Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ.

Қазақстан Республикасының шығысында орналасқан. 1932 жылы 10 наурызында құрылған.Солтүстігінде РСФСР-дің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде және шығысында Қытаймен шектеседі. Жері 97,3 мың км2. Халқы 914,9 мың (1985). Орталығы - Өскемен қ.
Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін Алтай тау жүйесінің және Оңтүстік Алтай жоталары (Сарымсақты жотасы, Нарын жотасы, Үлбі жотасы, Куршім жотасы, Уба жотасы) алып жатыр. Қиыр солтүстігін Қатын жотасы (облыстың ең биік жері — Мұзтау осында, биікт. 4506 м), оңтүстігін Тарбататай, Сауыр жотасы, Бұхтырма бөгенінен батысқа Қалба жотасы қамтиды. Облыстың оңтүстігін алып жатқан Зайсан көлінің шұңқыры біршама жазық келеді. Жер қойнауы пайдалы қазыналарға бай, әсіресе таулы өңірінде полиметалл кендерінің мол қоры шоғырланған. Сонымен қатар сурьма, сынап, қалайы, қорғасын, тас кемір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, мәрмәр, отқа төзімді саз т. б. кендер барланған. 0блыс жерінде Д. И. Менделеев таблицасына кіретін элементтердің басым көпшілігі табылған және олардың біразы ажыратыльш алынады. Климаты тым континенттік, қысы суық, аязды, жазы жылы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда —16—20°С (Марқакөл қазан шұңқырында —25—26°С), шілдеде 18—22°С.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері Зайсан қазан шүңқырында 150—200 мм, тауаралық ойыстарда 400—500 мм, солтүстіктегі биік таулы аудандарда 1000—1500 мм. Облыс жербеті ағын суына бай (Қазақстандағы су қорының 40%-тен астамы осында шоғырланған). Гидроэнергия қоры мол келген ірілі-ұсақты 300-ден астам өзені бар. Басты өзендері Ертіс және оның ірі салалары: Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Ірі көлдері: Зайсан мен Марқакөл, таулы бөлігінде шипалы көлдер (Рахманов, бүлақтары т. б.) көп. Ертіс өңірінде Бұқтырма және Өскемен бөгендері салынған. Облыс жерінде негізінен қара топырақ, тау беткейлерінде ормандык, сұр, шалғындық, қызыл қоңыр топырақ тараған. Зайсан қазан шұңқырында қоңыр, сор және сортаң топырақ жамылғысы кездеседі. Өсімдік жамылғысы биіктік белдеуге байланысты таралған; жазықтар мен тауаралыққа заң шұңқырларда Жусанды дала, тау беткейлерінде итмұрын, долана жемістері, қайың, көктерек, шырша, самырсын, балқарағай, қарағай ағаштары, субальпі, альпі шалғыны өседі. Таутеке, бұлан, марал, қоңыр аю, сілеусін, барыс, қасқыр, түлкі, жабайы шошқа, тиін, ондатра, баргузин бұлғыны кездеседі. Облыстың шығысында Марқакөл мемлекеттік қорығы, Катонқарағай ұлттық паркі бар.
Облыс жерінде қазақтар, сонымен қатар орыстар, украиндар, татарлар, белорустар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыс қалалары — Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Зайсан, Шемонаиха, Серебрянск.
Облыс шаруашылығы көбінде түсті металлургия, электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ, құрылыс индустриясына, интенсивті мал, егіншілік, марал және омарта шаруашылықтары маманданған. Облыс өнеркәсібі негізінен жергілікті шикізат қорына негізделген.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]