Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақ халқының мемлекеттік мәртебесі хақында

Қазақ халқының мемлекеттік мәртебесі хақында

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін,ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын,сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші,жинақтаушы қызметін атқарады.
Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі - қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен «Қ.Р.Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларға » сай қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында ,қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс.Алайда тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді.
Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту , елтаңба , әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас , бір-бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мән беріледі.
Кеңес үкіметі тұсында Ахмет Байтұрсыновты , Міржақып Дулатовты басқа да ұлт зиялыларын қатты толғандырған осы тіл мәселесі еді .Кез-келген халықтың ұлт ретінде жойып жіберудің алғы шарты , тілін жоғалтудан басталатыны белгілі.Мұны ұлт зиялылары алдын-ала көре біліп , жақсы түсінген. Тіл мәселесіне қатысты өзінің ойын А.Байтұрсынов былай білдіреді : “ Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке , оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға , өзінің тілі , әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халіміз оңды емес. Осы күні орыс пен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз
қылып , хат жазса өзге тілде жазып , қазақ тілінен алыстап барады . Бұл , әрине , жаман әдет .Егер тілге осы көзбен қарасақ ,табиғат заңына бағынбай ,біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса ,ол уақытта тілмен де , сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек .”1924 жылы 12-18 маусым аралығында өткен білімпаздар съезі туралы М.Дулатов : «Бұл біздің қазақ-қырғыз жұртында болған жиылыстардың тұңғышы . Бұл жиылыстардың мәні де басқа .
Мұнда қайткенде мәдениет майданында артта қалған қазақ-қырғыз жұртын қатарға қосу , мәдениетін өркендету үшін төте жол , қолайлы құрал табу .Бұрынғы өктем өкімет біз секілді өгей жұрттардың тілін де жоғалтпақ болған , өнер-білімнен де «аман» алып қалу үшін бар күшін жұмсаған.Енді ондай озбырлықтан құтылып, білімпаздарымыз қазақ-қырғыз жұрты үшін жөн-жоба көрсетіп отыр. Біздің ендігі міндетіміз – солардың шығарған қаулыларын жүзеге асыру , пайдалану , » - дейді.Осы қаралған мәселелердің ішінде пікір талас тудырып , көп уақыт талқыланған емле мен қаріп мәселесі болды .
Шынында бұл білімпаздар жиынын шақырудың өзі , қазақ елінің болашағын , мәдениетін , тілін , әдебиетін , емлесін басқа ғылими мәселелерін шешуде жіктелмей , бөлінбей , ортақ мүдде үшін дұрыс шешімге келіп , істі алға бастыру мақсатынан туған мүдде болатын . Алайда , қазақ алфавитін латын алфавитіне көшірер тұста «жаңашыл» ұлт зиялылары мен А.Байтұрсынов , М.Дулатов бастаған «ескішіл» зиялылары арасында үлкен пікір- талас орын алды . М. Дулатов 1924 ж. Орынборда Қазақ – Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде сөйлеген сөзінде мәселеге қатысты өз ойын ашық білдіреді - Қазақ жұрты өнерлі , мәдениетті болуына біз қарсы емеспіз. Жаңалыққа да , өзгеріске де қарсы емеспіз.Бірақ өзгерістің де өзгерісі бар . Күндердің күнінде латын әрпін қолданатын болармыз . Латын түгіл жұрт біткеннің бәрі шапшаң жазуға түсуіне де сенеміз . Бірақ айтатынымыз латынды шабылып , шығынданып ала қоятындай пайдасы көрініп тұрған жоқ . Қайта зияны бар дейміз . Одан әрі баяндамасында қазақ әрпін латын алфавитіне көшірудің артық бейнет екенін дәлелді мысалдармен көрсетіп , « Латын әрпіне өзгертеді екенбіз , корректорларды латынша үйретеді екенбіз , ел
–елде мектеп ашады екенбіз , қызметкерлерді үйретеді екенбіз ,
тағы да толып жатқан шығындары болады екен . Осының бәрі есептесек , бүған миллиондаған ақша кетуінде сөз жоқ . Қаншалық қаражатты , толып жатқан кемшіліктерімізді түзетудің орнына аса ділгірлігі жоқ латынды кіргізу үшін жұмсауымыздың түп қисыны жоқ » – деп орынды уәж , ой айтады. Бірақ бұл ойларға қарсы сын пікірлер де айтылып жатты :»Біз бұл мәселені көп ойлап мынау жолды тәуір көрдік –латыншаны принцип жағынан алу керек.Бастауыш мектептер үшін , басылған кітаптардың аяғында 5-10 бет латыншаға айналсын .Онан кейін оқытылатын кітаптар аралас қаріппен басылсын.Осылай кеткенде 20-30 жылдың ішінде жаңа жолға өту қиын болмайды.
Жаңа қаріпте ешбір зиян жоқ . Ешбір зиян болмайды да. Не пайда бар? Экономика , техника , педагогика жақтарынан толық пайда бар , кедей жұрттың ақшасын бекер шашпаймыз,» - деп жазады.
Ғұлама ғалымдарымыз айтып кеткендей , расында да , қазіргі кезде қайтадан қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесі қозғалып отыр . Бірақ бұл мәселеге екі жақты пікірлер айтылып жатыр .Әйтсе де латын қарпы коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие. Және де көптеген елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.
Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін тоталитарлық жүйе тұсында қазақ тілінің өмірде , ғылыми айналымда қолданыстық аясы тарылып , орыс тіліне үлкен мәртебе беріліп , қазақ тілі оның көлеңкесінде қала берді.
Ұлт зиялыларының қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін жанын салып еткен еңбектерімен , талап тілегімен санаспай , елемей , әкімшілдік-әміршілдік жүйе өз дегенін істеді. «Үмітсіз шайтан » демекші М.Дулатов 1926 жылы «Ауыл тілі » газетінің редакторы ,Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сол уақыттағы төрағасы , белгілі қоғам қайраткері Жалау Мыңбаевқа жазған хатында қазақ тілінің тағдырына аяушылық білдіріп ,қазақ тілінің атынан «Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды ,былдырлатып орысты араластырды.Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды.

Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды,оның үстіне “қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын” деген заң шықты.Төбем көкке төрт елі жетпеді.бірақ не керегі бар ,босқа қуанған екенмін-енді қайтемін? Бұл мұңымды кімге айтамын ,кімге шағамын!....
Жалаужан , мен саған жалбарынам, мені қорға ,таза сақта мені,көрінген тілмәштарыңа қор қылма.Ата-бабаң қазақ еді ғой ,мен солардың тілі едім ғой,ая мені!»-дейді.
Есімізде шығар,Кеңес дәуірінде миллион тұрғыны бар Алматыда жалғыз қазақ орта мекткеп – интернаты болғаны.Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап қана қазақтар негізінен балаларын өз тіліне оқытуға көшті.Мектепке оқушы сыймай ,үш ауысымда сабақ жүргізіп, жаңа мектеп салуға қаражат жетпей дағдарған сәттеріміз де болған.
Қазір ол қиындықтың бәрі артта қалды.«Орыс тілін жетік игерсек,коммунизмге соғұрлым тез барамыз»деген Хрущевтің сөздерінен кейін біраз мектептер жабылды.Бүгінде түгелге жуық қайтадан ашылды.Олар соңғы технологиямен жабдықталған.Мұның бәрі қазақ тілінің қамы емес деп кім айта алар ?!
Кеңестік жүйе ыдырасымен Еуразияның алып құрлығында қос қанатын жайған орыс тілінің үстемдігі бәсеңси бастады.Социалистік жүйеде болған Шығыс Еуропа мен Балтық бойы елдері ,Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттері кенже қалған жергілікті ұлт тіліне мәртебе берісті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясында , кейінгі Ата Заңымызда да ана тіліміз жеке дара мемлекеттік тіл болып танылды.Артынша тіл туралы Заң қабылдадық. Айта кеткен жөн , еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]