Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

.Аяқталмаған өндірістің мәні және есебі.

.Аяқталмаған өндірістің мәні және есебі.

Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.
Басқару бухгалтериясы 90-шы «Негізгі өндіріс», 91-ші «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Қосымша шығындар», 94 «Әлуметтік сала», 95 «Өндірістегі ақаулар» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі.
Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әрбір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясының қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты көзделген.
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтерияна беру 1340 шоттың дебеті бойынша 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Көмекші өндірістер», 8060 «Өндірістегі ақаулар» шоттарының кредиті бойынша (егер де ақауды өндірісте жөндеу немесе түпкілікті ақауды талдау аяқталмаған жағдайда) бейнеленеді.
Келесі есепті жылдың басында аяқталмаған өндірістің 1340 шотында есепке алынған құны басқару бухгалтерияна беріледі. Ол операция жоғарыда айтылған шоттың кредитімен 8010,8020,8030,8060 шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
Осылайша 1340 шоттың дербес маңызы болмайды. Ол аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериянда есепке алуға және оның қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 1340 шот жай шот болып табылады, ол өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есебін жүргізуді талап етпейді.
1340 шотта есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемінде 8010, 8020, 8030 және 8060 шоттарында, яғни басқарушы есептің бухгалтериясында жүргізіледі.
Қайтарылған қалдықтар- бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістің қалдығы.
өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстардың шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б материалдық ресурстары саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық құанды материалдар ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждықтары үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланылса, онда шикізатпен материалдардың бастапқы құнынан төмендетілген баға бойынша;
- қалдықтар қайта өндеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олар жинау мен өндеуге жұмсалаған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар мен материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары бойынша кіріске алады, олардың құнына «Шикізат пен материалдар» бабы бойынша шикізаттармен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 1315 шоттың дебеті бойынша 8010 шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8010 шоттың кредитіндегі таладмалық есеп регистрлеріне жазылады.
Сатып алынған бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипатындағы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп жинақтауға пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кететін шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипатындағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды оырныдауға және белгіленген технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейінгі қорларды жіктеп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз т ранспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізген қорлары (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбекақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылған аударымдарға және т.б).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау сату ұйымдарына төленетін үстемелері (неценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектінің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар.өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындарының құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да еңгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процеспен белгіленген байқау жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждықтарына жұмсалатын сатып алынған энегрияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялаумен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне еңгізіледі;
Өнімнің өзіндік құнына еңгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтын құны алып тасталынады. өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндірі процесінде пайда болған, бастапқы ресурстардың тұтыну сапасын толық немесе ішінара жорғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутартқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын атаймыз. өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материалдар ретінде белгіленген технологияларға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілген материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ , жолай алынатын өнімде қалдыққа жатпайды, олардыңі тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік ұсыныстарда белгіленеді.
Өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылармен қызметшілердің сыйақыларын қоса алғандағы кәсіпорынның негзгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтімділік төлемдері.
Мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы жұмыстардың және төлем құжаттарының сметалары негізінде алына отырып белгіленеді.
Жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салық (21*/* мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. әлеметтік салықтың салық салу объектісі болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанда төленген шығысы жатады.
Үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар. әр бір цехте дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады. Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8014 шоты дебеттеліп және 8040 шоты кредиттеледі.
Жекелеген тапсырысты орындаған кезде өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады. өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.
Кәсіпорынның жұмысының тиімділігін қамтамассыз ету үшін: а)жөндеу-механикалық; б)бу қазандық; в)автотранспорттық;олардың шығыны дайын өнімнің өзіндік құнына келесі тәртәппен еңгізіледі: жөндеу-механикалық цехтың шығыны;бу қазанымен автотранспорт цехтарының шығыны.
Жалпы үстеме шығысын тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап жасалынады. Өндіріске кеткен шығындар цехтар бойынша «Цехтар шығындары» деп аталатьын ведомоста есепке алынады, ал ол төменде келтірілген.
Егер де біртектес өнім шығаратын болса, дайын өнімнің өзіндік құнының бірлігін анықтау үшін жалпы шығын деңгейін шығарылған өнім санына бөледі. Егер де кәсіпорын бірнеше өнім шығаратын бол

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]