Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары

Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың
педагогикалық теориясы.
Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары
(1828 – 1889)
Н.Г.Чернышевский 1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді үйде алды, орта білімді – діни семинарияда, жоғары білімді – Петербург университетінде.
Петербург университетін бітіргеннен кейін Саратов гимназиясында үш жыл бойы әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Одан кейін Петербургке барып, өзін әдеби-публицистикалық қызметке арнады.
“Современник” журналының жетекшісі қызметін атқарып, ол журналды орыс революцияшыл-демократтарының жауынгер арганына айналдырды. Сонымен қатар журналистік қызметін атқара жүріп, Чернышевский астыртын революциялық жұмысты жүргізді. 1862 жылы ол ұсталып, Петропавл қамалына қамауға алынды, жеті жылға сотталды, одан кейін патша үкіметі бойынша, Сібірге өмірлік жер аудару тұрған болатын-ды.
21 жыл түрме, каторга және жер аударудан кейін Астрахань қаласында тұруға лұқсат етілді, ал 1889 жылы қайтыс болудан бірнеше ай бұрын Саратов қаласына келді. Чернышевский 1889 жылы қазан айында қайтыс болды.
Чернышевский студенттік жылдардың өзінде крепостникалық право және патша үкіметі еңбекшілердің басына түскен ауыртпалық пен бақытсыздықтың негізгі себептері болып табылады, олар прогресстің, ғылымның және ағарту ісінің жаулары деген қорытынға келген болатын-ды. Сонымен қатар бірден-бір дұрыс және сенімді жол, оны жою үшін күрес революциялық жолы болып табылады.
Чернышевский өзінің қызметінде педагогика және тәрбие мәселелеріне ерекше орын бере отырып, оларды материалист және революцияшыл демократ тұрғысынан қарастырды.
Тәриенің ролі мен мәні туралы. Чернышевский былай деді: “Өмір сүретіннің барлығы – материя, материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін емес”. Тәрбие мәселелерін ол материалистік тұрғыдан қарады. Чернышевский жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында басты, шешуші рольді өмір жағдайы, қоршаған орта және тәрбие атқарады деп түсіндірді, бірақ толықтай тұқым қуалаудың ролін жоққа шығармады.
Ол адам жақсы немесе зұлым, жексұрын азамат болып тумайды, жағдайға немесе алған тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Чернышевский адам дамуында тұқым қуалаудың шешуші роль атқаратындығы туралы көзқарастың дұрыс емес екендігін айтты.
Тәрбиенің ролін жоғары бағалай отырып, Чернышевский тәрбие саласында қалыптасқан қолайсыз жағдайды ерекше атап көрсетті. Ол қалыптасқан қоғамдық құрылыс жоғары идеялы адамды, қажырлы күрескерді тәрбиелеуді қамтамас ете алмайды. Ол тәрбие жүйесін түбірімен өзгертуді талап етті.
Революцияшыл демократтар тәрбиенің мақсаты жаңа адамды азаматты, өз отанының патриотын, революцияшыл күрескерді тәрбиелеу деп есептеді. “Баланы тәрбиелегенде деп жазды Н.Г.Чернышевский,- өмірде ол жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, таза адам болу. Бұл бәріне де маңызды. Ең алдымен сөздің шын мағынасында сіздің тәрбиеленушіңіз адам болып шығу үшін қамқорлық жасаңыз”.
Белинский мен Герценнен кейін Чернышевский тәрбиенің мақсатын бірден бір дұрыс анық, тап берді. Адамның жан-жақты дамуы туралы талап Чернышевскийдің адам табиғатына материалистік көзқарасынан туындайды.
Адамды жан-жақты даярлау жүйесінде Чернышевский басты орынды жалпы білім беруге арнады.
Жалпы білім беру өмірде алатын мамандығына қарамастан әрбір адамның болашақ қызметінің берік негіздерін қалауы қажет. Ол – фундамент, оған негізделмеген арнаулы білім беру берік жағдайды ала алмайды.
Чернышевский тәрбиенің жалпы мақсатына сәйкес төрт негізгі бір-бірімен өзара байланысты жалпы білім берудің бөлімдерін атап көрсетті: ақыл-ой, адамгершілік, дене және эстетикалық тәрбие, оның ішінде жетекші орынды шәкірттерді табиғат және қоғам туралы тереңде және жан-жақты білім негіздерімен қаруландыру мақсатын қоятын ақыл-ой тәрбиесіне берді.
Чернышевский адамгершілік тәрбиесінің міндетіне оқушыларда жағымды сезімдер мен ұмтылыстарды, барлық жақсылық пен әдемілікке күшті сүйіспеншілікпен қарауды жатқызды. Адамгершілік тәрбиесі ол отанына және халқына сүйіспеншілік, адамға, еңбек адамына сүйіспеншілікпен қарау, еңбекті сүю, алдына мақсаттар қоя білу қабілеттілігі деп түсінді.
Дене тәрбиесінің Чернышевскийдің пікірінше, өзінің мақсаты оқушылардың дене күштері мен денсаулығын дамыту және нығайту болып табылады. Эстетика туралы Чернышевскийдің материалистік ілімі тұрғысынан эстетикалық тәрбие міндеттері жаңаша қарастырылды. Ол негізінен оқушыларды өмірде кездесетін сұлулықты көре білуге түсіне және сезе білуге, өнердің құралдарын пайдалануға, бұл сұлулықты толық және анық бейнелеуге әкеледі. Эстетикалық тәрбиенің міндеті қажетті құралдарды пайдалана отырып, өмірдегі жағымсызды жамандау болып табылады.
Тәрбие мен білім берудің мазмұны және әдістері. Чернышевский жалпы білім беретін мектепте негізгі пәндерге ана тілін, әдебиетті, тарихты, шет тілдерін, математиканы, физиканы, жаратылыстануды және жағырафияны жатқызды.
Мектепте қандай ма болмасын дінді оқытуға ол үзілді-кесілді қарсы болды. Жалпы білім беруді шектеуге бағытталған кез-келген тенденцияны, оны мамандыққа даярлаумен өзгертуді Чернышевский өте зиянды, реакциялы деп бағалады.
Чернышевскийдің пікірінше, жалпы білім беретін оқу пәндері тек ғана ақыл-ой емес, сонымен қатар оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің фундаментін құрайды. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, негізінен табиғат және адам туралы білімдерді меңгеру үрдісінде іске асады.
Әрбір оқу пәнінің өзінің негзігі ретінде сәйкес ғылымы болады, Чернышевский ғылым мен оқу пәні ұғымдарын бірлікте қарастыруға қарсы болды. Оқу пәні, Чернышевскийдің пікірінше, ешуақытта да ғылымның қарапайым көшірмесіне айналмау керек.
Оқушылардың зерттеуіне арналған әрбір пәні бойынша оқу материалын іріктеу қажет. Дене тәрбиесінде Чернышевский күнбе-күнгі дене жаттығуларына, сонымен қатар серуендеуге ерекше мән берді. Оның геройы Рахметов (“Не істеу керек?” романында) белгіленген режмиді қатаң сақтады, біржүйелі дене жаттығуларымен айналысты, ерікті және берік мінез-құлықты тәрбиелейді – бұл жеке адамның құнды белгілері.
Дене тәрбиесінің өте құнды құралы Чернышевский біруақытта адамгершілік тәрбиесінің құралы болып табылатын дене еңбегі деп есептеледі.
“Не істеу керек?” романында (Вера Павловнаның төртінші түсі) Чернышевский болашақ қоғамның азаматтарының ерікті және қуанышты еңбегінің суретін бейнелейді. Чернышевскийдің бұл романында еңбек адамның моральдық бейнесін өзгертуге қабілетті күш ретінде қарастырылды.
Оқытуды ұйымдастыру, әдістері және тәсілдері оқушылардың әртүрлі білім негіздерін жемісті меңгеруге, рухани күштері мен қабілеттерінің жан-жақты даумына, дұрыс сенімдерінің өсуіне және бекуіне көмектеседі. Ол үшін, Чернышевскийдің көзқарасы бойынша, төмендегілер қажет:
а) материалдық көлемі мен сипатын анықтауда және оқытудың тәсілдерін, оқушылардың ерекшеліктері мен олардың күшін және қабілеттілігін қатаң ескеру;
ә) оқыту мен тәрбие үрдісінде қатаң бірізділікті сақтау;
Әртүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ішінде Чернышевский мұғалімнің көрікті сөзіне, әңгімеге және оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына ерекше орын берді. Ол көбіне оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына ерекше мән берді.
Чернышевский оқу үрдісін көңіл көтерудің құралына айналдыруға қарсы болды. Ол қызықты сабақ беруді тек ғана құрал ретінде қарады, ал негізгі мақсат емес, оқытуда қызығу баяндаудың көңіл көтеретін, тартымды түрлері арқылы іске алады.
Чернышевский оқыту үрдісі тәрбие үрдісі болып табылатындығын бірнеше рет қайталап айтқан болатынды. Оқыту үрдісі мен тәрбие үрдісінің бір-бірімен байланысты екендігін нақты дұрыс түсіндіріп берді.
Мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар мен оқу кітаптарға Чернышевский толықтай сын көзбен талдау жасады. Көптеген оқулықтар мен оқу кітаптарының негізгі кемшілігі, оның пікірінше, біріншіден, мазмұнсыз, құрғақ келеді, екіншіден, олар адамгершілік құрғақ ақыл айтудан тұрады, оқушыларда жалған моральді қалыптастыру мақсатын қояды; үшіншіден оқулықтарда оқиғалар мен деректер қате беріледі, құрғақ, дәмсіз, өте суы мол тілмен түсіндіріледі. Сондықтан да балаларға арналған оқулықтар өте сауатты, әдеби, түсінікті, тартымды, қарапайым, жеңіл тілмен берілуді талап етті.
Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарастары
(1836-1861)
Н.А.Добролюбов Нижний Новгородта 1836 жылы дін қызметкерінің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді ол үйде және діни училищеде алды, орта білімді діни семинарияда, жоғары білімді – Петербургтегі педагогикалық институтты бітірді. Студент кезінен бастап, Добролюбов “Современник” журналының жұмысына қатысып, онда өзінің бірнеше педагогикалық мақалаларын жариялады

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]