Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ

ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ,
АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ

Абдрахманова Кайнижамал Токаевна
«№29 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

Мен өз сөзімді Ш.А. Амонашвилидің мына бір сөзінен бастағым келеді: «Ізгі ниетті педагог болу үшін, баланың орнына өзіңді қойып, ал олардың есеюіне көмек беру үшін, оларды өз балалық шағыңның ізбасары ретінде санап, бала бола білу қажет». Тәуелсіз еліміздің болашағы тәрбиелі, білімді, саналы жастардың қолында және біздің қазіргі қоғамымызда бала тәрбиесі мәселесіне қатысты қажеттіліктер жеткілікті. Осы қажеттіліктерді өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. «Тәрбие басы – тал бесік» дегендей бала тәрбиесінің негізі отбасы мен мектептің құзырында екендігін ескерсек тақырыптың өзектілігі нақталана түседі.
Уақыт озған сайын заман да, қоғам да өзгереді бірақ, қазіргі мектепте сынып жетекшісінің рөлі өзгеріссіз қалмақ. Ол басқарып қана қоймайды бағыт береді, тәрбиелейді.
Өзінің осы әрекетінде сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен бірлесе отырып төмендегідей міндеттерді шешеді:
- балалармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда педагогтардың тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін меңгеру;
- балалармен қарым-қатынаста мұғалімнің оқытушылық әрекетін меңгеру;
- сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-аналардың қарым-қатынастарын ретке келтіру;
- жетістіктер бойынша бірлескен әрекетті ұйымдастырудың ортақ мақсаттарын анықтау;
- балалар, ата-аналармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогтің өз мүмкіндіктерін мақсатты түрде пайдалану;
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің өзара әрекетінің негізінен төмендегілерді көруге болады:
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және нәтижелердің негізінде, өзара қарым – қатынас жасай отырып, бала туралы хабардар болу;
- қиын мәселелерді шешуде өзара көмек, өзара қолдау жасау;
- сынып пен әрбір оқушының ілгері ізденістерге қызығушылық танытуы;
Жалпы алып қарағанда жоғарыда айтылғандардың барлығы толығымен іске асады деу қиынға соғады, дегенмен де сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері күнделікті қарым - қатынаста сапалы жетістіктерге жетіп жүргенін тәжірибе көрсетуде. Мұнда екі жақты көмектің нәтижесі жаман болмайды.
Антуан де – Сент Экзюпери айтқандай «Жалғыз және ең қымбат құндылық - ол адамзаттың өзара қарым-қатынас құндылығы болмақ». Күнделікті қатынастар соның ішінде ресми қатынас тәрбие жұмысын байытып қана қоймайды оның нәтижесін де арттырады. Осы орайда бір мысалды келтіре кеткім келеді, менің сыныбымдағы оқуда да, сынып өмірінде де бар жоғы байқалмайтын бірақ өте тәрбиелі, мәдениетті, қарым-қатынаста сыпайы бір оқушы мұғалім мамандығы туралы қызықты келесідей пікрін айтқан болатын.
«Жақсы мұғалім – ол жақсы адам деген сөз емес, мұғалім жақсы адам бола білсе ол керемет. Ондайлар сирек кездеседі. Бірқатары қалайда қарапайым мұғалім, енді біреулері жақсы адам. Егер адам нағыз мұғалім, әрі «адам» деген атқа лайық болса ол керемет қой».
Күнделікті тәжірибеде қарым-қатынастың осындай түрі жиі көріну керек деп ойлаймын себебі, сынып жетекшісі осындай бір сәттік қарым-қатынастың арқасында кері байланысқа түседі.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасының негізінде не жатыр және ол қандай міндеттерді шешеді?
Сынып жетекшісі мен отбасының өзара бірлескен әрекеті баланы дұрыс тәрбиелеп, жетістікке жеткізуді мақсат етуі қажет. Ол баланың өзін-өзі тануы үшін қажетті педагог пен ата-ананың күшін біріктіруге жәрдемдеседі.
Сынып жетекшісінің ең маңызды міндетінің бірі – баланың шығармашылығын дамыту үшін ата-ана мен баланы қабілеттендіріп, қолайлы жағдай туғызуға мұрындық болу. Ал ол тәрбиенің негізіне педагог, ата-ана, баламен бірлесіп іс қылу идеясы қойғанда ғана нәтижелі болады. Онда сынып жеткшісінің ата-анаға оның баласына деген өз махаббатын сездіре білу формасын таңдауы аса маңызды. Бала өсе келе түрлі себептің салдарынан махабат, жақсы мен жаман, оң мен солын білетіндігі барлығымызға аян.
Өзімнің ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу тәжірибем бала тәрбиесінің өзіндік бір жобасын жасақтауға әкелді. Ол «Күйбең тірлік және отбасы» деп аталған ата-аналар клубын құруға келіп сайды. Клубтің атауы да кездейсоқ емес, күнделіті өмірдегі жанталаста ата-ана өз балаларын ұмытып, олармен ісі болмай жататыны тәжірибеде бар. Бесінші сыныптан бастап мен, менің оқушыларымның ата-аналары біздің бірінші жанашырымыз, сынып ұжымының мүшелері екендігін ұқтым. Клубтің жұмысы қарапайым халық даналығынан алынған «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің, ал ата-ана оған үлгі».
Онда жеті жылға арналған стратегиялық жоспар дайындалып, ата-аналар комитетінде бекітілді.
5 сынып «Бұл менің отбасым», 6 сынып «Отбасының құмарлық әлемі», 7 сынып «Отбасындағы жас өспірім», 8 сынып «Отбасы саулығы», 9 сынып «Мамандық әлемі», 10 сынып «Ғажайып сәт есімде», 11сынып «Біздің болашағымыз».
Отбасылық клубтің өз әнұраны бар, клубтің әрбір отырысы сол әнұранды орындаудан басталады, өз төстаңбасы да бар, оның пішіні үшбұрышты бұл да кездейсоқ емес, бұл сынып математикалық сынып болып табылады, бұл үш бұрыш үш биіктің бірлігін танытады оқушы-ата-ана, сынып жетекшісі.
Ағылшын даналары «Менің үйім – менің қамалым» деген екен. Күнделікті өмірде түрлі қамалдар құлап, түрлі ескерткіштер жойылуда соның ішінде мәңгі жасап тұратын киелі қамалдың бірі – Отбасы.
Отбасы– ол небір дауылды күшке төтеп беретін, өзін-өзі тіпті қатерге тігетін берік қамал.
Сонымен, сынып жетекшісімен ата-ананың, пән мұғалімдерінің өзара бірлескен әрекеті оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға әкеледі. Ал ол білім жүйесін іске асыру, тиімді білім беру мен тәрбие беруге бағытталған әрекет үшін аса қажет. Мен, менің балаларым – өзін - өзі тану, өзін - өзі дамыту, арқылы өз бағалаларын білетін дербес, өз бетінше іс қыла алатын, жеке тұлға болатындығына сенімім мол. Өз сөзімді мына бір В.А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Мені қорғаштамаңдар, менің әрбір басқан қадамымды санамаңдар… Мен жеке адаммын. Мен менің қолымнан ұстап жетелегенін қаламаймын. Менің алдымда биік асу бар. Бұл асудан асу - менің өмірлік мақсатым. Мен ол асуды көріп тұрмын, соған жеткім келеді, бірақ сол шыңға өз еркіммен жеткім келеді. Мен оған көтеріліп келемін, алғашқы қадамдарымды басудамын; адымымды неғұрлым кең ашқан сайын, сол биіктің көкжиегі де кеңейіп ашыла түскендей, оларды таныған сайын адамдар да мені тани түседі. Оның шексіз биіктігін сезген сайын, қорқынышым үдей түседі. Маған ересек досымның көмегі қажет. Мен өз биігіме «күшті» және «ақылды» адамның иығына сүйену арқылы жетемін. Мен бұл айтқандарыма арланбаймын. Мен барлығының өз биігіме өз еркіммен, өз күшіммен жетті деп ойлағанын қалаймын». Ұлы ұстаз айтқан сол бір күшті және ақылды жандар педагог пен ата-ана емес пе?
Әдебиеттер тізімі:
1. Степанова Е.Н. Классному руководителю о классном часе / М:.2004.
2. Васильева Р.П. Классному руководителю /М:. Владос, 2004.
3. Сухомилинский В.А. Трудный возраст / М.: 1982
4. Тихомирова Л.Ф. Развитие интеллектуальных способностей / М.:2001

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]