Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты-оның жоспарлануы

Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты-оның жоспарлануы.Экспериментті жоспарлау сатысы оның ары қарайғы тағдырын анықтайды,себебі экспериманттің логикалық және хронологиялық схемасын құруға,зерттелінушілердің құрамы мен санын немесе өлшеудің керекті мәнін анықтауға,математикалық өңдеудің жоспарын жасауға,көрсеткіштерді және өңдеу аппаратын ,шешім қабылдаудың бағдарын таңдауға қолқабыс етеді.Егер біз әртүрлі жоспарлар мен схемалардың негіздерін білмесек,бізге эксперименттің сапасын бағалау кезінде қиын болады.Бірақ,кез-келген жоспар сәтті бола бермейді.Мәселен,бірінші тарауда қарастырылған эксперименттер басқаша,келесі түрдегі жоспарлар бойынша өткізілді делік:
1)Бірінші экспериментте тігінші басында наушникті 13апта киіп,соңынан 13апта ештеңесіз жұмыс істесін.
2)Йоко өзінің экспериментінде әрбір шырын сортынан 2банкіні қолдануды шешіп,барлық эксперимент 36күннін орнына 4күнге ғана созылды делік.
3)Джек жаттаудың жарым-жарты әдісін алғашқы 2пьесаға ,ал тұтас әдісті келесі екіге қолдансын.
Бізге бұл жоспарлардың барлығы сәтсіз екені көрініп тұр.Ал егер бізде салыстыру үшін үлгі болса,онда біз неге алғашқы жоспарлар сәтті болғандығын нақты айтып бере алар едік.Мінсіз эксперимент осы үшін қызмет атқарады.Экспериментті абсолютті мінсіз етуге болады ма?Кез-келген экспериментті шексіздікке дейін жақсартуға болады немесе оның мүлдем өткізуге болмайды.Реалды эксперименттер мінсіз экспериментке жақындатылып жүзеге асырылады.
Сондай-ақ идеал эксперимент түсінігі арқылы эксперименттің мінсіздігін анықтауға болады.Идеал экспериментте тек қана тәуелсіз айнымалының өзгеруіне жол беріледі.Қалғанының бәрі өзгеріссіз қалады,сондықтан тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы ықпал етеді.Жақын арада біз идеалды экспериментті өткізу мүмкін емес екендігіне көзімізді жеткіземіз.Дегенмен,идеяның өзі пайдалы болып табылады,біз реалды экспериментті өткізгенде оны басшылыққа аламыз.
Идеалды экспериментте тігінші наушникпен не ештеңесіз бір уақытта жұмыс істеуі керек еді.Джек Моцарт бір уақытта сол жалғыз пьесаны жарым-жарты немесе тұтас әдіспен жаттау керек еді!
Эксперименттің жалпы мазмұны шектелген мөлшердегі мәліметтер негізінде кең қолданыс табатын қорытындылар шығару.Дегенмен ,мінсіз эксперимент идеал эксперимент тәрізді бізге басшылық етуші идея ретінде қызмет етеді.
Идеал да ,шексіз эксперимент те мәнсіз бола алмайды.Оларда әртүрлі кемшіліктер ғана емес,сондай-ақ артықшылықтары да бар және реалды эксперименттерді бағалауда қызмет етуі мүмкін.
Идеал да,шексіз де эксперименттер сәтсіз зерттеу нұсқасының кемшіліктерін жоя алмайды.Мұндай кемшіліктерді мүлдем жою үшін толық сәйкестік эксперименті қажет.Бұл эксперимент сондай-ақ мағынасыз болып табылады,дегенмен іс-жүзінде оны жүзеге асыруға болады.Джек өзінің зерттеуінде одан кейін де жаттайдын пьессаларды жаттауы керек болатын.Мұндай эксперименттен,шексіз эксперименттен сияқты пайда жоқ.
Мінсіз эксперименттін үш түрі де реалды емес.Идеал эксперимент мүмкін емес,толық сәйкес эксперимент –мағынасыз,ал шексіз-мағынасыз және мүмкін емес.Олар «ой» эксперименттері ретінде пайдалы.Олар бізге эффективті экспериментті құруда керек.Идеал және шексіз эксперименттер бізге қалайша сыртқы әсерлерден қашу керек екндігін немесе сол арқылы эксперимент нәтижесіндегі шын мәніндегі тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың байланысын бейнелейтіндігін көрсетеді.Толық сәйкестік эксперименті біз өзгеріссіз қалтыратын эксперименттін айнымалыларын бақылау керек екендігін ескертеді.
Кез-келген эксперименталды зерттеудің мақсаты шектелген мөлшердегі берілгендерге негізделген қорытындылар эксперименттен тыс болғанда да шынайы болуы.Бұл жалпылау деп аталады.Біздің мінсіз экспериментке жасаған анализіміз эксперименталды қорытындылардың шынайылығы екі талаппен анықталатынын көрсетеді.Оларға мүмкін болатын жалпылаулардың заңдылығы тәуелді.Бірінші талап ,экспериментте табылған тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арсындағы қатыс басқа айнымалылардың әсерінен еркін болу керек.Екінші талап-эксперименттегі қосымша айнымалының тұрақты деңгейі практиканың кең аумағындағы деңгейге сәйкес келуі керек.
Біз мінсіз эксперименттін мүмкін емес екендігін ,бірақ реалды эксперименттерді дұрыс жоспарлаудың бастамашыл принциптерін беретіндігін білеміз.Енді біз оларды қолдану туралы сұрақ қоямыз.Жауабы қарапайым,шынайы жүргізілген эксперименттін қаншалықты мінсіз экспериментті көрсете алатынын анықтау керек.Ең алдымен біздің экспериментімізде тәуелді айнымалыға сыртқы әсерлердің мүмкіндігі қаншалықты екенін білу керек.
Өзінің алғашқы экспериментінде Джек Моцарт пьессаларды келесі ретпен жаттады:тұтас-жеке-жеке-тұтас.“Сәтсіз”экспериментте рет басқаша болды:тұтас-тұтас-жеке-жеке.Бірінші жағдайда тұтас және жеке әдістердің орташа позициялары бірдей.Екі жағдайдың бір уақытта көрінуі үшін едәуір репрезентативті болып оригиналды эксперимент болып шықты.
Йоко өзінің алғашқы нұсқасында ол екі шырынды да (“Риттенхауз” бен «Баддин-Били») 36күн бойы кездейсоқ ретте ішіп жүрді.Ал,«сәтсіз» өзгертілген нұсқада ол тек 4 күнмен ғана шектелді.Шексіздікке төрттен гөрі 36 жақын екені анық.Алғашқы жоспар өзгертілген жоспарға қарағанда шексіз экспериментте жақсы көрсете алады.
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс туралы неғұрлым сенімді информацияны идеал және шексіз эксперименттерді жақсы көрсететін эксперименттер береді.Неғұрлым,өткізілген эксперименттегі маңызды қосымша айнымалының деңгейі толық сәйкестік эксперименттегі деңгейіне жақын болса, зерттелетін реалды ситуация соғұрлым жақсы көрсетілген.Реалды эксперименттердің мінсіз экспериментті қаншалықты көрсететініне байланысты.Олар жоғары немесе төмен валидті болады.Валидтіліктің екі түрі бар екендігі белгілі.Біріншісі-ішкі валидтілік деп аталады.Мұнда идеал немесе шексіз эксперименттегі сияқты тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс алынатындай жоспар құру туралы айтылады,яғни жанама әсерлерді шеттету туралы.
Ал,егер эксперимент өзінің жобасы бойынша толық сәйкестік эксперименті кезіндегі нәтижелерді алуға мүмкін болса, онда ол ішкі валидтілікке ие.Ішкі валидтілігі жетпейтін экспериментті сәтсіз деп, ал сыртқы валидтілігі жетпейтін экспериментті –неадеквадты деуге болады.Тіпті эксперимент сәтті жоспарланып,сәтті өткізілгеннің өзінде ондағы нәтижелер мінсіз экспериментке сәйкес екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды.Және де керісінше,сәтсіз жоспарланған эксперимент дұрыс нәтижелер бере алады.
Экспериментті жоспарлау психологияға 1940жылдарға таман енгізілген және қазір психология методологиясының негізгі бөлігі болып табылады.Біз қысқаша қолданылатын жоспарлаудың негізгі түрлерін қарастырайық:
А)Факторлы жоспарлау.Ол таңдап алынған әр түрлі тәуелсіз айнымалылардың үйлесулері есепке алынатын жоспарлау болып табылады.Қарапайым жағдайды алайық.А және А мен В және В тәуелсіз айнымалыларының мағыналарын зерттеу керек деп шешілді делік,төмендегі таблицаға сәйкес 4үйлесім болуы мумкін.

А
А

В
I
II
В
III IV

А В -I-ші группамен
А В - III-ші группамен
А В - II-ші группамен
А В - IV-ші группамен
I, II, III, IV группалар тең болуы керек.Біз мәселемізді нақтылау үшін мысал келтірейік:күтудің екі әр түрлі ұзақтығында (20секунд(А )және 60секунд(А )) және екі жағдайда (сенқос күту(В ),қоқынышпен күту (В ))күтудің реакция уақытына әсерін зерттеу керек болды.Осындай жағдайда жоғарыдағы жоспарлау қолданылады.
В)Латын шаршысы әдісімен эксперименттік жоспарлау.Факторлық жоспарлау-екі немесе бірнеше айнымалылардың өзара әсерін тексеруге рұқсат беретін жалғыз жоспарлау.Дегенмен ,біз көргеніміздей ол өте күрделі эксперимнттерге әкеледі.Бірақ,факторлы жоспарлаудың процедурасын қарапаыймдылау арқылы оның басым жақтарын сақтап қалуға болады.Бұл мақсатқа латын квадраты әдісі бойынша жоспарлау жауап береді.Ол әрқайсысында вариацияның бірнеше деңгейі бар үш айнымалыны бір уақытта зерттеу керек болғанда қолданылады.
Іс жүзінде эксперимент сызықтар мен жиектер бір тұрақты айнымалыға сәйкестендіріліп ұйымдастырылады.
С)Грек-латын квадраты әдісі бойынша жоспарлау.Ол үш айнымалыны бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Грек-латын квадраты әдісі бойынша жоспарлау 4-ші айнымалыны енгізуге жағдай жасайды.Оның принципі үш айнымалысы бар жоспардағы латын әріптеріне грек әріпі қосылады,яғни ол 4-ші тәуелсіз айнымалының мәніне сәйкес.Грек әріптерінің қойылуы латын әріптері сияқты.Мысалы төрт айнымалының үш мағынасында келесі жоспарды құруға болады.

А α Вβ Сγ
В γ Сα Аβ
С β Аγ Вα
Қорытындысында әрбір психологияның эксперименттің жоспары болады, жоспарсыз эксперимент болмайды.Эксперимент жоспарына оның б

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]