Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы.

Ойлаудың әлеуметьтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек.
Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой.
Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи, әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі» деген еңбегінде көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалып тасуында өткен барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.


Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы.
Осы тарадың тақырыбы – сөйлеу мен ойлаудың дамуы, әсіресе балалық шақтағы ойлаудың жоғары формаларының дамуы – қиын да күрделі мәселе. Бірақ осындай үлкен де күрделі мәселеге теориялық тұрғыдан басқа да жолдарын көріп отырған жоқпын. Суреттерді әңгімелеуі бойынша бала ойының дамуындағы негізгі кезеңдерді анықтауға жасалған белгілі тәжірибеден бастағым келеді.
А.Бине ұстанған В.Штерн көп қолданған тәсіл өте қарапайым және анық. Мысалы, қалалық немесе шаруа, отбасы немесе түрмеде отырған тұтқындар салынған қарапайым суретті алады, суретті 3,7,12 жастағы балаларға көрсетіп, олардың әр қайсысы сол ұсынылған сюжетті қалай сипаттағанын анықтайды. Осы жағдайды зерттеушілер: барлық

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]