Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қаржылық қорытынды есеп құрамы.

Қаржылық қорытынды есеп құрамы.
Барлық ұлттық және экономикалық жүйедегі бухгалтерлік есепке тән объектілердің барлығы да бағаланады. Ұйымдар мен тағы басқа құрылымдар меншігінің барлық активтердің түрлерін бағалау, сондай – ақ капитал мен міндеттемелер қозғалысын тұра көрсету және бағалау үшін бағалаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Өз кезенінде тұра қолданылған бағалау әдісі табыстарды, шығындарды және пайданы анықтауға тікелей әсер етеді.
Ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының барлығы да бір нүктеге- пайда түсіру мақсатына бағытталған. Алайда түскен пайданы бағалау әр елде әр түрлі әдістермен іске асырылады. Пайданың мөлшерін активтерді бағалау және бұлардың құнын есептеу бірнеше тәсілдер арқылы анықталады.
Өнім өндіру процесін, айналыс сыртындағы активтерді сатып алу мен құрау, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатудан түскен табыс, осының барлығына жұмсалған шығындар құндық бағалау арқылы есепке алынады. Бағалау процесінің негізділігіне және дәлдігіне байланысты қаржылық қорытындының шындығы немесе тұнықтығы есептелініп шығарылады.
Активтерді, меншікті капитал және міндеттемелерді, қаржылық қорытындының басқа да элементтерін бағалау ақшалай өлшеммен өлшенетіндігін есте сақтаған жөн. Жоғарыда көрсетілген қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау мүмкіндігі, бұлардың базалық бастапқы құны дәлме дәл қойылған жағдайда ғана дұрыс анықталып отырады. Біздер қаржылық есепке тән барлық объектілер әр түрлі дәрежеде және әр түрлі ауыстыруларға байланысты бағалаудың бірнеше әдістерін білеміз. Олар: бастапқы, қалдық, ағымдағы немесе әділетті, нарықтық, келтірілген құн,сату құны сияқты әдістер.
Бастапқы құн деп- тарихи немесе нақтылы өзіндік құнды айтамыз. Активтердің немесе осы және басқа да есеп объектілерін бағалаудағы нақтылы бағадағы өзіндік құнды бастапқы құн деп айтамыз. Нақтылы өзіндік құн активтерді сатып алуға немесе бұларды ұйымдардың өз күшімен дайындауға жұмсалған шығындар сомасының жиынтығынан тұрады. Бастапқы құн негінен қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау үшін қолданылады.
Бастапқы құн объективті құн. Мұның өзі бірдей құқтағы серіктестіктердің немесе бәсекеге қатысушы жақтардың өзара келіскен әрекетінің негізінде туындайды. Сатушы жақ сатуға түскен объектіге жұмсаған шығынының орнын толтырып, ең төмен сомада болсын әйтеуір пайда табуды мақсат тұтады. Сатып алушы жақ сатып алған есеп объектілері алдағы кезеңде табыс алуды қамтамассыз ететін бағадан жоғары бағаны қолданбауды мақсат тұтады. Сондықтан есеп объектілерінің бастапқы құны сұраныс пен ұсыныстан теңестірілген сату әрекеттері орындалған сәттегі ағымдағы нарықтық құнға сәйкес келеді.
Активтерді бастапқы құнмен бағалу бұлардың ұйымдарға қандай жолдармен түскендігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтерді кіріске алу әдістері төмендегіше ажыратылады:
- ақшаға сатып алу;
- ұйымдардың өзінде дайындау;
- өсім малдарын негізгі табынға көшіру;
- жарғылық капиталға үлес қосу есебінен;
- сыйға тарту келісіміне сай ақша алмай беру;
Ақша бірлігінің сатып алу қасиеті өзгермейтін тұрақты жағдайда активтерді сатып алудағы бастапқы құн- есеп ақпараттарын пайдаланушылар көзқарасы тұрғысынан қарағанда балаудың ең сенімді әдісі болып табылады.
Бұл жерде айта кететін мәселе- ло ұйымдардың үздіксіздік қызмет атқару принципіактивтер мен міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережелерінің туындауын қамтамассыз етіп отырады.
Ұйымдардың активтері жалпы ережеге байланысты екі рет бағаланады:
1)активтерді кіріске алған кезде;2)бұларды есептен шығарған кезде. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдар меншігіндегі активтер сатылып алынған және осы ұйым құрылған кездегі бұлардың тарихи құнымен, яғни бастапқыдағы сатып алу немесе нақтылы өзіндік құнымен бағаланады.
Тарихи құн бухгалтерлік бағалаудың негізгі сипарында басқа бағалауларға қарағанда сенімді дәрежені көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі өзіндік құн принципінің талабына сай өзіндік құнды анықтау мейлінше объективтілікті, ал нарықтық құнмен бағалау субъективтілікті көрсетеді.
Сондықтан объективтік тұрғыдағы нарықтық құн немесе нарықтық бағаны қолдану активтерді сату процесінде жиі қолданылады.
Міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережесі де үздіксіздік принципке негізделген. Міндеттемелер көздері де активті қаражаттарға айырбасталған кезде тарихи бағамен бағаланады. Айырбастау процесінде өолданылған тартхт баға қатысушы жақтардың келісіміне сай белгіленеді. Мысалға, келісім шартта көрсетілген тауарлы- материалды босалқыларды алған кезде алушы ұйым тауарлы-материалды босалқылар құнын төлеу жөнінде құндылықтар қоюшы ұйым алдында міндеттеме қабылдайды. Осы операцияның негізінде қабылданған міндеттеменнің мөлшері алынған ТМҚ сомасымен бірдей дәрежеде болады.
Ұйымға түскен активтер мен міндеттемелердің сомасына сай тарихи құн қалыптасады. Яғни сатып алудағы нақтылы өзіндік құн сомасы активтер мен міндеттемелердің «тарихи» құнының бастапқы негізін құрайды.
Бастапқы құнмен бағалау әдісі көпшілік жағдайда басқа да бағалау әдістерімен қисынды түрде ұштастырылып қолданылады. Мысалға, ұзақ мерзімді сипаттағы активтер өз құнын амортизация есептеу арқылы төмендетіп отырады. Амортизацияланған активтер бухгалтерлік баланста қалдық құнымен, яғри бұлардың бастапқы құнынан есептелінген амортизациялық соманы шегергендегі қалған сомамен көрсетіледі.
Қалпынакелтірілген құн. Активтер жұмсалған ақша қаражаты сомасы немесе бұлардың эквивалентімен есепке алынып бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде қалпына келтіру құны қолданылып, пайдаланудағы негізгі құралдар қалпына келтіру құнымен бағаланып көрсетіледі.
Әр жылдағы құнсыздану прцесінің пайда болуына байланысты негізгі құралдардың басқыда көрсетілген құны едәуір төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан негізгі құралдар әр кезеңде қайта бағаланып, бұлардың қайта бағаланғандығы құнын қалпына келтіру құн деп аталынып, бухгалтерлік баласқа жазылып отырады. Егер негізгі құралдар өздерінің бастапқыдағы өндіргіштік қасиетін сақтаоған жағдайда, қалпына келтіру қолданылады.
Бухгалтерлік есеп ережесіне тән қайта бағалаланғандағы негізгі құралдардың объектілерінің құнына қосымша қосылған сомалар ұйым активтерінің құрамында көрсетіліп жазылады, ал негізгі құралдар активтерінің бастапқы құны төмендетілген жағдайдағы сомалар шығындар счетына жазылады. Міндеттемелерді бағалау бұларды қабылдап алу кезіндегі уақытта жарияланған Қазақстан Ркһеспубликасы Ұлттық банкісінің валюталық курсына сай бағаланады.
Сатудағы мүмкін болатын немесе сатудың құны. Қалыпты жағдайда және қазіргі
уақытта активтерді сатудан түсетін түсімдер ақшалай өлшеммен немесе бұлардың эквиваленттерінің сомасымен бағаланып, активтер құрамында көрсетіледі. Сатудың құны терминін қолдану арқылы орын алған ұтымдылықтың дәрежесін анықтауға да болады. Сатудың құнын анықтайтын сома материалды объектілерді жоюдың мерзімі келген кезде анықталады. Басқаша айтқанда активтерді мүмкіндігінше сатуда ұтымды бағамен сатқан кездегі түсетін соманы айтуға болады. Сату нәтижесіндегі таза сату құн барлық сатуға байланысты жұмсалған шығындарды бастапқы құн сомасынан шегергендегі қалған сома- сатылған құн деп аталынады.
Нарықтық құн деп базарлы саудаға түскен активтерді сату нәтижесінде алынған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз. Бірқатар активтер мен міндеттемелер нарықтық бағамен немесе тарихи бағаның ең төменгі дәрежесімен және ағымдағы нарықтық бағамен балануы мүмкін. Нарықтық құн немсе осы кездегі базарлы саудаға түскен физикалық және технологиялық бірдей қасиеттегі ұқсас мүліктердің құны арнайы құжаттар рәсімдеу арқылы немесе сараптаушы эксперттердің бағалануымен анықталып бекітіледі.
Әділеттік құн. Бұл терминмен ХҚЕС бір біріне тәуелді емес. Ол бірінің қаржылық жағдайын бірі жақсы түсінетін танымал жақтардың әрекетке түсуінің нәтижесінде қолданылады. Тұрақты рыног жағдайында әділеттілік құнмен активтер сатып алған кезде қолдалынатын бағалаудың бұл түрін нарықтық құнмен ауыстыруға болады.
Айта кететін мәселе : орыс тіліне аударылған оқулықтар мен оқу құралдарына бағалаудың бұл түрі- анық немесе шын қойылған баға деп аталынған. Қалай аталғанына қарамастан әділеттілік құнды қолдану арқылы әрекетке түсішу жақтар ақша қаражаттарын немесе бұлардың эквиваленттерін активтерге айналдырып, бағалап отыруына болады.
Әділеттілік құн тек қана ұйымдардың үздіксіздік принципі жағдайында ғана қолданылады. Яғни ұйымдар банкротқа ұшырап, жойылмауы және өз қызметінің көлемін қысқартпауы керек.
Активтердің әрқайсысын бағалау. Ең әуелі активтер ағымдағы және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Өтеушілігі жоғары активтерге ақшалар , нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы кезең шығындары, төленбеген счет- фактуралар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен басқа да материалды қаражаттар жатады. Есеп тәжірибесінде ұйымның ақшалары вал

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]