Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!

Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!!

Желтоқсанда алаңға,шығып қазақ жастары,
Азаттықтың аңсаған,асқақ әнін бастады.
Бөгде қимыл жасамай,бейбіт жеткен шеруге,
Куә болды сол күні,астананың аспаны.
Куә болды сенімге,үміт күткен биліктен,
Көңілінен жастардың,орын алған биіктен.
Куә болды тағы да,көкке ұшқанын сенім мен,
Күткен үміт күл болып,озбыр күшке киліккен.
Қанды көрген қорқаудай,озбыр күштің екпіні,
Салды сонда сойқанды,ұрып-соғу,тепкіні.
Қасқыр итке талатып,қарусыз қыз-жігітті,
Жанұшырған жастардың,шартарапқа кетті үні.
Қардың беті боялды,нақақ қанға төгілген,
Талай жандар түңілді,сол күндерде өмірден.
Арға тиген мазақ пен жанға батқан азабы,
Қанша жылдар өтсе де,шығар ма әсте көңілден?!
Айуандай ақырған,топас,дүлей,санасыз,
Жендеттердің жәбірін,тартты қыздар шарасыз.
Мұз бетіне аяусыз,отырғызып,сағаттар,
Қойғандарын кім кешер,қалыңдар деп баласыз.
Ләззат пен Сабира,Қайрат сынды жастарым,
Қыршынынан қиылды,тәтті өмірден қас-қағым.
Шейіт болған жастардың,ақ өлімін арулап,
Тәуелсіздік жорығын,халқым тағы бастадың.
Тәуелсіздік жорығын,халқым тағы бастадың,
Тәй-тәй басқан қадамда,қиындықтан қашпадың.
Жылды жылға жылжытып,жаңа шепке шықтың да,
Егеменді ел болдың,шайдай ашық аспаның.
Боздақтардан төгілген,бейкүнә қан киесін,
Қастер тұтып,жоқ қылған озбыр күштің иесін.
Жаңа ғасыр жастары,тағзым етіп рухына,
Жалғастырады олардың,бастап берген күресін.
Бодандықтың беріші – көңілдегі наланы,
Жария етіп жаһанға,ұщқын атып жанары,
Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары,
Бостандық деп,теңдік деп,аттап басқан қадамы.

Мақтиев Қуаныш Какиманович,тарих пәнінің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,Зырян ауданы,Серебрянск қаласы,
Гараж көшесі 7үй,2пәтер. Үй телефоны: 8-337-2-20-34.
Сот. *77771329153.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]