Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак (3) бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі; оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина (5), А.И. Ковалев және В.П. Привалов (6) қаржылық жағдай үғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капи-талды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады (7).
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-,бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау'.'.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.







Негізгі құралдардың аудиті

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының кұрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
1) негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;
2) негізгі кұралдардың қолда бары мен сақталуы;
3) мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
4) негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
5) негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) - негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі;
6) бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
7) негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б. (9.2.-кесте).
Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:
а) негізгі кұралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты адамдар (МЖА) тағайындапты ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім-шарт жасалды ма;
э) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, МЖА-ға жағдайлар жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма, олар күзет сигнализацияларымен жарақтандырылған ба?
Негізгі құралдардың козғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар аудару керек:
а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан (меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді-активті немесе бәсең-пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;
ә) бастапқы кұнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;
б) кәсіпорынның негізгі кұрал құрамына кірмейтін, 126 шотында бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектілері;
в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;
г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып табылады және т.б.).
Аудитор жабдықтаушы (мердігер) төлейтін ҚҚС-ын есепке ала отырып, негізгі құралдарды өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілуінің дұрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша, негізгі кұралдарды қабылдау-тапсыру актісі мәліметтеріне сай 12 және 10 журнал-ордерде 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]