Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі

Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғары баспалдағы ретінде.
Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі.
Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екнінен шығу керек. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок- бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесінің түрлі- түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға жатады:
• екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты қатынастар;
• шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері
• белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
• тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын
рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі.
Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді.
Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты.
Оларға жататындар:
• меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті,
акционерлік, мемлекеттік)
• мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті
демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз даму
қабілеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.
• тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы
рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты инфрақұрылым
құру.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізу рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі жатады. Біріншіден ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп өырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралар қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы шетелдік капитал тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.
Рынок мәні оның қызметтерінде өте толық көрінеді.
Ең маңызды қызметтеріне жататындар:
• тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі. Ал тауарға деген сұраныс өскен
кезде өндірушілер өзөндірісі көлемін кеңейтеді және бағаны өсіреді.
Соның нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
• ынталандырушы қызметі. Баға төмендеген кезде өндірушілер өндіруді
қысқартып, жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды
жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бстайды;
• Өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнату
қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында (сатып алушы таңдай
алғанда, өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда және олардың
арасындағы жарыста) әрекет ете алады;
• реттеуші қызметі. Рынок еөмегімен экономикада, өндіріс пен айырбаста
негізгі микро және макро тепе-теңдік орнатылады;
• шаруашылық өмірді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін
іске асыру қызметі. Әсер етудің рыноктық тетіктері көмегімен қоғамдық
оның өндірісті экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату
жүргізіледі және осының есебінен тауар өндірушілердің дифференциясы
іске асырылады.
Рыноктық механизмнің мәні мен негізгі элементтері.
Рыноктың экономикалық әрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Рыноктық экономияның бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілер арықарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құралады және көтерме рыноктық мәміле нысанында көрінеді.
Рыноктық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ерекшелік жасағымыз келеді. Бірінші, баға арақатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекет сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.
Рыноктық экономиканың төртінші элементі- орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынтландырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндңрушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.
Рыноктық механизмнің бесінші элементі- бәсеке. Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуде жол ашады. Бәсеке рыноктық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмнің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» деп атаған және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады. Бәсекенің негізгі қызметі пайда процент нормасы, баға және т.б экономикалық реттеуші көлемін анықтауда болып табылады.
Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық.
Мажиналдық талдау принципі негізінде рыноктық субъектілер мінез- құлқы құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Рыноктың тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде рыноктың экономиканың бір қалыптан екіншісіне қтуі бір қалыпты жүреді. Бұл жаңа шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде рыноктық экономикаға әсер етпеуәнен болып отыр. Жетілген рынок жағдайында, үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің шексіз саны болған кезде осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады.
Маржиналды жол рыноктық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-тең жағдайды ұстап отырады.
Балама талдау шығындарының принципі. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде болады. Рыноктық экономиканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
Экономикалық рационалдық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді. Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететін шекті болып табылатын өзгермелі вариаттардың бірінде іске асырылады. Рационалдық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарлатуға тырысса тұтынушылар өз гілігін барынша жақсартуға ұмтылады.
Көрсетілген принциптер негізінде рыноктық экономиканы құру бір жағынан сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама- қарсы күштерді, екінші жағынан нарықтық бағаларды пайдалануға негізделетін рыноктық механизмнің орталық проблемасы болып табылатын тепе-тең жағдайға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшіліктері.
Рыноктық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір ба

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]