Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары

Мемлекеттік басқарудаңы құқықтық реттеу проблемалар жоқ емес. Сол проблемаларды шешу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудегі әкімшілік құқық нормалары экономикалық саласында, әлуметтік-мәдениеттік құрылыс, әкімшілік-саяси құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды әкімшілік құқықтың қазіргі кездегі негізгі проблемаларының қатарына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” жолдауына сәйкес және оның жүзеге асыруға бағытталған Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында” (1) белгіленген маңызды міндеттер жатады.
Олардың ішіндегі маңыздысы – мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлерінің арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдацлар туғызу мақсат етіп қойылған.
Құқық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілігін сақтауға жасалатын бақылау-қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде. Прогрессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерлерде түгелдей орындала бермейді, оларға мемлекеттік аппаратта терең тамыр жайған құқықтық мойын-ұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай кедергі келтіруде.

(1) Егемен Қазақстан 2002ж 3қазан
Қазіргі кездегі ең бір қауіпті құбылыс-бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын негізгі өріс алған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына мемлекеттің конститутциялық негіздеріне қатер төндіруде.
Сондықтан мемлекеттік басқару қызметінде жағымсыз факторларды жою және қызиет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жылдары қабылданған құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің (1), “Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы” (2), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (3) заңдардың, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы кодексінің (4) ерекше маңыздары бар.
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметі “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Респцубликасының (1999ж 23 шілде) заңында (5) белгіленген. Аталған заң- мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден-бір құқықтық акт.
Заң – мемлекеттік лауазым ұғымын пайдалануға енгізіледі, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгілейді, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындайды, мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін белгілейді және мемлекеттік-қызиеттік қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді.

(1) Жеті Жарғы Алматы, 1999, (4) Алматы 2001
(2) ЕгеменҚазақстан 1998ж 30маусым
(3) 1998ж 9шілде, (5) 1999ж 6тамыз
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізінде Конститутция, жоғарыда аталған заң, республиканың өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.
“Мемлекеттік қызмет туралы” заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың “Еңбек туралы” заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен реттелінеді.
2001жылғы 30қаңтарда қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.
Оның негізгі элементі әкімшілік жауаптылық, өкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қаралған нақты әкімшілік-құқықтық санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрін - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.
Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың шараларына жазалаушылық (әкімшілік жаза) функциясы тән. Әкімшілік жазалардың түрлері Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 45- бабында белгіленген:
• Ескерту жасау
• Әкімшілік айып пұл салу
• Заттың өтемін төлеп алып қою
• Тәркілеу
• Арнаулы құқықтан (лауазым, т.б.) айыру
• Қылмыстық іс қозғау (ӘҚБК) және т.б. жазаларды қолдану арқылы мемлекеттік басқаруда құқықтық реттеу жүргізіледі. Ал осы құқықтық реттеуді бақылайтын және қадағалайтын Сот билігіне жүктелген.










Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекше маңызға ие. Сондықтан оны зерттеу және саралау аса маңызды мәселелердің бірі.
Сонымен, құқықтық реттеу мемлекеттің құқықтық нормаларды шығару әрекеті (уәкілетті органдардың). Осылар арқылы адам жүріс-тұрысының ережелерін, оларды міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді. Бұлар мемлекеттік аппарат пен қоғам мүмкіншілігімен қамтылады. Қоғам өмірінде тәртіптілікті сақтаудағы қоғамдық билік күші – мемлекеттің талабы. Соған қатысты олар әлеуметтік шартталған, негізделген, икемделген, жүйелі түрде ұйымдастырылған және де практикалық түрде қолданыс табу керек.
Қорытындылай келе, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін оған заңдар мен өзге де құқықтық нормалармен қамтамасыз ету керек. Мұнда атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің рөлі зор. Ал оның орындалуын қадағалайтын, бақылайтын (дұрыс және дұрыс еместігін) сот билігі атқарады. Осы үш биліктің ортақтасқан, бір-бірімен байланысының арқасында мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу қамтам асыз етіледі.
Құқықтық реттеуге Қазақстан Республикасы Президентінің де ықпалы күшті. Оның мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің жарғылары мен жарлықтары, басқа да заңдар мен құқықтық нормаларды бекітуі арқылы рөлі айқындалады.
Құқықтық реттеудің маңызды қызметі мен мақсаты болып Қазақстан Республикасында Құқықтық мемлекет құрудағы шаралар жиынтығын топтастыру саналады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]