Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Шамалар және оларды өлшеу

Шамалар және оларды өлшеу

Жиын жөніндегі ұғым сияқты шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп саналады. Сондықтан шамаға анықтама бермей тек мысалдар қарастыру арқылы ол ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз.
Математикада екі текті шама қарастырылады. Дискретті (үздікті) және үздіксіз (тұтас) шамалар.
Дискретті шамалардың мысалы ретінлде мына сияқты жиындарды алуға болады: табын мал, сыныптағы оқушылар, натурал сандардың жиыны. т.с.с.
Керісінше, ұзындық (ен, жуандық, биіктік, ұзындық кейде осылайша да аталады), (аудан), бет, көлем (сыйымдылық), масса, уақыт, құн, бұрыш, температура, жылу сиымдылығы, жылдамдық, қуат, тоқ күші, кернеу т.с.с үздіксіз шамалар.
Шаманың сан мәні өлшеу бірлігін қандай етіп алғандығымызға байланысты болады да, оның өзгеруіне қарай өзгеріп отырады.
Егер берілген шаманы өлшегенде ол шама өлшеу бірлігімен тікелей салытырылатын болса, онда өлшеудің мұндай түрі тікелей өлшеу деп аталады.
Егер өлшеуіштер бір текті шамаларды өлшеу үшін қолданылатын болса, онда біртектес деп аталады. Мысалы, килограмм мен грамм - біртектес өлшеуіштер, өйткені олар массаны өлшеу үшін қолданылады.
Өлшеуіштердің біреуі негізгі өлшеуіш деп, басқалары туынды өлшеуіштер деп аталады. Туынды өлшеуіштердің әрқайсысы қандай да бір санға көбейтілген немесе бөлінген негізгі өлшеуішке тең болады. Бұдан негізгі өлшеуіштен үлкен туынды өлшеуіштерін оған еселік болатындығы, ал негізгі өлшеуіштен кішілерінің оның бөлігі болатындығы шығады.
Мысалы; ұзындықтың негізгі өлшеуіші метр болып саналады. Километр, дециметр – туынды өлшеуіштер, бұлардың біріншісі негізгі өлшеуішті 1000-ға көбейту арқылы, екіншісі оны 10-ға болу арқылы шығады.
Біртектес өлшеуіштер жоғарғы атаулы және төменгі атаулы болады. Мысалы метр-сантиметр мен дециметрге қарағана жоғарғы атаулы километрге қарағанда төменгі атаулы өлшеуіш болады.
Кіші өлшеуіштің өзінен кейінгі келесі біртектес тетелес өлшеуіштен неше есе кем екндігін көрсететін сан – бұл өлшеуіштердің бірлік қатынасы деп аталады. Мысалы, метрлік жүйеде ұзындықтың барлық өлшеуіштерінің бірлік қатынасы он саны болып табылады, демек олар бір-бірінен есе артық, есе кем болады.




Қолданған әдебиет:

«Математика» Жолымбаев О.М., Берікханов Г.Е.
Сабақтың тақырыбы: Тиісінше бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Тиісінше бөлу іс-әрекеттің мән-мағынасын ашу және сәйкес терминдерді игеруге машықтандыру.

Дамытушылық - екі амалмен шығарылатын есеп және оны түрлендіру. Теңдеуді шешуге машықтандыдыру.

Тәрбиелік: - ұлыстың ұлы күні жаңа жыл, Наурыз мерекесі туралы қазақ халқының салт дәстүрін есте сақтау, оқушыларды адамгершілікке баулу, тәрбиелеу.

Сабақты қазақ тілі, анна тілі, ән пәндерімен байланыстырып өтемін.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, деңгейлік есептер, сауалнама, ұлттық әшекейлер.

Сабақтың барысы;
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атайықшы
- Қазір көктемін нешінші айы?
- Наурыз туралы не білесіңдер?
- Наурыз айының өзгешелігі неде?
- Күн мен түн теңеледі
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Астанадан келген қонақ әжелер мен аталар оқушылардың білімін, тәртібін тексеруге келгені хабарланады. Жақсы жауап берген балаларды қонаққа шақырады.
Балалар, бұл өткен сабақта «бірдей қосылғыштардың қосындысымен» таныстық.
8= 2+2+2+2. 8=4+4. (8-дің ішінде 4 саны екі рет, екі саны төрт рет бар)
8=1+1+1+1+1+1+1+1
8, 6,10, 9,12 сандарын – бірдей қосылғыштардың қосындысы мен алмастыру
- Балалар бұл сандардан басқа киелі сандар бар. Ол қандай сандар? (5,7,9)
- 7 саны қандай сан? Ол сан туралы не білесіңдер?
-«7 ата», «7 шелпек», «7 қазына», «7 ғашық», «жұт 7 ағайынды», «7 күн», «7 жетім»
- «7» саны туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2) Жерден жеті қоян тапқандай
Жұмбақтар шешу
Тау басында төрт бала,
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған (Жылқының 4 аяғы мен тағасы)
Пеш ішінде бес мысық
Пеш қасында бес мысық
Бес күн бойы жаттығып,
Бес балапан кетті ұшып
Мұнда 5 саны неше рет қайталанған?

Жаңа сабақ түсіндіру. «Тиісінше бөлу»
8-4-4
4 қапсырмадан неше бешпетке тігілді? (2)
6-2-2
2 білезіктен неше адам қолына салады? (3)
Сергіту сәті
№3.8 (6.10.9.12) санынан қандай бірдей сандарды біртіндеп азайтуға болады?
10-5-5 9-3-3-3 12-3-3-3-3
10-2-2-2-2-2 12-4-4-4 12-2-2-2-2-2-2
№4
Ересек адам-13
Оқушылар-? -69-ы артық
Ш: 13+69=82 (оқушы)
Ж: Мектепке 82 оқушы келді.
2) екі амалмен шығарылатындай етіп есепті өзгерт:
Ересек адам – 13
Оқушылар? – 69-ы артық
Ш: 13+(13+69)=95
Ж: Барлығы 95 адам

Деңгей бойынша септер шығару.
І, ІІ, ІІІ деңгей
І деңгей (9 оқушы)
1) Тік төртбұрыштың периметрін тап






4 см
2) Есепті қысқаша жазылуы бойынша орында:
Сүт – 33 теңге
Кілегей-? – 27 теңге қымбат

ІІ деңгей (9 оқушы)
1) Амалды баған түрінде есептеп шығар:
38 70 43 75
40 16 18 32
2) Теңдеуді шеш:
х+27=43

ІІІ деңгей (7 оқушы)
1) Есептің қысқаша жазылуы бойынша орында:
Қыз бала-7
Ұл бала-
2) Теңдеуді шеш:
х-18=20
Теідеуді шеш:
х+54=89 89-х=45 х-54=45
х=89-54 х=89-45 х=54+45
х=35 х=44 х=99
35+54=89 89-44=45 99-54=45
89=89 45=45 45=45

Қорытынды: 1) 22- Наурыз Ұлыстың ұлы күні. Осы 22 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.
2) 22 санынан қандай бірдей сандарды біртіндеп азайтуға болады?
3) Білімдерін бағалау

Үйге: (№6) Логикалық есеп құрастыру.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]