Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Пәнаралық байланысқа негізделген тіл дамыту жұмыстары.

Пәнаралық байланысқа негізделген тіл дамыту жұмыстары.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тіл дамыту жұмыстары ежелден жүйелі түрде жүріп жатқан үрдіс.Дегенмен технология талаптары мектеп пен оның мұғалімнің алдында өрелі мақсаттаржүктейді.Ең басты мақсат- өнімсіз, уақыт бос кететін іс-әрекеттерден арылу дәстүрлі оқытудағы тіл дамыту үрдісініңжетістік кемшіліктерін саралай отырып, оның иновациялық технологиясынан ізденіп тың жолдарын қарастыру болып табылады.
Блум технологиясын негізге алу- тіл дамыту мақсатындағы шығармашылық жұмыстарда аса тиімді болып келеді.
Шығармашылық деңгейде мақсат жалпыға анық емес.Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады,өз бетінше жаңа дүние әкеледі.
Шығармашылық деңгейге жету жолдары жүйелі де ойлы ізденісті талап етеді.Қазіргі технологияда миға шабуыл,дебат,модель,жоба жасату,оқу,жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі пайдаланып келеді.Соның ішінде,әсіресе,оның негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльконин,Давыдовтардың дамыта отыруын алуға болады.
Дамыта оқыту тікелей баланы субьект ретінде қалыптастырып,оның жеке басын,дүниетанымын,ойлауын,жан- жақты дамыта отырып оқытуды көздейді.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың жүйесін жасауда осы дамыта оқу технологиясына жүгініп,әр тапсырмада оның негізгі принциптері, бағыттары басшылыққа алынады. Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.
Білім берудің жаңа кезеңдері оқытуды технологияландыру шығарма жазудың тың, жаңа ізденістерін талап етеді.Шығарманың бұл түрі- әдеттегідей білімді қортындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында жазылмайды, керісінше жаңа тақырыпты игерту мақсатында кіріспе жұмыс ретінде жазылады.Мұғалім жаңа тақырыпты хабарлаған соң, оқушыға бірден тапсырма береді.
Мен негізінен тіл дамыту жұмысының өнімді тәсілі ретінде бүгінгі педагогикалық оқуымыздың куәгері болып отырған әйгілі ұстаз Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен көптеген мағұлматтарды оқып үйрендім.Ұстаз тіл дамытуда қазақ тілі мен әдебиетін бірлікке қарастырып, шығармашылық жұмыстарды түрлендіре жүргізеді.Іс жүзінде қолданып,оқушы көңілінен шығып, қызығушылықтары артып, шапшаңдық, жылдамдық, жинақтық қасиеттері жетіліп, инновациялық іс- әрекетке кіргізді. “Пәнаралық байланысқа негізделген тіл дамыту жұмыстары” атты тақырыпта таңдауымның өзі осыны аңғартқандай.
І.Жансүгіровтың «Домбыра», «Күйге» деген өлендерін талдамас бұрын оқушыларға Құрмаңғазы, не Тәттімбет сынды күйшілерді бір- екі күйлерін тыңдатып, сол күйлерінен алған әсерін жазғызамын.Шығарма көлемі шағын болғандықтан,оған берілген уақытта тежеулі, мөлшеулі болады.
Екінші кезеңде оқушылар шығармаларын оқып ортаға салады,пікірлеседі,саралау, талдау жүреді.
Үшінші кезеңде «Домбыра», «Күйге» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау жасалады.












ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІ































Орындаған:Дулатбаева М.Т.



Өскемен 2008 ж.
Өзіндік талдау

1.Сыныпта барлығы 22оқушы бар, оның 14-і қыз, 8-і ұл бала. Оның төртеуі өте жақсы, тоғызы жақсы және қалғаны қанағаттанарлықтай оқиды. Жалпы сынып өте ұйымшыл, тәртіптері жақсы, үлгерімдері орташа.

2. Сабақтың тақырыбы: «Ғабит Мүсірепов “Ананың анасы” әңгімесі. Біріншіден оқушыларға материал түсіндірілді.

3. Тақырып күрделі болған жоқ, оқушылар әңгімені оқи отырып өз пікірлерін ортаға салды.

4.Сабақта үш мақсат бар:
Білімділік:Оқушыларға жазушы Төлеген Әбдіковтың өмірі,шығармалары жайлы түсінік беру.

Дамытушылық:Әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп,пікір алмастыра білуге үйрету,өмірімен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білуге,өз пікірін айта білуге қалыптастыру

Тәрбиелік: Ата-ананы сыйлауға,туған жерін қорғауғ,адамгершілік қасиеттері бойына сіңдіруге қалыптастыру.

5.Сабақ дәстүрлі, аралас сабақ түрінде өтті. Сабақта барлық кезеңдер сақталды.

6. Сабақ барысында баяндау, талдау, сұрақ-жауап, тақтамен, жаттығумен сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.

7. Жалпы сабағым үш мақсатқа құрылған. Сабақ кезігнде уақытты үнемдей алдым, оқушылар бойында түсінбеушілік болған жоқ.












Өзіндік талдау

1.Сыныпта барлығы 22оқушы бар, оның 14-і қыз, 8-і ұл бала. Оның төртеуі өте жақсы, тоғызы жақсы және қалғаны қанағаттанарлықтай оқиды. Жалпы сынып өте ұйымшыл, тәртіптері жақсы, үлгерімдері орташа.

2. Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «Аруана –бауыр дүние». Біріншіден оқушыларға материал түсіндірілді.

3. Тақырып күрделі болған жоқ, оқушылар әңгімені оқи отырып өз пікірлерін ортаға салды.

4.Сабақта үш мақсат бар:
Білімділік:
Ақын өлеңінің айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.
Дамытушылық:
Оқушының сөз байлвғвн,сөздік қорын байыту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге баулу.
Тәрбиелік:Оқушының туған жерге деген ,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу.

5.Сабақ дәстүрлі, аралас сабақ түрінде өтті. Сабақта барлық кезеңдер сақталды.

6. Сабақ барысында баяндау, талдау, сұрақ-жауап, тақтамен, жаттығумен сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.

7. Жалпы сабағым үш мақсатқа құрылған. Сабақ кезігнде уақытты үнемдей алдым, оқушылар бойында түсінбеушілік болған жоқ.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]