Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны

ІІ. 1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны

1930 – 1932 ж. жүргізген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді және соның нәтижесінде жаңа қағидаға енгізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылады. Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Бріншіден, бұл кездері экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке, ал бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығында 55 % тауарлы астықты мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бес жылдыұ жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мемкемесі шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналыснан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтау нәтижесінде 1929 ж. 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді [7;171].
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. КСРО мембанкінде халық шаруашылығына барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан әрі арта түсті. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастыратын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әр бір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымда шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несеи және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді. Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле басталды.
Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
1930 – 1932 ж. несие реформасын жүргізудің басты себептері.
1929 ж. қабылданған бірінші бес жылдық жоспар бойынша өнеркәсіп, транспорт, сауда және ауыл шаруашылығының көп бөлігі мемлекеттік жоспар бойынша өркендеуі қажет болды. Ол көптеген ресурстарды қаржылық банк жүйесіне жинақтап, орталықтандырып, одан соң жоспарлы түрде халық шаруашылығына бөліп беру қажет. Бірақ бұл міндеттерді айналым қаражатын жоспарсыз бөлумен шұғылданған коммерциялық несие орындай алмады. Онымен қоса өнеркәсіп орындары бірін-бірі несиелеумен шұғылданып, есепті вексельдермен жүргізіп банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде бұл кезде банктың несие алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде, шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі, яғни коммерциялық несие тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшылыққа келіп елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады.
Несие реформасын кезеңде өткізіліп негізі мына мәселелер шешіледі:
1. шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін жою және оны тура банктік несиемен өзгерту;
2. мемлекеттің банктың бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін, яғни шаруашылық есепті енгізу қажет;
3. халық шаруашылығының қысқа мерзімді несиелеу процесін мемлекеттік банкте шоғырлау. өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының қызмет аясын анықтау, шаруашылық орындарын несиелеудің принциптерін бекіту;
4. несие жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банкпен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы қызметін ажырату.
Сонымен, несие реформасының алғашқы кезеңінің негізгі мақсаты коммерциялық несие тікелей банктік несиемен алмастырылды.
Банк несиесі – несие алушыға, жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл оны коммерцмялық несиеден негізгі айырмашылығы. Бірақ банктік несиенің бұл артықшылығы халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қаталері төмендегідей:
• есептеуге автомотизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет) жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрді оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
• несие берудегі автомотизм (немесе жоспармен несие беру): жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарплы түрде несие береді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ беріледі;
• шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластырылуы): әрбір шаруашылық мекемелеріне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің да барлық кірісі де, шығыны да есептеледі, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмейді;
• банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, содай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктерді жойып мемлекеттік банктың халық шаруашылығына қысқа мерзімді несие берудің бірыңғай орталығы және мемлекеттің есеп касса орталығы болуына арналды. Қорыта келе 1930 – 1932 ж. жүргізілген несие реформасының нәтижесіндежоспарлы социолисттік шаруашылыққа сай елде ақша несие жүйесі құрылып, мемлекеттік банк біріңғай өндіріспен тауар айнылымын есептейтін және бақылайтын ақпаратқа айналды [7; 171 – 1736].











ІІІ. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша- несие қатынастарының мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қантарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылданды. Реформаға дейін КСРО және Шығыс Еуропа социялистік елдерінде банк жүйесінің құралымы бірдей бөлді. Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие беруді есеп жүргізуді мемлекеттік валюталық басқаруды орталықтарындыру сияқты ерекше нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты – банктердің құрылымы мен ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе – басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болды.
Сөйтіп Қазақстанда қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуын және ақша-несие қатынастарының маңызын арттыру мақсатында 1988 жылы қаңтарынан бастап банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізілді. Банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде құрылды. Олар:
КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банк
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі
КСРО Жинақ банкі
КСРО Сыртқы экономикалық банк
КСРО Мемлекеттік банкі

• КСРО Мемлекеттік банкі : Оның міндеті - банктердің банкісі ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті – маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банкі: Оның міндеті- өндіріс,
құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізі жұмыстарды несиелеу, күрделі шығындарды қартыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу ;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй
шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды.
• КСРО Агролы - өнеркәсіп банкі; Оның міндетті агролы - өнеркәсіптің кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету.
• КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету.
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ – валюталық жоспардың

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]