Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мал шаруашылығы

Кіріспе.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде,өнімнің өзіндік құнын төмендетуде,мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды.жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.Осы ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері шығарылып,жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.Бұлардың қатарында атап айтар болсақ мүйізді ірі қара шаруашылығынды мол ет өнімін беретін қазақтың ақбас сиыры, оңтүстік жерлеріне бейімделген сүтті бағыттағы Әулие ата сиыры қос бағытты өнім беретін етті-сүтті Алатау тұқымы; жылқы шаруашылығында өнімділігі жоғарлатылған жәбі жылқысы, Қостанай жылқысы, республикамыздың климаттық жағдайларына бейімделген Ахалтеке және таза қанды ағылшын жылқыларының тұқымдары;қой шаруашылығында биазы жүн беретін қазақ мериносы, арқар мериносы, солтүстік және оңтүстік қазақ мериностары, биазылау жүн беретін кроссбредті қойлар, цигай қойы,етті майлы тұқымнан қазақтың мол өнім беретін жетілдірілген жергілікті қойлары мен Еділбай қойы,дегерес қойы және т.б. түрлі-түсті қаракөл елтірілерін беретін қаракөл қойлары,үй құстарының бірнеше тұқымдары мен кросстары шығарылды.






Елбасының «2003-2005-ші жылдарды алуды өркендету кезеңі» деп жариялануына байланысты Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға қомақты қаражат бөліну көзделіп отыр.Осыған байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдында асыл тұқымды малдарды көбейтіп,олардан сапалы да мол өнім өндіру міндеттірі тұр. Бұл міндеттерді атқаруда ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын кәсіби мамандардың еңбегі жоғары бағаланады. Бұл оқулықты жазудағы мақсатымыз осындай білікті мамандар дайындаудағы қажеттіліктен туындады.
«Мал шаруашылығын негіздері»оқулығы орта кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарына арналған оқу жоспарларының бағдарламасына сәйкес жазылған, негізінен фермерлермен орта буын мамандарына арналады.
«Мал шаруашылығы негіздері»оқулығы бірнеше тараулардан тұрады. Алғашқы тарауы ауыл шаруашылығы малдарының анатомиясы мен физиологиясы негіздеріне арналған, бұл тарауда мал ағзасының құрылысымен қызметі туралы баяндалады. Екінші тарауда мал өсіру негіздері,малдың шығу тегі, өсуі мен жетілу заңдылықтары, малдарды іріктеу, сұрыптау жолдары және т.б. жазылған. Үшінші тарауда ауыл шаруашылығының малдарын азықтандыру негіздері, жем-шөптің нәрлілігі мен сіңімділігі,жем-шөптің түрлері,олардың сапасын анықтау жолдары,малдарды мөлшерлеп азықтандыру негіздері баяндалады.Төртінші тарауда ауыл шаруашылығы малдарын күтіп бағуға қойылатын зоогигиена талаптары мен мал ауруларының түрлері,олардың болу сеептері мен болдырмау жолдары туралы жазылған. Келесі тарауларды жеке мал шаруашылы түліктерін өсіру негіздері,ауыл шаруашылық малдары мен құстарының түрлері, тұқымдары, оларды азықтандыру мен күтіп-бағу ерекшеліктері,өнімдерін өндіру технологиясы баяндалады.
«Мал шаруашылығы негіздері» оқулығында әр тарауда теориялық матаериялдар мен бірге зертқаналық-машықтану сабақтарын өткізудің үлгілері,соңында тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтары берілген.Оқу материалын жақсы меңгеру үшін суреттер мен кестелер бейнеленген.










Ауыл шаруашылық малдарының ішкі мүшелері мен жүйелері.
Қан айналым жүйесі.
Қан-бұл көп жасушалы ағзалардың барлық жасушалары,ұлпалары мен мүшелерінің тіршілігіне қажетті ерекшелігі бар сұйық.Жасушаларда зат алмасыуын сақтау үшін қан оларға қажетті нәрлі затар мен оттегіні беріп,олардан ыдыраған заттарды алып кетеді.Жылу интенсивті жинақтаған мүшелерден өте отырып,қан қызады,ал өкпе мен терінің түтікшелерінен өткенде жылудың бір бөлігін сыртқа шығарады,сүйтіп жылуды реттеу қызметін атқарады.Қан биологиялық күшті заттардың әсерінен өткере отырып (мысалы,гормондар) әр түрлі мүшелер мен жүйелер арасындағы өзара байланысты ұлпа аралық және жасуша аралық кеңістікте орналасқан лимфалар арқылы жүзеге асады.Қан плазма мен формалы элементтер-эритроциттер,лейкоциттер ж\е тромбоситтер


































Ауыл шаруашылық малдарының ішкі мүшелерінің
құрылысымен танысу.
Зертханалық жұмыс.

Жүрек және қан тамырының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Малдың жүрегінің құрылысы және қан айналу жүйкеғсімен танысу.
Қажетті оқу-құралдары мен жабдықтар.Ірі қара мал мен жылқының жүгектерінің муляждары мен суреттері.
Жұмыстың орындалу тәртібі.Жүректің муляжы арқылы жүректің құрылысымен танысу.Жүректің қарыншалары мен жүрекшелерінің орналасуы,жүрек қан тамырлары,сала,көк қан тамырларымен танысу.Сурет арқылы қан айналымының үлкен және кіші шеңберлерімен танысу.
Жұмыстың мазмұны.Жүрек малдың сол жағында 3-ші,5-ші,7-ші қаырғалардың аралығында болады,жүрек 2-ге бөлінеді,жүрекшеге және қарыншаға.
Жүректен бірнеше қан тамырлары шығады. Оның біреуі сала тамыр,біреуін көк тамыр деп атайды.Жүректің негізгі қызметі бүкіл денеге қанды айдау.Осыған байланысты кіші және үлкен қан айналу шеңбері бар.Кіші қан айналу шеңбері,оң жақ қарыншадан шығып өкпеге барады.
Өкпеде оттегімен тотығып тазарған қан сол жақтағы жүрекшеге өтеді.Үлкен қан айналым шеңбері солжақтағы жүректің қарыншасынан шығып сала тамыр арқылы бүкіл денеге тарайды.Сөйтіп денедегі көмірқышқыл газдарын көк тамыр арқылы оң жақ жүрекшеге әкеп құяды.























5-сурет. Жүректің құрылысы мен қан айналу шеңбері.
1-оң жақ жүрекше,2-оң жақ қарынша,3-сол жақ жүрекше,4-сол жақ қарынша,5-өкпенің сала тамыры,6-өкпенің көк тамыры,7-өкпенің қыл тамырлары,8-қолқа,9-артқы көк тамыр ,10-алдыңғы тұйық көк тамыр,11- көкіректің лимфатикалық түтікшеші,12-бас пен иық сала тамыры,13-бастық қыл тамырлары,14- алдыңғы аяқ қылтамырлары,15-қабырға аралық салалары,16-лимфатикалық түйіндер,17-лимфатика түтіктері,18-бауыр көктамыры,19-көкткмыр қақпасы,20-бауыр қылтамырлары,21-қарын қылтамырлары,22-көкбауыр қылтамырлары,23-ішек қылтамырлары,24-соқыр ішек,25-бүйрек қылтамырлары,26-құйымшақ қылтамырлары,27- артқы аяқ қылтамырлары,28-жарты айшықты қақпақтар,29-үш құлақты қақпақтар,30-жүректің ішкі қабаты,31-жүректің сыртқы қабаты.

1-тапсырма.Жүректің құрылысының суретін салу.Оң жақ,сол жақ,жүрекшелер мен қарыншалардың орналасуын көрсету.
2-тапсырма.Қан айналымының үлкен және кіші шеңберінің суретін салу.

Бақылау сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылығы малдарында,қанының құрамындағы түйіршіктердің айырмашылығы неде?
2.Эритрациттердің негізгі қызметі?
3.Лейкоциттердің негізгі атқаратын қызметі?
4.Жүректің құрылысы қандай бөліктерден құрылған?
5. Қан тамырларының қандай түрлері бар және олардың негігі атқаратын қызметтері.?
6.Үлкен және кіші қан айналысының жолдары және олардың қызметтері.


















Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]