Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сақтау шартының мәні

Сақтау шартының мәні. Бұрын әрекет еткен заңнамада мүлікті сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Қазіргі әрекет етуші заңнамада шарт пәні ретінде заттың өзі анықталған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада «мүлік» пен «зат» түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін «мүлік» терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шрт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше «консервативті» деуге де болар еді. Егер сатып алу – сату, жалға алу, сыйға тарту, және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрыңғы қалпын сақтап қалды.
Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар болып табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады.
Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терреризмді насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін.
Сақтау шартының пәні ретінде өз сипаттамасы бойынша азаматтық құқық объектісі ретінде бағалана алатын кез келген заттар бола алады. Олардың қатарына құжаттарды, бағалы қағаздарды, ақшаны соның ішінде шетел валютасын жатқызуға болады. Ақша немес бағалы қағаздар сақтауға жеке анықталған заттар ретінде беріле алады және әдейі соларға қатысты негізінен банктерде сейфтік сақтау туралы сөз болады.
Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол «қалыпсыз» сақталу деп аталады. Қозғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай қозғалыс азаматтық құқық теориясында даусыз болып табылады.
Сақтау шартының мазмұны. Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз ете отырып сақтауға міндетті. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-жайындағы ылғалдық сияқты сыртқы факторлардан сақтап қалуы тиіс. Мұндай факторларға, сондай-ақ мүлікті бүлдіру, оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқықққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы тұруға тиіс.
Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық немес кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немес өзге жағдайларды және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда, сот шартың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескерілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.
Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.
Егер сақтаушының оларды жүргізу жөніндегі сол бір немесе өзге шаралары ескртілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолануға тиіс.
Сақтаушы затты ақысыз сақтауға қабылдаған кезде және затты күту бойынша белгілі бір әрекеттерді жасау тараптарымен ескертілмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиіс.
Кәсіби сақтау кезінде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиісті іскерлік айналым дағдыларын басшылыққа алуы тиіс. Кәсіби сақтаушыға сол бір немес өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзі дербес олардың қасиеттерін ескеріп, тиісті шаралар қолдану жөніндегі талаптар қойылуы мүмкін. Бұған кәсіби сақтаушының өзі біле алмайтын заттардың ерекше қасиеттері кірмейді.
Барлық сақтаушылар, олардың тұрмыстық не кәсіби сақтаушылар екеніне қарамастан, жария тәртіп ұстанымдарын сақтауға тиіс. өйткені оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына әсер етуі мүмкін. Яғни сақталуы салалық заңдармен талап етілетін әр түрлі нормативтер туралы сөз боып отыр. Мысалы, барлық азаматтарға Қазақстан Республаикасының Төтенше жағдайлар

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]