Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Карл Маркстiң экономикалық ойы

Карл Маркстiң экономикалық ойы
Пролетариат саяси экономиясының негiзiн калаушы, ХIХ ғасырда өмiр сүрген, әлем тарихында белгiлi орны бар немiс ғалымы Карл Маркс (1818 – 1883) болып табылады. Ол Трир қаласында (Германия) адвокат жанұясында өмiрге келедi. Мектептi бiтiргеннен кейiн, 1835ж. Бонн университетiне түсiп, бiр жылдан кейiн Берлин университетiне ауысып, оны 1841ж. заңгер мамандығы бойынша бiтiрiп шығады. К.Маркс iргесiн қалаған қоғамдық ілім тарихта марксизм деген атпен белгiлi болды. Марксизм өзiнiң бастауын жаңадан емес, оған дейiн жасалған үш тiрекке сүйенеді, олар: немістiң классикалық философиясы, ағылшынның классикалық саяси экономиясы және француздың утопиялық социализмi.
К.Маркс – классикалық экономикалық теорияның өкiлi. Ол А.Смит пен Д.Рикардоның «кұн теориясын» кұптап, оны одан әрi қарай толықтырушы болды. Кұн заңын дамытуда Маркстiң өз орны бар. Онын ойынша, дүниедегi барлық байлықты жасайтын еңбек, ол өнiмдi және өнiмсiз еңбек болып бөлiнедi.
К.Маркстiң экономикалық iлiмнде ашқан жаңалықтарының бiрi – ақша мен капиталдың ерекшелiктерi, ақшаның капиталға айналуы. Ол капиталды белгiлi заттар емес, тек қана ақша емес, ол адамдардың арасында болатын қоғамдық қатынас деп көрсеттi. Оның ойынша, адамзат қоғамының басты қиыншылықтары осы капиталды жеке адамдар иемденiп, өз мүдделерiне бағыштаудан болып отыр. Осыдан барып таптық күрес шығады деп көрсеттi.
Маркстiң экономикалық iлiмiндегi тағы бiр назар аударатын жай – капиталдың ұдайы өндiрлу процесi. Қазiргi кезде бұны экономикалық өсу теориясы деп карауга болды. Капиталдын алгашкы корлану тасiлдерi, капиталдын осу зандылыктары сиякты зерттеулерi казiргi кезде рыноктык экономикага кошiп жаткан елдер ушiн кажеттi маселелер болып табылады.
Казiргi танда Маркстiн экономикалык iлiмiнiн кейбiр кагидалары ескiргенiмен ондагы экономикалык категориялар мен зандар, методологиялык адiстемелер казiргi нарыкка отпелi кезенiнiн экономикалык маселелерiн шешуге комектесе алады. Сол себептен Маркстiн экономикалык теориясы алемдiк экономикалык ой – пiкiрдiн курамдас болiмi деп карауымыз керек.
Осыған орай, Маркстiк iлiмнiн казiргi нарыкты экономиканын калыптасу кезенiне кажет негiзгi кагидаларына токталсак, алдымен тауар – акша катынастырынын зандылыктарына ман беруiмiз керек. Тауар ондiрiсiнiн пайда болуы мен кун формаларынын дамуы – кун заны. Онын енбектерiнде капиталистiк тауар ондiрiсiнiн калыптасуы, онын негiзгi кайшылыктары, акшанын пайда болуы мен манi, онын аткаратын кызметтерi, капиталдын корлануы, онын ауыспалы айналымы мен кайта айналымы, туракты жане озгермелi капитал, косымша кун теориясы ашып корсетiлген. Сонымен катар капиталдын орталыктануы мен шогырлануын, орта пайда, ондрс багасы, жер рентасы, процент, сауда жане карыз капиталы, удайы улгаймалы ондрс т.б. маселелердi талдаган.






К.Маркс пен Ф.Энгельстің ертеректе жазылған
еңбектеріндегі саяси экономия проблемалары
К.Маркс пен Ф.Энгельс маркизмнің негізін қалаушы ғана емес, олар жаңа экономикалық ілімді жасаушы деп ұғуымыз керек. Маркс пен Энгельс бірлесіп жұмыс істеген 1844ж. бастап олар принціпті маңызы бар, адамның қоғамдағы ролі туралы жан – жақты теория жасады.
К.Маркстің рухани революциясындағы үлкен орын алатын еңбегі 1844ж. жазған «Экономикалық – философиялық қолжазбалары». Бұл еңбектің негізі – адамзаттың антропологиялық қалыптасуы мен дамуындағы материалдық өндірістің, еңбектің шешуші ролі туралы идея. Адамның дамуына негіз бола отырып еңбек оның барлық күштерін, қуатын жұтып қояды, оны езеді, жеке меншіктің, қанаудың, таптардың пайда болуына әкеп соғады.
Ф.Энгельстің «Саяси экономия сынына ұзын – ұрға» (1844) еңбегінде буржуазия саяси экономияны пролетариат тарапынан сынға алуының бастамасы болып табылады. Бұл еңбекте, әсіресе, өндіріс құрал – жабдықтарына капиталистік жеке меншіктің болуы және бәсекелестік сынға алынады.
Ағылшын жұмысшыларының өмірін бақылау, чартистермен және социолистермен жақындасу Энгельсің пролетариаттың тек ашықтан – ашық қиылы ғана жұмысшы табын азат етуге, сонымен бірге бүкіл адамзатты да азат етуге жеткізе алады деген қортындыға әкеледі. Бұл қорытынды Ф. Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» (1845) деген еңбегінде негізделген.
Маркс пен Энгельс 1845ж. бірлесіп жазған «Қасиетті әулет» атты кітабында халық бұқарасының тарихтағы шешуші рөлі жайында материалистік қөзқарас дамытылып және онда өндірістегі қоғамдық қарым – қатынастар идеясына деген қөзқарас баяндалған. Ал «Неміс идеялогиясы» деген еңбектерін, тарихтың түпкі негізі материялдық өндіріс екені дәлеледенген. Бұл еңбектерінде олар кез келген қоғамда адам әр қашанда белгілі бір таптың өкілі, адам табиғаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар табиғат дамуының ең жоғарғы нәтижиесі, еңбек процесінде адам тек табиғатта ғана емес, өзін де өзгертіп отырады, еңбек адамның тіршілік әрекетінің негізі деп тұжырымдайды.
К.Маркс өзінің 1847ж. жазған «Философияның қайыршылық күйі» деген еңбегінде П.Ж. Прудонның ұсақ буржуазиялық идиологиясына бағыштап, іс жүзінде пролетарлық саяси экономияның негізін жасай бастайды. Бұл еңбегінде ол саяси экономияның анықтамасын беріп, қолданатын әдістерін көрсетеді, сонымен қатар құн, ақша, рента т. б. ұғымдарына тоқталады. Сол 1847ж. жазылған «Жолдамалық еңбек және капитал» деген еңбегінде Маркс капиталистік қоғамның өндірістік қатынастарын зертеп, таптық күрестің экономикалық негізін жасайды. Жалақының және капиталдың мәнін көрсетіп, капиталдың қорлануының жұмысшы табының ахуалына әсерін, тауардың құнына әсер ететін факторларды және құн заңының жұмыс ітеу механизмдерін талдады.







Ж.Б. Сэйдің экономикалық ілімі
Франциядағы классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушы және А. Смиттің ісін жалғастырушы Ж.Б. Сэй (1767 – 1832) болды. Ол Леон қаласында көпестің жанұясында өмірге келді. Қаржы саласында жұмыс істеп, 1830ж. бастап Колледж де Франста саяси экономия кафедрасын басқарды. Ол «Саяси экономия туралы трактат» (1803), «Тәжірибелі саяси экономияны толық курсы» (1829) еңбектерін жазды.
Ж.Б.Сэй саяси экономияны ғылым ретінде бір – біріне байланыссыз, жеке дара үш бөлімге - өндіріс, бөліс және тұтынуға бөледі. Ол тарихқа «Пайдалы теориямен» де белгілі болды. Оның ойынша, өндірісте пайдалылық туады, ал сол пайдалылық заттың құндылығын анықтайды деп көрсетті. Еңбек, Сэйдің ойынша, жалғыз өзі байлықтың көзі бола алмайды, пайдалылықты жасағанда өндірісте тәуелсіз үш фактор болады, олар: еңбек, капитал және жер. Осы үш факторға сәйкес үш түрлі табысты атайды, олар: жалақы, пайда, рента. Сөйтіп, қоғамдағы әр түрлі тап өзіне тиесіліні алады дейді.
«Рынок заңы» - бұл Сэйдің негізгі ілімі. Осы бойынша өнімді өнімге алмастыру, автоматты түрде сатып алу мен сатуды теңестіреді. Ол бір тауарды сату екінші тауарды сатуға оң әсерін тигізеді; бір саладағы онда сауда жасау екінші салаға зат сатып алуға қаражат береді. Тауар өндірушілер қаншама көп болса, соншама өнімді сатуға мүмкіндік болады. Тұтынушыларды қолдаса өндіріс дамиды, себебі төлем қабілеті бар сұраныс өседі дейді.
Ақшаны ол айырбас құралы деп есептейді, себебі адамдарға ақша қажет емес, ақша сатып алатын зат керек. Құн, Сэйдің ойынша, мыналарға тәуелді: тауардың пайдалылығына және сұраныс ұсынымға. Ол жалпы дүние жүзілік дағдарысты мойындамады, тек жеке дара елдердегі болатын дағдарысты ғана мойындады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]