Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте-аусыл,топалаң,бруцеллез,сиырда – оба, мәлік, қарасан, жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.
Қатер төнген аймаққа індет ошағын қоршаған аймақ жатады.Оның ауданы табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларға ,қатынас жолдарының орналасуына және олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты анықталады. Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде бұл шаралардың талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді. Карантин мен шектеу індет буындарының ішінде ауру қоздырушысының берілу тетігіне әсер етеді.Ауру қоздырушысының берілу тетігіне қарсы бағытталған шараларға сонымен бірге дезинфекция, дезинсекция, дератизация, қалдықтарды өлексені,көңді, т.б. зарарсыздандыру жатады.
Ауру қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. Жұқпалы ауру білінген сәтте. індет ошағындағы барлық ауруға бейім мал түгелдей балаулық тексеруден өткізіледі.Ауруға қандай тексеру үшін әдетте клиникалық, серологиялық, аллергиялық әдістер жатады. Бұл зерттеудің нәтижесінде барлық жануарлар 3 топқа бөлінеді:ауруы айқын,ауруы дүдәмал және аурудың жұғуы күдікті.
Ауруы айқын жануарларға диагнозы күдіксіздер жатады да, ауруы жедел басқа малдардан бөлініп жеке қора-жайға зертханаға ауыстырылады.Бұл малдарды күтуге жеке адам дайындалады да, аурудың ерекшелігіне байланысты оларды жерлейді,болмаса сояды не жояды. Ауруы дүдәмал жануарларға диагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады.Олар- қосымша қайтадан тексеріледі де, диагнозы айқындалса малдарға, ал диагнозы айқындалмаса аурудың жұғуы күдіктілерге қосылады.
Аурудың жұғуы күдіктілерге барлық қалған малдар жатады.Олар ауруға шалдыққандармен жанасқан себепті дәрігерлік бақылауда болып, ретті түрде ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп тұрады. Тексеру малдың ауруға шалдығуы біржола тоқтағанша жүргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден ауырған жануарлар бөлініп оқшауланғаннан соң қора-жайға ағымдағы дезинфекция жасалынады. Сонымен қатар жұқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты бұл топтағыжануарларды иммундейді болмаса микробтарға қарсы әсер ететін емдік-дауалық дәрмектермен вакциналайды.Аса қауіпті аурулар кезінде індет ошағындағы барлық жануарлар сойылады.
Жұқпалы аурулардың емі. Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешені түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалық емдеу шараларынан тұрады. Этиотропты ем-аурудың себебіне, яғни оның қоздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол ауруға тән өзгеше және сонымен қатар өзгеше емес дәрі-дәрмектер қолданылады. Белгілі бір аурудың қоздырушысына әсер ететін өзгеше дәрмектерге иммунды қан сарысуы, имуноглобулиндер, бактериофагтар жатады. Өзгеше емес дәрі-дәрмектерге антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және химиялық препараттар жатады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады.Оларға жүрекке әсер ететін қақырық түсіретін, зәр шығаратын дәрілер, су-тұз алмасуын қалпына келтіретін ертінділер, дененің жалпы қуаттандыратын десенсибилизациялайтын, т.б. дәрмектер жатады.
Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі. Аурудың беті қайтып,клиникалық белгілері өше бастаған сәтте емдеуді тоқтатуға болмайды. Емдеу курсы толық аяқталмаса ауру қайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін.
Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды санитариялық қасапханада сояды.Егер ондай мал тым көп болса ет комбинатының сою цехы пайдаланылады.Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық күн белгілеп сойым аяқталғаннан кейін бүкіл цехқа дезинфекция жасалынады.Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікті пайдалану аурудың түрінеп, ветеринариялық – санитариялық сараптаманың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нәтижесіне байланысты шешіледі.
Аса қауіпті инфекциялар кезінде ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға жатқызылады немесе өртеу арқылы, не басқа жолмен жойылып жіберіледі.
Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар.Індетке қарсы шаралардың маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу қаупінен қорғау бағытталған. Аурудың малға жұғуына қарсы шаралар инфекцияға қоздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылғандықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру – фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс - әрекеттердің ең өзекті мақсаты.Оны қамтамасыз ету үшін кең ауқымды экономикалық – ұйымдастыру, селекциялық – зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардың ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық.Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, сондай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитариялық зоогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек.
Жануарлардың ауруға сезімділігіне әртүрлі стресс жағдайлар кері әсер етеді. Оларға сапасыз жемшөп және су, олардың құрамында болатын зиянды қоспалар,и ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы газдық құрамы және шаң-тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса тығыз орналасуы, әртүрлі мезанизмдердің жұмысына байланысты шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау зиянды әсер етеді. Сондықтан да жыл мезгілі ауысқан шақта, малды қыстаудан жайылымға шығарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ақ көлікпен тасымалдағанда стресс-факторлардың жануарларға жайсыз жерін мейлінше болдырмауға бағытталған арна йы шаралар қолдану қажет. Ауа райының құбылмалы шақтарында: қарлы жауын, боран, қатты аяз, аяздан кейінгі жылымық кезінде малдың күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне, азықтандыру рационына, бос жіберілуіне күнделікті бақылау – жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жұқпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз. Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянақты түрде іске асырылатып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады.Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаспаған боллса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып,иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан болса, немесе тез арада ауру шығып кету қаупі туса, онеда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу, жақсы нәтиже береді.Бұның нәтижесінде егілгеннен соң бірден организмде енжар иммунитет қалыптасады

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]