Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

адамдар арасында қарым-катынастар

Соңғы кездері адамдар арасында ұнамсыз қарым-катынастар белең алып, егер осы бағытпен кете беретін болсақ, келешегіміз не болмақ деген мәселе туындап жатыр. Үлкенде мейірім-шапағат, кішіде ізет-рахым кеміді. Иман, сауап, тәубе, үят дегендер ығысып, тәнін саудаға салушыльіқ жиіледі. Оған мысал іздеген кісі жан-жағына көзін ашып қараса бәрін де көреді. Неге бұлай? Жастар не болса, соған еліктегіш келеді. Олардан аңғарылатын мінез-құлық ерекшеленуге бой ұрушылық. "Шіркін-ай, жұрттан өзімнің артық екенімді көрсетсем, жүрт менің ер екенімді, сүлу екенімді ., көрсе",- деген ынтызар тілектеріне үлгі-өнегені олар қоршаған ортадан алып жүр. Анау теледидардағы маскүнем, жуан жүдырық бүзақылар мен тырдай жалаңаш өйелдер "заманымыздың танымалы" ретінде көрсетіліп жатса, ауылдағы тірліктің де одан асып бара жатқаны шамалы. Кайда қарасаң да күпіршілік, жаман әдеттер көзге ұрады. Кейбір ақсақал, қарасақалдар мешітке барып сәждеге бас қоюдың орнына шарапхананың айналасынан үзай алмай жүр. "Үлкен иманды болса, кіші ибалы болады" дегенді қазақ мына әрекетке не айта алады. "Балық басынан шіриді" дегендей мүны көріп өскен жастардан қандай үміт күте аламыз?
Бұрын бала айтсын, мейлі дана айтсын сөзге тоқтайтын қазақ енді сөзден дуа қашқан заманды да көріп отыр. Оның себебі әркімнің көкейінде сайрап түр. Сананы күнкөрістің қамы билеп екі жүзділік, дүрдараздық, парақорлық жайлап барады. Кешегі кеңестік жүйедегі дінсіздік тәрбие одан кейін іле-шала келген материалистік қатігездік тәрбиеге баяғы қазақылық үлгі-өнеге төтеп бере алмауда. Бұл бізді намыстандыратын емес. Тілімізді, дінімізді қорғауға көтерілген жігіттерді бір ауыздан қуаттап оларға тілектестігімізді іс жүзінде көрсете алмай келеміз. Бүл арада үлкендік, ақсакалдық бедел ауадай қажет-ақ. Қандай бір халықгы болмасын үлт ретінде жою керек болса, қарусыз-ақ кұртудың әдісі діннен, тілінен, ата-дәстүрінен бездіріп, арақ пен жезөкшелікті таратса жетіп жатыр. Мүны демократия деу ақылға симайтын шығар. Ұрлық-қарлық, кісі ақысын жеу, адам өлтіру Аллаһтың жольша жат қылықтар, Ол ол ма нәпсіқұмарлық, нашақорлық ұлы дертке айналып, дүниеге келер ұрпақты түсік тастатып, туған баланы далаға тастап кету сияқты сұмдықтардың кәдімгі, үйреншікті әдетке айналып бара жатқаны жан түршіктіреді.
Империялық, отаршылдық саясаттың арты түтас үлыстарды, халықтарды мәңгүрттендіріи, әкесінің атын үмыттырып жібергенін көріп отырмыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде осы мәселелерге назар аударылған. "Бір әйел хош иісті майды жағынып кешеге шықса, сол иіс ерлердің мүрнына шалынсын деп ойласа онда ол зинақорлық еткенмен тең. Оған қарай ентелеген көздер де зина қылушылардың қатарына қосылады",-дейді хадисте. "Адамға ең бірінші білім емес, төрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі",- дейді ғасырлар қойнауынан Әл-Фараби бабамыз. Міне, әңгіменің төркіні қайда жатыр. Алдымен бүкіл білім беру жүйесіне оның ішінде тек қана мектеп емес, балабақшадан бастап тәрбие беру өдісіне өзгеріс енгізу қажет. Бірақ, бүл бір күнде, не бір жылда өзгере қалатын дүние емес. Дінді науқаншылдыққа, қызба идеологияға айналдыруға болмайды. Демограф М.Тәтімовтың айтуынша үлтымыздың болашағы — әйелдерде, бүгінгі қыз-келіншектерде. Оны ғалым нақты деректермен дөлелдеп отыр. Бұл кезенде ер мен әйел арасындағы физиологиялық этика-эстетикалық айырмашы-лықтар аяқасты етілді. Тендіктің жөні осы деп әйелдің қоғамдағы орны бұрмаланды. Қыз баланың бойындағы сыпайылық, нөзіктік, инабаттылық сияқты, Аллаһ дарытқан қасиеттерді қолдан доғалдандыруға тырыстық-ау мүлде. Әйелдің пірі күйеуі деген үғым болды. Балабақшада қыз бен үл төбелесіп қалып, қыз бала жыласа, оны жүбатудың орнына: "Несіне жылайсың?! Ол ұрса, сен де ұр",- деп көсемсіп ақыл айттық. Енді оның бүршік жара бастаған кішіпейілділік, ізеттілік сияқты сезімдері тапталып әбден беті ашыла бастады. Ауылда бір қыз тракторшы болса бәріміз жабыла қолпаштап, мақтауға сөз таба алмай сасып қалғанымыз кеше ғана емес пе еді? 0, баста дүние есігін шыр етіп ашқанда Аллаһ тағала үрпақ әкелуді, бала тәрбиелеуді маңдайына жазған нәзік жанды "тең кұқылысың" деп жолдан тайдырғанымыздың өтеуі немен қайтьш жатқанын көріп отырмыз ғой. Бүл уақытта жүз мыңнан асып кеткен кәрі қыздар сол "теңдіктің" жемісі демеске амалымыз жоқ.
Ислам діні ақылдың, білімнің, тазалықтың сондай-ақ, бейбітшілік пен тәртіптің діні. Сондықтан, мұсылман дінін жас үрпаққа уағыздау болашақ үшін күрес деп білгеніміз жен. Ғылым мен дін бір-бірімен егіз. Бүл екеуін бір-бірінен бөлуге болмайды. Ғылым адам игілігін алға бастырса, дін рухани дүниемізді, имандылығы-мызды қалыптастырады. Екеуі үйлескенде ғана өмірдің өз гармониясы дамымақ. Қазіргідей өтпелі кезеңде атом ғасырына бойлай өтіп бара жатқан мынау қарбалас заманда құдайымызды ұмьпъп, қолдың кірі дүние қуып, пендешілік шырмауында қалуымыз жақсылыққа апармайды. Дінімізден айырылып қалмау азаматтығымызға сын. Ана тілімізді, төл дінімізді, ата дөстүрімізді үлттық идеологияға айналдыруымыз керек. Білім стретегиялық капитал болатын болса, уақытша қиындықгағы ең бағалы капитал "қаңқиған коттедждер мен жалтыраған иномаркалар" емес, иманды, тәрбиелі, білімді жастарымыз.
Обал, сауап, адал, арамды кішкентайынан біліп өскен баланың екі дүниеде де жолы жарық болары хақ. Ал енді адасқанның айыбы жоқ, сол баланы тәрбиелейтін үлкендер де өзін-езі тәрбиелесе нұр үстіне нұр. "Қу өмір жолдас болмас әлі-ақ өтер, өз күлкіңе өзің қарық болма бекер",- деп Абай атамыз айтқандай Аллаһ тағаланың адам баласына бір-ақ рет берілетін ең қымбат сыйы өмірді бағалай білейік дегім келеді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]