Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар ағымының өсуі

Көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек мәселесін туғызды. Тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан Республикасында сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе бастады. Ұстанған саясаттың негізгі мақсаты – дағдарыстан шығу үшін және экономикалық өсімге қол жеткізу үшін келуші қаржы құралдарын тиімді қолдану болды.
Қазақстан ғалымдарының ішінде бұл мәселені зерттеген ғалымдардан А.К.Қошанов, К.А.Сағадиев, М.Т.Оспанов, М.Б.Кенжеғазин, Н.Нұрланова, С.С.Сатыбалдин, А.Б.Зейнелғабдин, У.Б.Баймұратов, А.Б.Көшербаева, Т.Бірмағанбетов, Т.И.Мұхамбетов, Н.З.Маханов, Н.Оқшантаева және т.б.
Жалпы сыртқы қарыздың республиканың экономикалық даму мақсаттарына қолданылуы қарама –қайшы сипаттарға ие. Оңды әсері – сыртқы несие құралдары экономикалық өсімді қамтамасыз етуд дамушы елдердің ішкі жинақтарын айтарлықтай толықтырады. Тиімсіз қолдану жағдайында ұдайы өндіріс барысын тежеп, сыртқы қарыздылық мәселесін шиеленістіреді.
Кез келген экономикалық дамушы ел тәрізді Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде 1992 жылдан бастап сыртқы қаржы көздеріне сүйене бастады.
Басқа да дамушы елдер тәрізді Қазақстанда да құралдарды дамуға ресми көмек шеңберінде алушы болып табылады. Дамуға ресми көмек шеңберінде Қазақстан бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарымен – Халықаралық Валюта қорымен, ХҚҚДБ, Азия даму банкі, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (ЕҚКДБ), Ислам Даму банкі (ИДБ) және донор елдер үкіметімен – Жапония, Германия, АҚШ, Австрия және тағы басқа елдермен қаржылық ынтымақтастықты дамытуда.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дамуға ресми көмек желісі бойынша тартылған қаржы құралдары көбінде төлем балансын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға және техникалық көмекке бағытталды.
1993 -1999 жылдар арсында Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ұлттық Банк Халықаралық Валюта қорымен 5 келісім түзеді. 13.12.99 жылы Қазақстан Үкіметінің 2000-2002 жылдарындағы экономикалық бағдарламасын қолдау мақсатында ХВҚ 329,1 млн. СДР(шамамен 453 млн. доллар) сомада үшжылдық несие беруді мақұлдады. Бағдарламаның орындалуының негізгі критерийлері – мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту және халықаралық резевтер жинау.
Екіжақты негіздегі дамуға көмектен донор-елдердің ішінде Жапония Эксим Банкі несиелерінің салмағы басым, Германия, Австрия, Швеция және де басқа донор елдермен байланыс дамуда.
1993-1997 жылдары ел экономикасына келуші қаржы құралдарының басым бөлігін (62%) тіке шетел инвестициялары құраса, өз кезегінде, 1993-1999 жылдары осы тіке шетел инвестицияларының жалпы келуінің салалық құрылымында мұнай-газ, түрлі-түсті металлургия салаларының үлесі басым.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы 1999 жылы желтоқсан айында 7892,9 млн. АҚШ долларын құрады.
2000 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша республиканың жалпы сыртқы қарызы 12525,3 млн.доллар, оның ішінде:
- мемлекеттік және кепілдікті қарыз – 3929,5 млн.доллар.
- жеке сектордың кепілдіксіз сыртқы қарызы -8595,8 млн. доллар.
Ал бұл Ұлттық Банктің облыстық филиалдарында тіркелген қазақстандық резиденттердің келісім шарттар бойынша ресімделген берешегінен және де басқа борыштық міндеттемелерден тұрды.
Мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыздың елдің сыртқы қарызындағы үлесі төмендеуде. 01.01.1994 жылы бұл 89,3% құраған болса, 31.12.2000жылы 31,3%-ға дейін төмендеген. Ал осы уақытта кепілдіксіз қарыз үлесі сәйкесінше 0,2%-дан 68,7%-ға дейін өскенін байқауға болады.
Реформалық жылдарда ел экономикасында жеке меншік сектордың үлесі ұлғайып, маңызды орын ала бастады. Мұндай бағыт шетел инвесторларының көптеп келіп, өз капиталдарын несие беру арқылы елімізге араластыруын жиілетті. Мұндайда несие қайтаруға мемлекет тарапынан кепілдік берілмейді. Экономикадағы бұл бағыттың мақсаты жеке меншік секторды нығайта отырып, олардың бәсекелесу мүмкіндігін күшейту, мемлекеттің кейбір жауапкершілігін азайту, қаржылық ауыртпашылығын жеңілдету.
1995-2000 жылдары жеке сектор қарызының орташа өсімі 1964,8 млн. долларды құрады
Қазақстанның сыртқы қарызының көп уақыт бойы деңгейі жоғары болып тұр. Егер осындай қалыпты сақтайтын болса, оның көлемі жақын арады ЖІӨ-нің көлеміне теңеседі.Біздің еліміз сырттан қарызды көп тартып, таза борышкер болып отыр. Соның өзінде жеке секторға қарағанда мемлекеттік сектор таза кредитор болып табылады.
Жалпы алғанда жағдай әлі қауіпті емес, бірақ жағымсыз болып отырғаны белгілі. Шетел кредитінің көп келуінің нәтижесінде жеке сектордың қарызы өсіп отыр, ал ол өз кезегінде елдің жалпы қарызының өсуіне алып келеді. Барлық жағдайды талдай келе, сыртқы қарызды шектеп отырсақ та және оның қымбаттауына қарамастан сырттан қарыз тарту әлі күнге жалғасып отыр. Әсіресе банктер сыртқы рыноктан ресурс тартуды жалғастырып отыр және оның көлемін болашақта өсаірмек ойы бар екені белгілі болып отыр. Мұндай жағдай сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауы жағдайында өте қауіпті. Ал ол ерте ме, кеш пе болады.
Сыртқы рыноктан ресурс тарту бір жағынан несиелендіру көлемінің өсуіне, несие ставкаларының төмендеуіне және экономиканың өсу деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан бұл жағдай ЖІӨ-ге теңесуге де әкеледі. Мұның барлығы сыртқы қарыздың төлемін өтеуін өсіреді.

2006 жылдың І кварталында сыртқы қарыз деңгейі 12%-ға өсті, яғни 46,8 млрд. долларды құрады. Алғашқы 3 айда 5,3 млрд.-қа өсті. Алдыңғы жылдармен салыстыратын болсақ, алдыңғы 2 жылда сыртқы қарыздың жылдық өсімі 10 млрд. долларды құрап отырған болатын. І кварталда фирмааралық қарыз – 2,5 млрд, банк секторының қарызы – 2,1 млрд, кәсіпорынның қарызы -0,7 млрд. долларға өсті.
Елдің сыртқы қарызы өз ерекшеліктерімен көрінеді. Қазіргі уақытта оның аз бөлігі (5,1%) мемлекет кепілдік берген қарызды қамтиды. Қарыздың бұл бөлігі тұрақты қысқарып келеді, соңғы жылдары оның мөлшері 1200 млн.долларға төмендеді. Мемлекет кепілдік берген қарыз ЖІӨ-ге қатысты 4%-ға төмендеді, ол көптеген дамыған елдердегідейаналогтық көрсеткіштен төмен.




2003 2004 2005 2006
Мемлекет кепілдік берген қарыз 3622,6 3366,0 2369,2 2399,4
%-бен 15,8 10,5 5,7 5,1
Мемлекеттік кепілдік берілмеген қарыз 19297,6 28574,8 39147,0 44418,6
%-бен 84,2 89,5 94,3 94,9
Барлығы 22920,2 31940,8 41516,2 46818,0
Оның ішінде фирмааралық қарыз 11983,0 16615,5 18590,6 21095,0
%-бен 52,3 52,0 44,8 45,1

Мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарызды құрылымына қарай 2-ге бөлуге болады. Оның жартысынан аз бөлігі фирмааралық қарызға жатады, яғни шетелдік компаниялар алдындағы міндет болып табылады және елімізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялар филиалының міндеті. Фирмааралық қарыз деңгейі өсіп келеді, бірақ оның ЖІӨ-дегі үлесі азайып барады. Сондықтан фирмаааралық қарыздың тәуекелділік деңгейі төмен болып саналады және оның өсуі мемлекетке қауіп төндірмейді.
Екінші бөлігі отандық кәсіпорындар мен банктер еншісінде. Әсіресе банк секторының қарызы тез өсіп барады. Банктердің сыртқы қарызы 16 млрд.-қа дейін өсті және сыртқы қарыздың 1/3-ін құрайды. Қаржылық ведомстволардың айтуынша мемлекеттік кепілдік берілмеген қарыздың осы бөлігі өте қауіпті деп саналады.
Жалпы сыртқы қарыз 3 айда жан басына шаққанда 2728-ден 3068 долларға және фирмааралық қарызды қоспағанда 1686 АҚШ долларына дейін өсті.
Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-дегі деңгейі өте жоғары, 75%-ды құрап отыр. ЖІӨ-нің өсуінің және тауар мен қызметтердің экспортының өсуінің жоғары деңгейі арқасында жалпы сыртқы қарыз бен ЖІӨ арасындағы қатынас аз интервалда өзгеріп отыр.
Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы І жарты жылдықта 10,35 млрд.-қа (23,8%) өсті, яғни 53,89 млрд. Долларды құрады. Яғни 6 айда осындай көрсеткіш көрсетіп отыр, ал өткен жылдары жылдық өсімі 10 млрд. Доллар болатын. Жартыжылдықта фирмааралық қарыз 3,2 млрд-қа, банк секторының қарызы -5,0 млрд-қа, кәсіпорындікі -2,2 млрд-қа өсті.
Қазіргі күні мемлекеттік кепілдік берілген қарыз 4,5%-ды құрайды. Оның ЖІӨ-ге қатынасы 3%-ды құрап отыр.

2003 2004 2005 06.06.
Мемлекет кепілдік берген қарыз 3622,6 3366,0 2369,2 2420,1
%-бен 15,8 10,5 5,7 4,5
Мемлекеттік кепілдік берілмеген қарыз 19297,6 29580,3 39147,0 51470,6
%-бен 84,2 89,8 94,6 95,5
Барлығы 22920,2 32946,3 43538,8 53890,7
Оның ішінде фирмааралық қарыз 11983,0 16675,0 19176,8 22338,5
%-бен 52,3 20,6 44,0 41,5

Банк секторының қарызы 10 есе өсті. Жылдың ортасында банктің сыртқы міндеттері 20,3 млрд-қа дейін өсті және жалпы сыртқы қарыздың 1/3-ден көбін құрады.
Жалпы сыртқы қарыз 6 айда жан басына шаққанда 2860-тан 3522-ге дейін өсті, ал фирмааралық қарызды қоспағанда 2062 АҚШ долларына дейін өсті. Бірақ бұл жылы жағдай өзгерді. Жалпы сыртқы қарыздың өсу темп

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]