Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

АЙНАЛМАЛЫ СУ ӨТКІЗУШІ ЖЕЛІЛЕРДЕ ТҰРАҚСЫЗ ҮРДІСТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

1 1 АЙНАЛМАЛЫ СУ ӨТКІЗУШІ ЖЕЛІЛЕРДЕ ТҰРАҚСЫЗ ҮРДІСТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
2
Зертханалық жұмыс 1

3 1.1 Жұмыстың мақсаты

Айналмалы су өткізуші желілерді пайдалануда су қозғалыстарында тұрақсыз жағдайдың пайда болу себептерін және олардың жүйе жұмысына әсерін анықтау, берілген уақыт аралығында желінің түйіндерінде қысымның өзгеру графигін тұрғызу.

4 1.2 Теориялық мағұлматтар

Сумен жабдықтау, ластанған суды әкету желілерін пайдалануда, тұрғызуда, жобалауда, айналмалы су өткізуші желілердегі қозғалысты бірқалыпты деп жорамалдайды. Мұндай жорамал айналмалы су өткізуші желілерді гидравликалық есептеуде қолданылатын тәуелділіктерде, мысалы гидравликалық кедергілерді есептеу үшін гидравликалық кедір-бұдыр құбырлардың квадраттық аймағындағы жүйе жұмысы ұсынылады. Шын мәніне келгенде айналмалы су өткізуші желілерді пайдалану кезінде, олар көбінде тұрақсыз жағдайда жұмыстайды. Соның нәтижесінде гидравликалық соққы, кавитация құбылыстары пайда болады. Ал мұндай құбылыстар желінің жұмыстық сипаттамасына кері әсерін тигізіп, желідегі қондырғы-жабдықтардың қирауына және құбырлар байланысының ажырауына әкеп соқтырады. Олай болса, айналмалы су өткізуші желілердің пайдалану сапасын жақсарту үшін және олардың жұмысын оңтайлатуда құбырларда, желілер жабдықтарында тұрақсыз үрдістердің пайда болу себептерін және желінің негізгі жұмыстық сипаттамасына әсерін білу қажет. Айналмалы желі құбырларында тұрақсыздықтың пайда болуы есептеулердегі қателіктермен және пайдалану шарттарымен байланысқан тұтас бір себеп жинағының әсері.
Негізгі себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
а) есептеулерде ескерілмеген сорғыштар жұмысының тұрақсыздығы. Ол желіде қысымның ауытқуымен байқалынады (зертханалық жұмыста манометрлермен пьезометр көрсеткіштерінің ауытқуы);
б) жүйе бөліктерінің тұрақсыз сумен толуы, зертханалық қондырғыда манометрмен пьезометрлер көрсеткіштерінің ауытқуымен;
в) жүйеде оның тұрақсыз жұмысы кезінде уақыт бойынша шығынның тұрақсыз таралуы, соның нәтижесінде түйін және жол-жөнекей шығындардың өзгеруі. Зертханалық қондырғыда бұл құбылыс түйіндерде қысымның және түйін шығындарының өзгеруімен байқалады;
г) ағыс жылдамдығының қайта таралуынан және ағыстың үзілуінен жергілікті кедергілер болып табылатын арынның жоғалуы пайда болады;
д) әр жеке бөлікте шекара қабатының қалыптасуы және ағыстың қарқынды турбуленттік қозғалысының пайда болуы. Шекара қабаты әсіресе ұзындығы 50d-ға дейінгі бастапқы бөліктерде (d-құбыр диаметрі) қалыптасады;
е) желінің жеке бөліктерінің әртүрлі ұзындықтары есебінен жүйенің өзінің динамикалық тұрақсыздығы (зертханалық қондырғыда да бөлік ұзындықтары бірдей емес);
ж) әр жеке бөліктің гидравликалық кедергілері әртүрлі. Бұл әртүрлі құбырлардың (жаңа болат, болат, шойын және т.б) кедір-бұдырлығымен, қарастырылып отырған бөліктің бастапқы және соңғы қималарда ағыс жылдамдығының әртүрлілігімен байланысты;

5 1.3 Зертханалық қондырғы сипаттамасы

Зертханалық қондырғы төрт айналмалы су өткізуші желі үлгісінен, 3-К-6 ортадан тепкіш сорғыштан, су жинаушы және су беруші бактан, пьезометрлік қалқаншадан, бақылау-өлшеу құралдарынан тұрады (1-сурет): 1. 3-К-6 маркалы ортадан тепкіш сорғыш; 2,3,7,8,12,15- ысырмалар; 4- су жинаушы, беруші бак; 5- сору құбыры; 6- арынды құбыр; 9-ІІ-көтеру сорғыш бекетін үлгілейтін таратушы түйіндер; 10- магистраль (негізгі) құбыр; 11- төрт айналмалы желі бөлігі; 13,14- түйін шығындарды әкету құбыры; 16- пьезометрлік (манометрлік) қалқан; 17- арынды құбырдағы манометр; 18- сору құбырындағы вакууметр;
І,ІІ,ІІІ, ІV- желі айналым саны; а,в,d,с…- желі түйіндері.

6 Жұмыстың орындалу тәртібі

Қондырғы «САБТП және ЖГЖ» кафедрасының зертханасында екі деңгейде орнатылған. Зертханалық жұмыс келесі ретпен жасалынады:
1.4.1 Сорғышты іске қосу ережесіне сай сорғышты (1) іске қосу;
1.4.2 (2) және (3) ысырмаларды ашу. Бұл кезде төрт айналмалы желідегі ысырмалар жабық болу қажет.
1.4.3 Оқытушы нұсқауы бойынша қажетті су таратуды қалыптастыру қажет. Ол үшін негізгі құбырдағы және түйін шығындарды алу орындарындағы қажетті ысырмаларды ашу керек.
6.4.4 Өлшеулерді алып болғаннан кейін сорғышты істен ажырату керек.
6.4.5 Пьезометрлік сызықты тұрғызу үшін қарастырып отырған бөліктің
тік жәнек көлденең өлшемдерін алу қажет. Жүйенің жұмыс жағдайы ысырма (3) көмегімен жүргізіледі және манометр (17) вакууметр (18) көрсеткіштерімен бақыланады. Судың қозғалыс бағытын оқытушы тағайындайды және (8), (12) ысырмалармен реттеледі.

7 1.5 Есеп беруді құру

Өлшеулер нәтижесі бойынша 1.1 кесте толтырылады. Кесте мәліметтері бойынша қысымның желі түйіндері уақытқа тәуелділік графигі тұрғызылады. График үлгісі 1.2-суретте көрсетілген.
Р =f (t) тәуелділігі бойынша жүйенің жұмысына талдау жасап, қорытынды шығару қажет.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]