Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Орта сынып оқушыларынының дене тәрбиесі

Орта сынып оқушыларынының дене тәрбиесі


Орта сынып оқушылары қатарына V- VIII сыныпта оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады.Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

1. Денені жан-жақты,үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру.
2. Негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суға жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру.
3. Дене қуаты қасиеттерін кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты,күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті ары қарай дамыту.
4. Жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларын ағзаның негізгі жүйлеріне әсері, өнегелілік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру.
5. Негізгі спорт түрлері, жарыстар,снарядтар мен кұрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде бірінші көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру.
6.Таңдап алған спорт түрлері жаттықтыруларымен, өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығулармен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу.
7.Сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысынын ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру.
8.Өзінің дене қуаты мүмкіншіліктерін, бағалау білімділігін қалыптастыру.
9.Тәртіптілікке, жауапкершілікке,дербетікке, ынталылыққа тәрбиелеу.
10.Психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін өзі реттеу негіздеріне үйрету.

Орта сынып оқушыларынының дене дамуының ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтары өсуіне байланысты болып жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетің кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі.Қыз балалардың бойларының тез өсетің кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің биіктіктері жылдам өседі. Жасөсперімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді.
Көп, жоғары жүктемелер сүйек қатаюларын тездетеді де қол, аяқтың ұзын, ортан жілік сүйектерінің өсуін азайтып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкейуі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады.
Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жаста сақал, мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады жастан ақ әйел пішіндес қанқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де жамбас қуысы кеңейді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағыңда әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерің әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдерді жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайлығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселелеріңен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөсперімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, 9% ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстыстық даму физиологиясы мен тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар беру білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпелері екі есеге дейін өседі. Дем алу көлімдері 13 жаста-707 см3 болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін окыған кезден білесіздер өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның жасыны,жынысына,спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратының. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы-бала дем алған кездегі, және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]