Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері

СОДЕРЖАНИЕ

Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері: 5
1 1, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 7
2 ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ 16
2.1 Алғашқы және қорытынды конференциялар 16
2.2 Студентке мектеп үйірмесіне басшылық жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар 17
2.3 Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар 17
2.4 Сынып жетекшіге көмекші студентке арналған әдістемелік нұсқаулар 18
2.5 Сынып ұжымын зертеу және мінездеме дайындау үлгісі 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 22
ҚОСЫМША А 25
ҚОСЫМША Ә 26
Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау 26
ҚОСЫМША Б 27
ҚОСЫМША В 28
ҚОСЫМША Г 31
ҚОСЫМША Ғ 32
ҚОСЫМША Д 33
ҚОСЫМША Е 34
ҚОСЫМША Ж 35
ҚОСЫМША З 36
ҚОСЫМША И 37
ҚОСЫМША Й 39



АЛҒЫ СӨЗ

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.
Н.Ә. Назарбаев
(Мұғалімдердің ІІ съезінде
сөйлеген сөзінен)

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетіндегі лекциясында Қазақстанның әлемдегі елу дамыған, бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру туралы стратегиясы ұсынылды.Онда негізгі басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен алдыңғы қатарлы ғылымды дамыту деп аталып өтілді.
Жастардан жаңа ғасыр талаптарына жылдам бейімделіп, бәсекеге қабілетті болу талап етіледі. Университеттердің алдында жоғары білікті мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Ол үшін студенттер әрқашан жаңа білімдерді игеріп, өзін- өзі жетілдіру жұмысын жүргізуі қажет.
Педагог мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды роль атқарады. Ол оқу тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің практикамен байланыстылығын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық тәжірибе студенттің болашақ кәсіби ісәрекетке дайындығын алғашқы күрделі тексеру құралы және түлектің дайындығын бағалау өлшемі болып табылады.
Кәсіби мамандарды даярлау көп жақты процесс, онда үзіліссіз педагогикалық тәжірибе маңызды орын алады.
Педагогика кафедрасы педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін бірқатар әдістемелік нұсқаулар басып шығарды. 2005 жылы А.К.Игибаева, Н.А.Завалко, Н.С: Мышко, Л.Р.Аубакирова, Г.Т.Тохтарова, М.К.Кусаинова, Н.Б.Игисинова, Н.И.Сухановалардың авторлығымен «Үздіксіз кәсіби дайындық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру» атты әдістемелік нұсқау жарық көрді.
Бұл әдістемелік нұсқау І және ІІ курстағы ҮПТ міндеттері мен мазмұнын кеңірек ашып көрсетеді. Бұл үздіксіз педагогикалық тәжірибелер қазіргі кезде оқу- таныстыру, кәсіби- таныстыру, оқу – тәрбиелік тәжірибелер деп аталады.
Бұл басылым аталған әдістемелік нұсқаулармен бірге (Өскемен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ; 2005ж.), Типтік оқу бағдарламалары. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Үздіксіз педагогикалық практика. 050100 «Білім беру» мамандықтары үшін. Алматы, 2005., Панкеевич Г.И. С.И.Сысоеваның «Педагогическая практика» М.,1999; Е.Б.Весна «Профессиональная педагогическая практика» М., 1999 сияқты құжаттар мен еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Г.Ю.Гущина «Формирование образовательного потенциала студентов в ВУЗе» (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университеті) атты педагика ғылымдарының кандитдаты ғылыми дәрежесіне ізденушінің диссертациялық зерттеуі және « Методические рекомендации в помощь студентам и преподователям пед. институтов по организации непрерывной пед. практики» .- Алма Ата,- 1986 атты оқу әдістемелік құралдар мен нұсқаулар негізінде дайындалды.
ҮПТ студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп, перспетивті мүмкіндіктерін аша түседі. Яғни болашақ педагогтар тиімді білім беру потенциалын қалыптастыруды қажет ететін ортаға түсіп, студенттер алған білімдерін, іс- әрекет тәсілдерін іс жүзінде қолданып, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесін жинақтап, эмоционалды құндылықты қарым- қатынас пен әлеуметтік қасиеттерге ие болады.
Тәжірибе студентке күтілетін іс- әрекет аясында педагогтың жұмыс мазмұны мен міндеттерімен танысуға және теориялық, практикалық курстарды зерттеу барысында өзінің білімі мен іскерлігін бектіпі тереңдетуге мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру;
- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;
- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;
- балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.
Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:
- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;
- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
- әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;
- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;
- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;
- өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру;
- сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;
- сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );
- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;
- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;
- оқушылардың күнделіктерін тексеру;
- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;
- жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;
- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық);
- балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;
- мұғалімдермен, дотарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.
















1 1, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

І курс студенттерінің тәжірибесі педагогикалық мамандықтың негіздерін игеруден басталады. Олар жалпы білім беретін мектептерге бөлініп, педагогика пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес мектептің жұмыс тәжірибесімен, пәнді оқыту әдістемесінің негіздерімен танысады.
І, ІІ курс студенттерінің іс- әрекеттеріне :
1. Танысу:
- мектеп, сынып ұжымының негізгі бағыттарымен, оқу жылына арналған жұмыс жоспарларымен танысу;
- мектептің санитарлық- гигиеналық жағдайымен танысу;
- мектептің пәндік кабинеттерді ұйымдастыру тәжірибесімен, әдістемелік кешенмен, дидактикалық материалдармен танысу.
2. Меңгеру қажет:
Оқушыларды зерттеу әдістемелік кешенін меңгеру (бақылау әдісі, әңгімелесу, сауалнама, іс- әрекет нәтижелерін талдау), алған нәтижелерді талдау.
3. Оқу- тәжірибе жұмыстарына қатысу.
Студенттердің ҮПТ іс- әрекет мазмұнына балалармен, жасөспірімдермен, ата- аналар қауымымен тәжірибе жұмыстары кіреді.
ҮПТ мазмұны төмендегі іс- әрекеттерді де қамтуы тиіс:
-өз пәні бойынша оқушылармен жұмыс;
- сабақтан тыс тәрбие жұмыстары;
- қоғамдық- ұйымдастырушылық жұмыстары;
- кәсіби- бағдарлау жұмыстары.
Аталған іс- әректтерді І- ІІ курс студенттері сынып жетекшісінің, психологтың, пән үйірмесінің жетекшісінің көмешісі ретінде орындайды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]