсаты – адамдарды көзқарасы мен “ өлтіре ” білу.
“ Кісі өлтіруші ”ойынның басында-ақ табылу мүмкін,тіпті кейбір жағдайда ойынның соңына дейін табылмай қалатын кездері де болады.Бұл жерде ойынның қортындысы емес,ойынның қалай өткені басты мәнге ие.


Сыйлықтар ойыны.
Бұл ойын топта бір-бірімен жағымды қарым-қатынаста болу,және жағымды атмосфераны тудыру үшін ойналады.Бұл ойын арқылы топтың социометриялық құрамы анықталады.Ойынға қатысушыларсаны 12-16 адам болса өте жақсы.Ойынның ұзақтығы –35-60мин.Ойын басталмас бұрын ойынға қажетті материялдарды дайындап алады,ішінен ештене көрінбейтін пакет және таза қағаздар.Билеттің саны топтағы ойыншыларды 2-3 көбейткенге тең болғаны жөн.Егер топтағы адамдар саны аз болса әр адамға 3 билеттен беруге болады.
Ойыншылар әрбір билетке адамның бойындағы асыл қасиеттерді жаза бастайды.Ойыншының не жазып отырғанын өзінен басқа еш адам білмейді.Осыдан кейін жазуын ішіне қаратып орап пакетке салады.Психолог билеттерді араластырады.Топ доңгелене отырады да,ал билеттер салынған пакетті орындыққа қойып,орындықты дөңгеленген ойыншылардың ортасына қояды.Жүргізуші пакеттен билет суыратын ойыншыны таңдайды.Ол пакеттен билетті суырып алып оқиды да,сол билеттегі қасиеттр кімге лайық болса соған ұсынылады.Сыйлыққа ие болған ойыншы да билетті оқып,сыйлықты берген ойыншыға алғысын білдіреді де,өзі билет суырады.Сол билетке лайық адамға ұсынады.Ойын осылайша жалғасады.



“ Өзіндік қабылдау ”
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына “менің кемшіліктерім”, оң жағына “ менің жетістіктерім ” деп ойларын бүкпей ашық жаздыру.

Менің кемшіліктерім Менің жетістіктерім
1.
2.
3.
4.

5 минөттен соң 3-4 оқушының өз азғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ “ сын айтуға ” болмайды.
Қорытынды: Тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын, жауаптылығын, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.
Тренинг барысында баяу музыка ойнап тұрады. Ол оқушылардың ашылуына, ойланып айта әрі сөйлеу білуіне әсер етеді.


“ Мен қандай адаммын ”
Бұл сұрақ көбіне өзгелерге қойылады. Ал тренингте ақ қағаз алып,
“ Мен қандай адаммын? ” деп жазып, мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс.
1. Менің өмірім: қандай жетістіктерім мен кемшіліктерім бар?
2. Отбасы әсері: ата-ана, аға-іні, сіңілі-қарындастарым, т.б.
Бұл тренингті де жиі өткізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің жетістігі мен кемшілігін біліп отырады, өз-өзіне қорытынды жасап, кемшіліктерді болдырмауға, азайтуға тырысады.


“ Өзіңді ғана еиес, өзгені де таны ”
Оқушыларға ұлылардың ( жазушы, ғалым, педагог, ақын т.б.) суреттері бар қағаздар таратылады. Балалар еріктері бойынша топтарға бөлініп, ол кісі туралы білгендерін жазып, біреуі шығып оны қорғайды. Оқушыларға ойлануға 5 минөт уақыт беріледі.
Қорытынды: Оқушылар жинақталады, білгендерін еске түсіреді, неғұрлым жақсы қорғау үшін жауапкершілігін сезінеді.


“ Харизматикалық лидер ”
Егер оқушы өзіне өз ортасын, айналасын-дағдылардың көңілін аудара білсе, ол харизма немесе Харизматикалық лидер деген көзқарасты білдіреді. Ол үшін оқушы жан-жақты білімді, өзіне сенімді болуы шарт.
Еркі бойынша ортаға шыққан оқушы: “ Мен харизматикалық лидермін, себебі...” депойын лдәлелдейді. Мұнда ойының біліктілігіне, келтірген

пікірлеріне аса көңіл бөлу керек. Қалған оқушылар сұрақ қойып, жауапты бағалап отырады.
Қорытынды: Оқушы өзін оптимизмге баулып, өмірге дайындығын тексереді. Өзі де тыңдап, өзгені де тыңдата алуға дағдыланады, ой-өрісін кеңейтеді.

“ Мейірім ”
Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. Өзіңнің жақын туысқаның, танысың туралы қандай жақсы сөздер айтар едің? Дайындыққа 5 минөт уақыт беріледі. Көңіліңіз қалаған адамды талдайсыз. Ол туралы әңгімеңіз қысқа, нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыныңызды айту керек.
Қорытынды: “ Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын ”...


“ Мағыналы күлкі ”
Қазір көтеріңуі көңіл мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Ендеше бір-бірімізге күлкі сыйлап көрелік. Тренингтің шарты: көрген жерде жымию; амандасуды мейірімді күлкімен бастау.
- Міне бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып жақсы сөздер айтыңыз.
Мейіріммен күлдіңіз, Енді өзіңіздің сезіміңізге көңіл аударыңыз. Күлген сәтте қандай күйдесіз? Күлкінің әсері бар ма? Егер біреу сізге арнайы жымиса ше? Қиындықты күлкімен жеңе аласыз ба?
Күлкімен 10 минөт табысып,, араласқасын ойларын ортаға саламыз.
Қорытынды: Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.


“ Қиындықты жеңе білу ”
Өмір – күрес. Кейде қуанышты, жақсылық жағдайлармен бірге қиындықтар да кездеседі. Соңғы кезде болған қиындық немесе шешуін тапқан мәселені еске түсіру. Ол мәселені немесе қиындықты қалай жеңуге болады? Ойлануға 10 минөт уақыт беріледі. Содан соң ойларын ортаға сап, ты

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]