Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Автокөліктерді жөңдеу

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Д.М. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті

ШҚМТУ колледжі


Техникалық бөлімшесі
Автокөлік пәндерінің комиссиясы





КУРСТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЕСЕП – ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМАСЫ
« Автокөліктерді жөңдеу» пәні бойынша


Тақырыбы : ЗИЛ – 130 автомобилінің су сорғысын жөндеу.



3002002 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу
және пайдалану» мамандығы

04-КТ-2 тобы





Оқытушы Исин И.С.

Оқушы Сарсембаев Д.Қ.





Өскемен, 2007
МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............................................................................................................

1 Жалпы бөлімі
Жөнделетін узелдін міндет жүктеуі, техникалық
сиппатамасы, құрылысы және жұмыс істеу принципі…………….
Жөндеу технологиялық процесстерін орындау
қажеттілігін дәлелдеу............................................................................
Узелдін негізгі түіндесу орындарын жинауға (бұзуға)
койылған техникалық талаптар мен жағдайлар.................................
Узелдін жинау (бұзу) технологиялық процессі……………………..

2. Технологиялық бөлімі
2.1 Жөнделетің бөлшектің жалпы сипаттамасы,
жұмыс істеу жағдайы............................................................................
2.2 Бөлшекті қалпына келтіру технологиялық процессі .......................
2.3 Қалпына келтіру тәсілдердің қысқаша сипаттамасы.......................
2.4 Бөлшекті жөндеу маршрутың жобалау……………………………..
2.5 Бір қалпына келтіру операциясының өндеу
режимдерін есептеу және жұмыстардың
техникалық мөлшерлеуін орындау…………………………………
2.6 Бір қалпына келтіру операциясының
операциялық картаны құру…………………………………………..
Қолданылған әдебиет тізімі





КІРІСПЕ.
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді.Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 %-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.
Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады.Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.
Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден тұрады.
Күрделі жөндеудің құны ежаңа агрегаттар немесе автомобильдің құнына қарағанда бірщама төмен, алавтомобильдің күрделі жөндеуден кейінгі жүру қашықтығы тек 20 % шамасында ғана кемиді.Сондықтан күрделі жөндеу ұтымды өндіріске жатады.
Автомобильді жөндеуде негізгі экономикалық тиімділігі – қалған қорлардың бөлшектерінің қолданылуы болып есептелінеді.Автомобильдің 70–75 %-ға жуық бөлшектері күрделі жөндеуге түскенде қайтадан қолданылып немесе біраз жөндеуді керек етеді.
Өзінің жұмыс қоры біткен немесе ауыстыруды керек ететін бөлшектер 25-30 % құрайды.Оларға поршень, поршень сақиналары, мойынтіректер, резинотехникалық бұйымдары т.с.с бөлшектер жатады.
Жұмыс беттерінің тозуы мүмкіндік шегі бар және оларды жөндеусіз пайдалануға болатын бөлшектер саны 30-35 %.Автомобильдің қалған бөлшектері 40-45 % қалпына келтіріліп, оларды қайта пайдалануға болады.Осындай бөлшектерге күрделі құрылысты, металл сыйымдылығы көп, және қымбат бөлшектер жатады : цилиндрлер бірікпесі, цилиндр бастиегі, иінді және таратқыш білік, беріліс қорабының, ілініс берілісінің және артқы көпірдің картері және т.с.с. бөлшектер жатады.Осы бөлшектерді қайта қалпына келтіру бағасы 10-50% жасалу бағасынан аспайды.
Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды.Осыған байланысты металл мен энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.
Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, межаникалық, тоттану зақымдарынан болады.Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта колдануға болады.Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген.
Маған берілген тақырып – ЗИЛ– 431810 жүк автомобилінің алдыңғы осінің, оның басқару көпірінің арқалығын жөндеу.
Басқару көпірі жүк автомобилінің негізгі бөлшегі, агрегаты болып саналғандықтан, оның ақаулары жүріс қауіпсіздігіне қатты әсер етеді.Сондықтан мен осы ақауларды жөндеудің тиімді, экономикалық ұтымды әдістерін ұсындым.Менің ойымша, маған берілген тапсырманы мен толық орындадым, және де берілген тақырыпты толық аштым.Мен осы курстық жобамды автомобильдерді жөндеу пәнінен өткен, алған, терген білімімді пайдаланып жаздым.
Қазіргі заманда техника, технологиялық процесстер, құрал – жабдықтар, саймандар өте жақсы дамыған.Сондықтан автомобильдердің ақауға ұшырамай, сынбай сенімді жұмыс істеуін осы технологияларды, технологиялық процесстерді, құрал – жабдықтар мен саймандарды пайдаланып, қолданып автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз шарт.Сол – себепті де қазіргі заманда автомобильдердің сенімділігіне жоғары талаптар қойылады.Менің оқып, алып жатқан білімім осы автомобильдерді жөндеу мен пайдалану болғандықтан, автомобильдерді пайдалануда болатын ақаулар мен сынуларды қарастырамыз.Сондықтан мен осы 4 курс бойы оқыған, жиған білімімді осы курстық жобаны жазуға қолданып, жаздым.

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ.
1.1 Жөнделетін узелдін міндеті, техникалық сиппатамасы, құрылысы және жұмыс істеу принципі.

ЗИЛ-431810 жүк автомобилі 3800 мм базамен кез-келген автомобиль жолдарымен автопоезд құрамында (тіркеменің толық массасы 8000 кг-нан аспауы керек) жүктерді тасымалдау үшін арналған.Кез-келген жолдарда автомобильмен тасымалданатын жүктің салмағы 6000 кг болуы керек.ЗИЛ-431810 жүк автомобилінің базасында зауыт оның көптеген түгөзгертушіліктерін жасап шығарады. Автомобильде төрт тактілі V – тәрізді, 8 цилиндрлі, карбюраторлы қозғалтқыш орналасқан. Жұмыс көлемі – 6.0л, қысым көлемі – 6.5 және максималды қуаты – 110.4 квт. Иінді біліктің айналу жиілігі – 3200 айн/мин. Автомобильдің ең үлкен жылдамдығы – 90км/сағ.
Су сорғысы – ортадантепкіш, цилиндр бас тиегінің алдыңғы жағында орнатылған.
Міндеті – суыту жүйесінде міндетті сұйық айналымы болу үшін ортадан тебкіш сорғысы қолданылады.
Техникалық сиппатамасы – ортадантепкіш сорғыш иінді біліктің шкивінен желдеткішпен бірге белдік арқылы айналады.
ЗИЛ – 431810 автомобилінің су сорғысы көрсетілген:

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.004 ]