Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







«Қолданбалы информатика» кафедрасы








Тақырыбы: Коммерциялық банктің
автоматтандырылған анықтамасы








Оқытушы:
.
«___»_________200 ж
Орындаған:
.
Мамандығы: )
Тобы:







Кіріспе
Қазіргі кезде ХХІ ғасыр технологияның дамуы, техниканың жедел өсуі адамзатқа әртүрлі жеңілдіктер береді. Оның бір тәсілі – автоматтандыру. Автоматтандыру кез-келген салада жүргізіледі.
Автомат (грек. аutomatos - өздігіен жұмыс атқаратын) - энергия, материал және хабар алу, түрлендіру, тарту және пайдалану процестерін берілген программа бойынша адамның тікелей қатысуынсыз өздігінен орындайтын қондырғы және қондырғылар жиынтығы. Автоматтандыру өндірістің өнім дәрежесін арттыру, адам еңбегін жеңілдету, оларды ауыр немесе өмірге қауіпті жұмыстардан босату үшін қолданылады. өздігінен жұмыс істейтін қондырғылар өте ертеден-ақ белгілі болды. Алайда автоматтандыру өнеркәсіпте алғашқы рет XVIII ғасырда - өнеркәсіп революция дәуірінде пайдаланылды.
Автоматты басқару – қандай да бір оъектіні (машинаны, приборды, жүйені, процесті) берілген алгоритмге сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару. Автоматты басқару еңбек өнімділігн, басқарудың сапалылығы мен дәлділігін арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады.
Басқару мақсаты – басқарылатын объектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әртүрлі объектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, объектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет жасалады.
Өзара әркетке түсетін басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудың автоматтандырылған жүйесін құрайды. Бұл негізінен өндірістік, тағы басқа кешендер құрамына кіреді.
ХХ ғасырдың 50-жылдарында өндірістік процестер мен өнекәсіптік кешендерді электрондық есептеуіш машиналары арқылы басқарудың күрделі жүйелері дүниеге келді. Бұл жүйелер тобына басқарылатын шаманың мәнін тұрақты етіп сақтайтын автоматты реттеу жүйесі, басқарылатын шаманы белгілі бағдарлама бойынша өзгертіп отыратын бағдарламалы басқару жүйесі, басқару бағдарламасы алдын-ала берілмеген қадағалауыш жүйе енеді. Басқарудың аранаулы автоматты жүйелері техниканың түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Ол авиацияда, ғарыш және әскери техникада үлкен маңыз атқарады. Басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру принциптерін және оларда өтететін процестердің заңдылықтарын зерттейтін техникалық кибернетиканың бөлімі – автоматты басқару теориясы.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулер т.б. автоматтандырылады.









1. Негізгі бөлімі
Бұрын банк өзінің кешенді автоматтандыру жүйесін құрған кезде тек бес-алты адам ғана бөлетен болған. Ал бүгінгі күнде фирма 100-ден аса маманнан тұратын топқа қомақты қаржы жұмсайды, оларға ең бастысы программаның бағасы емес, сапасы.
90-жылдардың соңында банкті автоматтандыру кешенінің өнімін аз қолданатын еді. Міне дәл осы жылдарда қарапайым программалар пайда бола бастады. Олар сенімділік жағынан өте пайдасыз болғанымен де қызмет көрсету жағы сол кезде жоғары деңгейге жатқызылатын еді. Алайда автоматтандырылған программа банктің жұмысын айтарлықтай жеңілдететін болғандықтан олар программаны өздеріне тиімді болу жағына баса мән беріп, жаңа өнімдерді өздері программистерді жалдап құра бастады.
Ең өкініштісі технологиялық жоспарда құрылымның артта қалып қоюы банктық бизнесте Ақпараттық жүйелердің дамуын бәсеңдетті. Бүгінгі күннің өзінде кейбір банктер FOXPRO-да жасалған сапасы нашар программаларды қолданып отыр, бұл жағдайда олардың жұмыстарының көбісі қолмен іске асады.
Алайда банктердің көбеюіне байланысты олардың арасындағы бәсеке өсті және программалық қамтамаға қолданушылардың да талаптарының деңгейі көтерілді. Банктік өнім деген атаудың орнына автоматтандырылған деректер базасы деген ұғым қалыптасты. Қолданушылар осы кезде нарыққа ескіден құтылу жолын көрсетуін талап етті, алайда жауап болмады. Міне, енді банктердің өздері «келешектері үшін» күрестерін бастады. Банктің АТ менеджерлері UNIX, «клиент-сервер» және т.б. жаңа атауларды жиі айтатын болды, банктер бар күшімен жаңа сапалы өнім алуға талпынды. Қажетті нәтижеге жету көбісінің қолынан келмеді. Неліктен? Себебі кәсіби ДҚБЖ негізінде банктің іс-әрекетін автоматтандырылуын қамтамасыз ету үшін банктің штабында тек осы жұмыспен ғана шұғылданатын ондаған талдаушылар, жобалаушылар, прогаммистер болуы керек. Сонымен қатар басқа өндіріс салаларымен байланысты ресурстар тартылады.
Банктің іс-әрекетін автоматтандырудың тиімділігі – күрделі сандармен жұмыс жасаған кезде адамның қателесуі аз болады. Клиентке банктің қызмет көрсетуінің сапасы да жоғары және оған кететін уақыт та аз болады. Банктің ақпараттық және басқа да технолгияларын автоматтандыру стратегиялық тапсырманы шешудің бірден бір жолы. Клиенттерге қызмет көрсетуді автоматтандыру банктер арасындағы бәсекелестік қабілетінің өсуіне әсер етеді. Жалпы біздің өміріміздегі күнделікті пайдаланатын карточкалық жүйенің өзі автоматтандырылған қамтама болып табылады.






















2. Есептің берілгені
Коммерциялық банктердің автоматтандырылған анықтамалығын құру. Ондағы берілетін мәліметтер келесідей: банктің аты, адресі, меншік түрі, салымның жылдық пайызы. Салымның пайызы ең жоғары болып табылатын банкті шығару.
Бұл есепті шығару үшін Turbo Pascal тілін қолданамыз. Өзіміздің деңгейімізге сай программалық қамтама жасау үшін жазбаны қолданамыз. Бұл программаның тиімділігі – банктердің тізімінің арасынан тез арада керекті банкті тауып алу.
Берілген тапсырманы орындау үшін Turbo Рascal тілін пайдаланамыз. Қандай да бір объектіге қатысты программаларда әртүрлі мәліметтерді жинақтап қарастыру жиі кездеседі. Осы есептегі енгізілетін мәліметтер де әртүрлі, мысалы банктің атауы символдардан құралған сөз, ал банктік салымның пайызы сандардан құралған. Мәліметтердің мұндай түрлері үшін Turbo Pascal тілінде арнайы типтер тағайындалған. Бірнеше типті мәліметтерді пайдалану үшін аралас типті мәліметтер қолданылады. Бұл типті Паскаль тілінде жазба деп атайды. Біз қарастыратын есепті шешу үшін осы жазба пайдаланылған. Жазбаның автоматтандыруға өте қолайлы екендігін есепті шығару барысында көруімізге болады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]