Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Тұлға

Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде анықталады.
Тікелей оқу процесін қарастыратын болсақ, оралмандардың оқыған білім бағдарламасындағы айырмашылықтар, білімді бағалаудағы ерекшеліктерді ескеруге болады Осындай ерекшеліктер оралман-студент тұлғасының жаңа ортаға, статусқа бейімделуінде бірқатар қиындықтар тудыратыны анық. Ал студенттің бейімделу процесі тұлға белсенділігінің артуымен, жаңа тұлғалық қасиеттердің қалыптасуымен байланысты. Бір жағынан, қарым-қатынас, оқу мотивация, өзіндік сана сезім, құндылықтар бейімделудің бір көрсеткіші болса, екінші жағынан, бейімделудің бір құралы болып табылады. Сондықтан, жай студенттерге қарағанда, оралман-студенттердің қарым-қатынасында өзіндік ерекшеліктердің болуы, сонымен қатар оқу мотивациясы да оралман студенттердің бейімделуінің бірден-бір себебі. Сол себепті олардың осы ерекшеліктерін эмпирикалық анықтау қажеттілігі туындайды.
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;
- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мумкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну адекватты болуы.
Студентедің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы дамуының негізі екенін көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген қызығушылық, оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты әрекеттерді жүзеге асырады. Оларда білімге деген қызығушылық тереңдей түсіп, тек оқу пәнінің ғана заңдылықтарын емес, сонымен қатар ғылымның, кәсіби құзіреттіліктің негізіне бет бұрады.
Оқу-танымдық мотив-теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әлбетте ғылыми жұмыстарға араласу, зерттеу әдістерінің әртүрлерін қолдану қызықтырады. Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігін жоғарылату жолдары еліктететіндіктен, олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру және оның мәдениеті туралы әдебиеттер қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында процессуальді және нәтижелі оқу мотивациясының бірлігінің пайда болуы туралы сөз қозғауға болады
П.Г. Белкин бойынша бейімделу прцесінде әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық – бұл оның әлеуметтік микро ортаға және іс-әрекеттің өзгермелі шартына икемделуінің, тұрақты, үздіксіз процесі деп санайды.
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу даралықты дамыту жағдайларының бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы бейімделу процесінің жетістігінің бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда нақты осы даралық сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бейімделу механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы автоматтандырылған әдет, дағды, мінез–құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл даралықтың дамуы үшін шексіз мүмкіншілікті ашады. Тұлғаның әлеуметтену процесінің жетістігінің алғы шарты адамның дара ерекшеліктері мен әлеуметтік – психологиялық бейімделудің жанама түрде болуы [44, б.232].
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық бейімделу деп аталады [45,б.122].
Сонымен әлеуметтік–психологиялық бейімделу – толық әлеуметтенудің бір жолы болып табылады екен. Л.Д. Столяренко тұлғаның әлеуметтену сатысын қарастырғанда, бірінші сатыны біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуден, сондай-ақ онымен байланысты рөлдік мінез–құлық рөлі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады. Студенттер оқуының мотивациялық мақсатты негіздері күрделі көп деңгейлі және көп мөлшерлі жүйені құрайды. Оқу барысында мақсат- үлгілер мен мақсат- міндеттер қолданылады. Нәтижесінде, психологиялық бағытта мақсат- үлгі өз негізінде когнитивті мазмұнға, ал мақсат- міндет мотивациялы мазмұндарға ие. Аталған мақсатты аспектілерге қоса түсінікті қалыптастыруда оқу мақсаты мен оқыту міндетін де атау қажет. Оқыту мақсаттары ілгеріде айтылғандай сырттан беріледі. Онда қоғамдық қажеттіліктер мен құндылықтар ерекшеленеді. Оқу мақсаты жекелеген қажеттіліктер мен мотивтер негізінде анықталады. Оқу мен оқыту мақсаттары ерекше жағдайда ғана сәйкес келуі мүмкін. Оқыту мен тәрбиелеу міндеттері жекелеген және қоғамдық қажеттіліктер құрылымын біріктіру, яғни студенттердің қоғамдық маңызды мақсаттарын қабылдауын қамтамасыз етуде көрінеді. Бұндай бірігу қоғамдық және жекелеген маңызды мақсаттар тұрғысында мотивациялы- мақсатты резонанс деп аталады.
Негізі жоғары оқу орнында оқудың түпкі мақсаты мамандарды кәсіби дайындау болып табылады. Адамның мамандыққа жинақты қарым- қатынасының түрі, мамандыққа, оны меңгеруге қызығушылықты арттырумен анықталады. «Бағыттық» түсінігі өз құрамына мақсаттарды: мотивтері, әрекетке талаптануы, осы әрекетке сезімталдық қатынасты біріктіреді. Кәсіби бағыттылықтың өзі көптеген сипаттармен ерекшеленетін көпдеңгейлі күрделі білімді құрайды.
«Жоғарғы оқу орынында оқу мотивациясы» әдістемесі бойынша оралман студенттердің білім игеру мотивациясы 25% қалыптасқан, яғни студенттердің ойынша мамандықты толық меңгеру үшін барлық пәндерді бірдей терең оқу керек, әкімшіліктің ескертулерінсіз оқуға күштерінің жететіндігіне сенімді, емтихандарды барлық білімін қолданып тапсыру керек деп есептейді, стимул беріліп отырса оқу үлгерімі жоғарылайды. Оралман студенттердің арасында мамандықты меңгеру мотивациясы 40% балада қалыптасқан, яғни студенттер болашақ мамандығы туралы әңгімелескенді ұнатады, қызықтыратын нәрсенің бәрі болашақ мамандықтарымен байланысты, жоғарғы жалақы маңызды болып табылады, оқуға түспес бұрын осы мамандық жайлы жан жақты сұрастырып білген, мамандықты болашағы бар деп есептейді. Диплом алу мотивациясы 35% оралман студенттерде қалыптасқан. Студенттер жоғары білім туралы дипломға ие болуды өте маңызды деп есептейді; диплом алуды қоғамда қалаулы орынға ие болуға мүмкіндік беретін жол деп есептейді; қызметке тұру үшін жоғары білім қажет деп санайды; жоғары білімі бар достарынан қалысқысы келмейді; дипломға ие болуды бедел деп санайды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]