Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстандағы сот жүйесi

Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер — ҚР Конституциясы жене «Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мертебесі туралы» конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.
Аталған соттардың бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың ортақ және бiрегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi қарау және шешу мәселесi бойынша өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді атқарады
Соттарды мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот — бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот — бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы — заңдық күшiне енген сот шешімдерiне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот.
Осындағы соңғы екi инстанция — апелляциялық және қадағалау — соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық— үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау — үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн — жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10-бөлiмiне “Соттың заңды күшiне енген шешімдерiн қайта қарау жөнiнде іс жүргiзу” деген тақырыппен енгiзілді. Сот өндiрісiнде оның алатын орнына және атқаратын мiндетiне қарап, заң әдебиеттерiндегi жаңадан ашылған жағдайларға байланысты iс бойынша өндірiстi қайта бастау сот шешiмдерiн қайта қарау тәсiлдерiнiң бiрiне жатады және оны сот шешiмдерiн қайта қарау сатыларының қатарына жатқызу керек (Ривлин А.А. Пересмотр приговоров в СССР. Государственное издательство юридической литературы. М., 1958. 44-бет) деген пiкiрлермен келiсуiне тура келедi.
Жоғарыда аталған соттар өздерiне берiлген заң шеңберінде бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң “тiк сызығы” бойында орналаса тұрып, бiрiншi инстанциядағы және содан кейiнгi инстанциялардағы сот үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру мiндеттерiн атқарады.
Осынау өзара тығыз байланыстағы тексеру құрылымдарының ең басында апелляциялық саты орналасқан.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесi үшiн бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндiрiс туралы ережелердiң іс жүзінде қолданылу проблемалары кiм-кімдi де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеудi, ең алдымен апелляциялық өндiрiс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.
1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
- соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);
- соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау).
Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуiн ғана: кассациялық шағымдану және наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.
2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот iсін жүргізу меселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады.
Жаңа ереже 46 жене 47-тарауларга топтастырылып, КIЖК-нiң 8-бөлімінен орын алады («Соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау»).
Осындағы 46-тарау «3аңдық күшiне енбеген сот шешімдеріне апелляциялык, кассациялық шағымдану және наразылық бiлдiру> КІЖК қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн 1998 жылдың 1 каңтарынан бастап өмiрге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірiстің негiзгi ережелерiн реттейтiн мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағым - дану және наразылық бiлдiру субъектлері (396-бап) жене шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толыктыру, керi кайтару жөнiндегi олардың құқықтары туралы (402-баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық бiлдiрудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы (398, 399-баптар), шағым беруге, наразыльқ білдiруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібi туралы (400- бап), шағымның берiлгендiгі, наразылықтың бiлдiрiлгендiгi жөнінде тараптарды хабардар ету (401- бап) және iстің қаралатын уакыты мен орны жайлы тараптарды құлақтандыра отырып, iсті апелляциялық инстанциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бiріншi сатыдағы соттың каулысына шағымдану, наразылық бiлдiру туралы (403-бап).
2001 жылдың 11 шiлдесiндегi Заң тараудың тақырыбынан және көрсетiлген баптардың мазмұнынан кассациялық деген сөздi алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiздi:
- 396-бап (Үкiмге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық бiлдiру құқығы) апелляциялык шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкiмдердің катарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының үкiмдерi алып тасталды;
- 397-бап (Заңды күшiне енбеген үкімдерге берiлген шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар) — а) үкiмдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын алқалардың атаулары өзгертiлдi: «сот алқасы» ендiгі жерде «қылмыстық iстер жөніндегi алқа» деп аталады, яғни тиiсінше «облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың...» және «Қазақстан Республикасы Жоарғы сотының...» деген тiркестерге жалғасып жазылады; ә) сот органдарының қатарынан «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы» алып тасталынды; б) бап бiр бөлiкті үш тармактың орнына екі бөлiкке бөлiнген;
- 398-бап (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртiбi) — өзгерiссiз калтырылды;
- 399-бап (Үкiмге шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдері) — «он күннің ішінде» деген сөздер «он тәулiк iшiнде» деп өзгертiлді;
- 400-бап (Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзімдi қалпына келтіру тәртібі) — төрағалық етушi ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың басқа судьясына ауыстыруға байланысты өткізiлген уақытты калпына келтiру жөнiндегі өтiнiшті қарау құқығы туралы толықтьру сақталынды (2000 жылдьң 5 мамырындағы заң);
- 401-бап (Шағым беру және наразылық білдiру туралы хабардар ету) өзгеріссiз калдырылды;
- 402-бап (Шағым берудiң және наразылық бiлдiрудің салдары) -толықтыру мынаны белгiледi:
а) шағым берiлгендегі және наразылық бiлдірілгенi туралы тараптарды бір тәулiк iшiнде хабардар ету; ә) апелляциялық инстанцияда iстi караудың мерзiмі мен орны туралы процеске катысушыларға хабарлауды сотқа мiндеттеу. Прокурордың наразылығын кері қайтарып алуға байланысты жоғары тұрған прокурордың құқығы туралы 2000 жылдың 5 мамырьндағы заңмен енгiзiлген толықтыру сақталды;
- 403-бап (Бірiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдіру) — қаулыларға шағымдануға және наразылық бiлдiруге шектеу қоятын 2- бөлiк «осы кодекстiң 10-бабының екіншi бөлігінде көрсетiлген мәселелер» деген сөздермен толықтырылды, сонымен қатар, шағымдануға және наразылық бiлдіруге жататын каулылардың қатарынан таңдауға, өзгертуге немесе алдын алу шараларын жоюға» байланысты қаулылар алып тасталды, көрсетiлген ережелермен 2000 жылдың 5 мамырындағы заң арқылы толықтырылды. Бұл толықтырулар сақталды;
- 404-бап (Iстi апелляциялық және кассациялық сатыларда караудың шектерi) — істi қараудың тексеру (ревизиялық) тәртібін белгілейтiн норма. Қазіргі кезде ол 2000 жылдың 5 мамырында кабылданған Қазақстан Республикасының «Қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы заңы негiзiнде жұмыс iстейдi. Осы арқылы ҚІЖК-нiң 404-бабының екiншi бөлiгiндегі «осы Кодекстің 417-бабының үшiнші тармағында» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылды.
Жоғарыда аталған өзгертудi толық түсiну үшiн осы норманың 1997 жылы қабылданған ҚР ҚІЖК-де жазылған мәтiнiне назар аударып көрелiк. 404-бап «Iсті апелляциялық және кассациялық сатыларда караудың шектерi» деген тақырыппен «Апелляциялық және кассация

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]