Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒЫТТАРЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан Республикасының инновациялық – индустриалды қызметінің дамуы стратегиялық негізге ие бола отырып, құрамдық бөлігі ретінде, әрбір облыс пен қалаға алдымен жергілікті ғылыми-техникалық әлеуетті кең көлемде қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламасын құру қажет.
Нарықтың жоғары дамыған инфрақұрылымын құру мақсатында салынатын ірі инвестициялар болмаса, көптеген облыстардың халықаралық нарыққа шығуы сәтті болмайды. Сондықтан да кез-келген саланың инновациялық – индустриалды қызмет белгілі бір деңгейде оң нәтижеге жету үшін міндеттті түрде капитал салымы болуы қажет.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің жоғары дәрежеде орындалуы төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
• Аймақтың ғылыми-техникалық сферасының жағдайын анықтау;
• Инновациялық-индустриалды қызметтің басымдылығын анықтау;
• Саланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасының бір бөлігі ретінде ғылыми-техникалық сфераны құру;
• Инновациялық-индустриалды қызметтің ресурстарын бағалау;
• Ғылыми-инновациялық сфераны реттеудің тетіктерін анықтау.
Жеделдетілген инновациялық процестердің дамуын қамтамасыз ететін инновациялық саясаттың негізіне ұйымдасқан құқықтық және экономикалық жағдайлар жатады. Бұл жағдайлар аймақтық шаруашлық комплекстің инновациялық дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттерін нақтылайды. Инновациялық – инвестициялық механизмдерді ынталандыруға бағытталған бірыңғай аймақтық саясаттың элементтернің бірі аймақтық реттеу болып табылады. Аймақтық реттеудің мақсаты - өндірістік, инвестициялық, инновациялық процестерді координациялау жөніндегі шараларды қолданумен қатар ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу. Инновациялық процестерді аймақтық реттеудің жүйесі күрделі құрылымды болып келеді және жеке жүйе тармақтарының жиынтығын білдіреді. Оларды өз кезегінде функционалдық белгісімен ерекшеленетін және түрлі реттеушілік механизмдерді қолданатын өз бетінше жүйе ретінде сипаттауға болады.
Инновациялық процестерді тек қаржылық қолдау жүйесі мамандандырылған бюджеттен тыс қордың құрылуын қамтиды. Олар қаржылық қаражаттарының тұжырымдалуын, олардың аймақтардағы инновациялық қызметтің келесі мүмкін болатын тәуекелдердердің өтемі ретіндегі коммерциялық банктердің несиелеріне приоритетті бағытқа бөлінуін қадағалайды. Жанама қаржының қолдау жүйесі мемлекеттік кепілдіктендірудің құрылуын қамтамасыз етеді. Жанама қаржыландырудың қолдау жүйесі аймақтық және салалық нарықтарындағы инновациялық тауарлар мен қызметтерге сұранысты ынталандырады. Бұлар – экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады.

1-сурет. Инновациялық қызметті реттеудің аймақтық жүйесінің құрылымы
Аймақтық құрылыс комплексінде, әсіресе тұрғын үй құрылыс саласындағы инновациялық қызметті белсендіру үшін жағымды сыртқы жағдайларды құру қажет. Оның бірі – жеңілдетілген салық салу облып табылады. Бұл инновациялық кәсіпорынның дамуының болашағын анықтап, инновациялық өнімге қосымша инвестициялардың салымын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аймақтық тапсырыстардың жүйесі нарықтық сұраныстың өсуіне бағытталған. Ол инновациялық өнімге де, инновациялық нарығына да үлкен мән береді. Мемлекеттік тапсырыстың жүйесі кәсіпорындардың шағын міндеттері мен фундаменталды ғылыми-техникалық зертеулердің облыстарындағы аймақтық міндеттерді үйлестіру үшін нақты іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді. Шағын және орта кәсіпорныдардың тұрғын үй құрылыс саласының инновациялық – инвестициялық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету үшін ғылым, интелектуалдық және инновациалық орталықтарды құру қажет. Осы орталықтар интелектуалдық жекеменшіктің қағидалары негізінде және инновацияны жылжытудың ұйымдастырушлық қолдауына негізделеді.
Құрылыс саласын мемлекеттік басқарудың инновациялық саясатын өткізу шараларын қабылданған мемлекеттің құрылымдық саясатының баға саясатымен үйлесімі және қаржылық өндірістік топтардың қалыптасуымен негіздеуге болады. Тұрғын үй құрылыс саласындағы инновациялық-индустриалды қызметтің стартегияларын жүзеге асырудың негізінде қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық және техникалық нәтижелер жиыны республикалық бизнес жоспарлардың күрделі бөлігі болып табылады.

Инновациялық қызмет көптеген капитал салымдарымен сипатталады. Бұл жағдай бұл бағыттағы кәсіпорындардың өз қаражаттарының жоқтығынан және қарыз шектеулігінен дамуды қиындатады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]